Бастауыш сыныптарда математика пәнін қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері

 Елбасының цифрлы Қазақстан Жолдауының жетінші бағытында «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты … жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.»  деп көрсетілгендей, математика пәнін оқытуға және оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға басым назар аударылып отыр. Қазіргі таңда оқушылардың әртүрлі білімдерін көтеру және оқушымен тұрақты байланыс орнату мақсатында жасалған интернет ресурстар мен құралдар жеткілікті. Олардың көпшілігі семинарларда, конференцияларда айтылып, көрсетіліп жүр. Дегенмен бұл ресурстардың басым көпшілігі математикаға бейімделмеген (неге десеңіз, математиканың басқа пәндерден өзіндік ерекшеліктері бар: формула енгізу, графигін салу, т.б.). Соның салдарынан математика сабақтарының көпшілігі дәстүрлі сабақ (оқушылар үшін қызықсыз болуының бір себебі) болып қалып қоюына тікелей әсер етіп отыр. Білім берудегі 5 күндік жүйе оқушының үйден өздігінен сабаққа дайындалуға қажеттілігін туғызып отыр. Әрине үй тапсырмасын көлемді етіп бере салу – мұның шешімі бола алмайды. Әр оқушымен жеке байланыс орнатып, өз деңгейіне сай тақырыптық сұрақтар дайындау, сонымен қатар, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру мұғалім міндетіне жүктеліп отыр.

Қашықтықтан оқыту жүйесі бұрында білім алушылардың таңдауы бойынша әр түрлі себептермен жүзеге асырылып келген. Ал қазіргі таңда елімізге түскен қиындыққа қарамастан білім саласы өз ісін тоқтатпай қашықтықтан оқытуда барлық техника мен жаңа технологияларды қолдана отырып, білім алушыларға үздіксіз білім беруде. Еліміздің білім және ғылым минстрі Асхат Аймағанбетовтің білім саласындағы әрбір шешімі оң нәтиже беруде. Күнделікті өткізіліп жатқан вебинарлар мен семинарлар, әр түрлі қиындықтармен олқылықтарды түзету барысында жасалынып жатқан іс-шаралардың барлығыда қашықтықтан әр түрлі платформалардың көмегімен іске асуда.

Атап айтсақ: Zoom, online mektep сияқты тікелей эфирге шығу арқылы іске асуда. Жалпы білім беретін мектептерде Zoom, online mektep, Сфера, электронды почтамен жұмыс жасады.  Мектеп оқушыларының жас ерекшелігін, елді мекенде тұратынын, интернет желісімен техникаларды ескере отырып көптеген оқушыларға whatsApp желісі арқылы жұмыс жасау ыңғайлы болды. Дегенмен білімді елдің білікті ұстаздары, оқытушылары әр түрлі платформада жұмыс жасай білді. Кейіннен өздерінің техникалық сауаттылығын арттырып түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдана білді.

Қашықтықтан білім беруде көбінесе ақпараттық коммуникативтік құралдарға барлық ұстаздар жүгінді десем артық айтқаным емес. Себебі қашықтықтан білім беру талабы осы технологияларды жетік меңгеруге үйретті, біраз қиыншылықтар болғанымен, біз ұстаздар қашықтықтан білім беруді жылдам үйрендік десек те болады.

Қолданылған құрал жабдықтар: смарт телефондар, компьютер, ноутбук, планшет. Электронды оқулықтар, интернет желісі әрине қалам дәптерлер.

  1. Оқушылардың мүмкіндігін ескеру:

Электронды почта— Барлық мұғалімдермен шәкірттердің ақпарат алмасуға болатын тамаша жүйе.

WhatsApp – топ құрылуы керек. Сұрақ жауап алмасып, онлайн режимді сабақтарды уақытында белгілеуге , дискуссия жасап, бір шешімге келуге, топпен пікір талас жасауға ыңғайлы жүйе.

Telegram –чат өте ыңғайлы телефон жадысын толтырмайды, фото видео сапаларының сақталуы жақсы, көптеген артықшылықтары бар қосымша.

Zoom— қосымшасын телефон, ноутбук , компьютерге жүктеп алу арқылы қолданады. Бұл видео конференция жүргізуге ыңғайлы платформа.

Google classroom— жазбаша тапсырма алмасуға өте ыңғайлы платформа. Бірнеше мұғалім бірігіп жасауға болатын, бірнеше функциялары біріктірілген ұтымды платформа.

Instagram мен Facebook – парақшаларына комментарий қалдыру немесе тікелей эфирге шығуға қолайлы жүйелер.

Әр оқытушы өзінің білім алушыларына қандай платформада жұмыс жасау ыңғайлы екенін таңдап алған дұрыс. Сол кезде ғана ол өзінің жұмысын жоспарлы түрде іске асыра алады.

Математика сабағын дәстүрлі емес әрі қашықтықтан оқыту оңай жұмыс емес екенін барлығымыз жақсы білеміз. Дегенмен стандартты орындау, оқушыға сапалы білім беруге міндеттіміз.

Математика сабағын түсіндіру үшін әр мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда. Бірі слайд жасап түсіндірсе екіншісі WhatsApp желісі арқылы видео, аудио жіберіп жатты. Ал кейбірі BilimLand платформасындағы дайын тапсырмаларды берсе тағы біреулер телесабақтармен маршуттық парақтармен жұмыс жасап жатты.

Әрине бұл платформалардың барлығын қолдана отырып оқушылардың білімін арттыру үшін жасаған ұстаздардың еңбегі ерен. Дегенмен оқушылар өз ұстаздарының бет бейнесін көріп дауысын есту оларға басқаша әсер қалдыратыны сөзсіз.

Сондықтан сабақ барысында жаңа тақырыптың тақырыбын ашу үшін Қараевтің модульдік технологиясын қолданып трек сызба бойынша модуль жасап тақырыпты ашуға әрекет ету. Ол үшін тақырыпты ашатын бірнеше сұрақтар қою, сол сұрақтарға жауаптар табу арқылы жаңа сабақтарды талдауға болады.

Тапсырмаларды орындату үшінгі қолданылатын әдіс –тәсілдерін жүзеге асыру бағдарламалары:

  1. Bilimland тапсырмалары –бұл сабақты бекітуге, білімді тиянақтауға қолдануға болады. Бұл жерде бірнеше тапсырмалар беріледі. Оқушылар кім қанша тапсырманы жасады яғни сабақты қаншалықты түсінген түсінбегенін соңында қорытынды  бөліміне қарап біле алатындығымен ерекшеленеді.
  2. com бағдарламасы-бұл бағдарламамен тест тапсырмаларды орындатуға болады. Бұл сабақты қорытындылауға қолдануға болады. Яғни бірнеше дұрыс жауабы бар тестпен жұмыс жасауға болады.

3.Оқушыларға кері байланыс жасау үшінгі қолдануға қажетті смайликтерді жасау.

Смартфон телефондағы дайын смайликтерден басқа өзіңнің бет бейнеңмен әр түрлі смайликті өз қалауыңызша жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Математика сабағын қашықтықтан оқытуда тиімді әрі қол жетімді бағдарламаларды қолданып, оқушылармен дер кезінде кері байланыс жасап отыру дұрыс деп санаймын.

Қашықтықтан оқыту мен оқу үшінгі платформалар мен бағдарламалар оқытушылармен оқушылардың техникалық, ақпараттық құзыреттілігін арттырды.

Сонымен қатар АКТ сауаттылығы артып әр түрлі ресурстармен жұмыс жасауға үйренді. Жоғары сынып оқушылары теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді үйренді.

Математика  пәнін қашықтықтан білім беру аясында:

  • Ұстаздар қашықтықтан білім беру арқылы оқушылардың бірегей қабілетін дамытуға бағытталған айрықша тиімді әдістерді пайдаланады;
  • Оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге баулиды;
  • Ойшыл ретінде оқушылардың өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне жауап іздеп, жаңа алған білімдері мен бұрынғы білімдерін байланыстырады;
  • Кездескен қиындықтарды шешу жолында балаламалы шешімдер қабылдап, қиын мәселелерді жаңалық ашу жолындағы мүмкіндіктер деп қабылдайды.

Математика пәнін қашықтықтан білім берудің кемшіліктері:

  • Орындалатын кейбір есептер үйде тақтаның болмауына байланысты орындалмауы; (тақтада орындалатын есептер, оқушының математикалық қабілеттілігін арттырады деп есептеймін)
  • Кейбір оқушылардың қалаулары бойынша есептерді шығаруы. Бұл оқушылардың жауапсыздығына алып келеді.(берілген есептердің қиындарын оқушылар тастап кетіп жатты)
  • Әр оқушы өз бетінше орындайтын болғандықтан есептердің шешуін бірінен-бірі көшіріп жазу орын алады.

Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы оқушының жұмыстарын, жеке қызығушыларын ескереді. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтан оқыту кезінде интеративтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауда үнемі кері байланыс жасалынып отыру тиіс.

Білім сапасы – оқытушылар қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ облыстардың әдістемелік кабинеттері тарапынан өткізіліп жатқан көптеген қысқа және ұзақ мерзімді курстар, деңгейлік курстар, орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстарының педагогтердің кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауындағы маңызы өте зор.

Қазіргі таңда біліктілік арттыру курстары түгелімен онлайн режимде өткізіліп жатыр. Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар  мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты сабақ беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырды. Сөз соңында айтарым, мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың  да жауапкершілігін арттырады.

            Сөз сонында айтарым қашықтықтан оқыту арқылы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың денсаулығын сақтап қана қоймай, осы карантиннің созылып кетпеуіне, оқушыларымыздың сапалы білім алуына зор үлесін қосып жатқан еліміздің барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 1997

2.Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях Республики Казахстан в 2015 -2016 учебном году. Инструктивно-методическое письмо. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 232 с.

3.О педагогической архитектуре системы управления обучением (LMS).– Алматы: АО «Национальный центр информатизации», . 2011. — 22 с.

  1. Қашықтықтан білім беру ресурстары, ғаламтор материалдары

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *