Мәтін түрлері

Дилдабекова  Сандуғаш

Пән мұғалімі: Дилдабекова  Сандуғаш
Пәні, сыныбы: Қазақ тілі      4 «Б»  сынып
Мектеп «Әл-Фараби атындағы  жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ
Сабақтың  тақырыбы Мәтін түрлері
Мақсаты

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Мәтін туралы берілген түсініктерді кеңейте түсу. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру.Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу,  танымдылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Мәтінді түсініп оқуға дағдыланады, сөздік қорлары молаяды,  өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйренеді; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгеруге ынталанады. Көркем, ұқыпты, сауатты жазады.

Сабақтың типі: интегралды сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын-сабақ
Әдіс — тәсілі: модульдік оқыту технологиясы әдістері, СТО әдістері, ойын элементтері, проблемалық ізденіс, талдау.
Көрнекілігі: сабақтың таныстырылымы, бейнежазба, суреттер, қима қағаздар, кесте.

Сабақтың  барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеттері

 

Оқушылардың

әрекеттері

Бағалау

 

Ресурстар

 

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

 

 

 

Психологиялық тренинг

 

 

 

«Сағат тілімен достар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылық

ты ояту

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу

 

 — Балалар, бүгінгі біздің қазақ тілі сабағымызға  қонақтар келіп отыр. Сондықтан қонақтарымызға сәлем беріп,  үш тілде амандасайық.

Cәлеметсіз  бе!

Здравствуйте!

Hello!

Балалар, көңіл-күйлерін жақсы ма?

Сендердің көңіл-күйлеріңді  одан да жақсару үшін барлығыңды сағат тілімен достасуға ортаға шақырамын.

 

-Достасу үшін тақтада  ілініп тұрған кез келген сағаттың суретін таңдандар. Мен уақыт пен қимылдарды айтып отырамын.

 

1.Құшақтасыңдар

2. Басынан сипаңдар

3.Иықтарыңды бір-біріне тигізіңдер.

4.Қол ұстасып 3 рет секіріңдер

5.Аяқтың ұштарың қосыңдар

6.Бір-біріне көздеріңді қысыңдар

7.Бір-біріне қол бұлғандар

8.Күлімсіреңдер

10.Арқасынан қағыңдар

12.Жылы тілек айтыңдар.

-Ал енді көңіл күйлерің қандай ?

 

 

-Балалар, «Балапан» телеарнасынан

«Квест» деген ойынды көресіңдер

ме ?

-Ол қандай ойын ?

-Бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін біз де сендермен «Квест» ойының ойнаймыз. Ол үшін біз сендермен 3 топқа бөлінеміз.

 

Қолдарыңдағы сағаттардың түстеріне  қарай топтарға біріге қойындар.

І топ: қызыл сағаттар

ІІ топ: көк сағаттар

ІІІ топ: күлгін сағаттар.

Топ  ережелерін  қайталау.

Балалар, топ ережелерін қайталап шығайық.

-Сендерді бүгінгі ойынның шарттарымен таныстырып өтейін.

1.Біздің ойынымыздың соңына дейін жету үшін міндетті түрде барлық тапсырмалар тізбектеліп дұрыс орындалу керек.

2.Тапсырмалар осы сыныптың бойында жасырылған. Бұл біздің суасты кемеміз.Сендер оларды тауып алу керексіңдер.

 

 

Қонақтармен  амандасады.

 

 

 

 

 

Ортаға шығады.

 

 

 

 

Сағаттың суретін таңдайды.

 

Әрбір санның жанында жазылған сыныптасының атын оқып, мұғалім

айтқан қимылдарды орындайды.

   

 

 

 

 

 

 

Сағат макеттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен тақырыпты қайталау

 

3.Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға  бір маржан беріледі.Белсенділік танытқан оқушыға қосымша мәржан беріледі. Маржан жинау нәтижесінде сабақтың аяғында  сендер бағаланасыңдар.

-Барлығына сәттілік тілей отыра, сабаққа белсенді қатысып, жақсы нәтижеге жетуді тілектеспін !

-Балалар, өткен сабақта  біз сендермен қандай тақырып өттік ?

Бірінші тапсырма арқылы өткен сабақта алған білімдеріңді қаншалықты есте сақтағандарыңды тексереміз.

Тапсырманы  сынып  бойынан  тауып алу үшін ең алдымн сендер жұмбақтарды шешу керексіңдер.

Сағаттардың  түстері  бойынша топтарға бөлінеді.

 

 

 

 

Ережелерді кеектесіп айтып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс

Мәтін түрлерін

     тақтаға жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтар жасыру.

І топ: Бөлшектерге қара, сана,

Шыққан санды есте сақта.

Кезек келсе  жаңылып қалма,

Жалғастырып сен тез ойна. (Домино)

 

ІІ топ: Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

(Аққала)

ІІІ топ: Үш көзді батыр.

Жолды аңдып жатыр.

(Бағдаршам)

-Жұмбақтың шешуін сынып бөлмесінде тауып алыңдар.

Бағалау: дұрыс жауап үшін маржан беру.

 

Логикалық тапсырма

«Ұқсастығын тап»

 

-Суреттің  сыртында тапсырма беріледі:

І топ:

1.      Домино ойыны мен мәтіннің қандай ұқсастығы бар?

2.      Мәтін деген ?

ІІ топ:

1.       Аққала  мен мәтіннің қандай ұқсастығы бар?

2.      Мәтінің неше бөлігі болады?

ІІІ топ:

1.       Бағдаршам мен мәтіннің ұқсастығын тап.

2.      Мәтінің неше түрі бар ?

Дұрыс жауаптар үшін топ мүшелеріне  маржандар беру.

Сабақтың  мақсатын  айту.

Балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен мәтін түрлері туралы білімдерімізді толықтырамыз. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, ерекшеліктерін  анықтап, оларды  дұрыс құруға үйренеміз.

-Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазамыз.

Келесі тапсырманы алу үшін сұрақтарға жауап беріңдер ?

«Лездік сұрақтар»

І топ:  Мәтінге не қоюға болады ? (ат)

ІІ топ: Әрбір  мәтіннің несі болады ? (негізгі ойы)

ІІІ топ: Әрбір мәтін бойынша не құрастыруға болады? (жоспар)

Бағалау: маржан беру

Жауап-сөздердің бірінші әріптерін анықтау. (А, Н, Ж)

Сынып бойынан әріптерді тауып алындар.  Конвертте жасырынған  тапсырманы орындау.

«Адасып  кеткен  сөйлемдер»

Конвертттегі қима қағаздардан мәтін құрастыру, түрін ажыратып анықтау.

І топ:

Асқар-асқар тауларда бір Арқар өмір сүріпті. Оның сұр қозысы болыпты. Ол енесінің айтқанын тыңдамай, өз бетінше тоғай аралап кетеді. Осылай бір күні ол тоғайдан шығатын жолды таба алмай қалады.

ІІ топ:

Үкі- ірі жыртқыш. Оның арқасы сарғышала немесе сарылау, құрсағы қара ала жолақты, тамағы ақ. Имек тұмсығы мен тырнақтары қара. Оның басында құлаққа ұқсас қауырсындар бар. Үкі қараңғыда жақсы көреді және дыбысты жақсы естиді.

ІІІ топ:

Омартада бал аралары құж-құж қайнайды. Бірі кіріп, бірі шығып жатыр. Кенет бір жас ара далаға ұшып шыға келді.Ол омартадан ұзаған жоқ. Тек әрлі –берлі ұша берді. Қуанышы қойына сыймай жүр. Қуанатын жөні де бар. Өйткені бүгін оның туғанына он сегіз күн толды. Ол ер жетті.

 Бағалау.

Дәптерге мәтін түрлерін жазып алайық

-Мәтін түрінің атауының бірінші әріптептерін анықтайық.

І топ: әңгімелеу мәтіні  (Ә)

ІІ топ: сипаттау мәтіні  (С)

ІІІ топ пайымдау мәтіні  (П)

«Галлереяға саяхат»

-Сынып бойынан  Ә, С, П  әріптеріне қатысты суреттер тауып алыңдар.

Осы бейнелерді үш тілде атап шығындар.

Әтеш- петух- cock

Піл- слон- elephant

Сиыр – корова- cow

Бағалау.

-Суреттің астында берілген тірек сөздерді пайдалана отыра, сурет бойынша 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар.

І топ: Піл туралы пайымдау мәтінін

ІІ топ: Сиыр туралы әңгімелеу

мәтінін

ІІІ топ: Әтеш туралы сипаттау мәтінін

Құрастырған мәтінді әрқайсын бір-бір сөйлемнен оқыңдар.

Бағалау,

Жұмбақты

шешеді. Тиісті суретті тауып алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттегі бейне мен мәтін ұғымын салыстырады. Ұқсастығын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конверттегі қима қағаздарды ретпен орналастырып, желімдейді.Оқиды. Мәтін түрін анықтайды.

Ережені айтады.

Дәлелдейді.

 

 

 

Сөйлемдерді кезектесіп оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді үш тілде айтады, еске сақтайды.

 

 

 

 

 

Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастырады.

 

 

 

Құрастырған мәтінді оқиды.

Сергіту сәті

(1 мин)

Балалар,  тапсырмаларда кездескен  жануарлармен  би билегілерің келе ме ?

 «Жануарлар биі»

Дәптермен жұмыс

 

Ой  толғаныс

— Енді осы құрастырған мәтінді дәптерге жазып алыңдар.

 

 

Ойын шарты бойынша  ойыншылар  барлық тапсырмалардың жауаптарын   жинақтап  қорытынды шығару керек.

Сендерге берілетін соңғы тапсырма : «Кесте  толтыру»

 

Кестенің 3 бағаның толтырады. Үйде кестенің төртінші бағаны толтырылады.

Мәтіннің түрі Ереже Сұрағы Мысал
Әңгімелеу Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндала

тын, хабарлана

тын мәтін 

Не болды ?  
Сипаттау Заттың немесе құбылыстың сын-сипаты берілген 

 мәтін 

Қандай?  
Пайымдау Оқиға, құбылыстар

дың себебін дәлелдейтін мәтін 

Неге ?  

— Балалар, мәтінмен қандай сабақтарда жұмыс істейміз ?

— Мәтін түрлері не үшін керек?

Бағалау.

Ойынның соңына да келіп жеттік. Барлық топтар жақсы жұмыс  жасадыңдар. « Квест» ойынның барлық тапсырмаларын  жақсы орындадыңдар.

 

 

 

Үйге тапсырма «Ойын» тақырыбына үш түрлі  мәтіндер  құрастыру. Кестені аяқтау.

 

Күнделіктеріне жазып алады.

 

Бағалау Балалар, жинаған маржандарды санаңдар.

Егер сендер 6-7 маржан жинасаңдар «5» деген бағаға ие боласыңдар, 5- 4 –«4» бағасына ие боласыңдар, 3 немесе 2 маржанға «3» деген баға қойылады.

Жиынтық бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Үлгерімі төмен оқушыларды жоғары жетістіктерге жетелеу.

Жинаған маржандарды санайды. Маржандар саны бойынша өзіне баға қояды.

 

 

 

 

Кері байланыс Мектеп — кеме, білім – теңіз.

Бүгінгі сабақта осы теңіздің бір тамшы суы сендердің бойларыңа сініп, білімдеріне білім қосылды деп сенемін.

Алдарында жатқан қайықтың желкенін  қажетті түске бояп, сабақтан алған әсерлеріңді білдіріңдер.

-Осымен біздің сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар !

До свидания!

Good bye!

 

 

 

Қажетті  қарындашпен қайықтың желкенін бояйды.

Тақтаға шығып іледі, сабақтан алған әсерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

Қонақтармен үш тілде қоштасады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *