Бүгін қай күн

Тақырыбы: Бүгін қай күн?
Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманың мазмұнын тұсіну; музыкалық көркемдік құралдарды (динамика, дыбыстың жоғарылығын), музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауға талпындыру. Имандылық-инабаттылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: жұмбақ, тақпақ, өлеңдер арқылы апта күндері, оның аталуы, күнтізбе жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.
Отбасындағы дәстүрлер (жұма — қасиетті, киелі күн), демалыс күндерінің өткізілуі туралы әңгімелесу; фотосурет көрмесін ұйымдастыру.
Іс-әрекет кезеңі:
Өлең оқу
Дүйсенбіде — басы ауырып жатты,
Сейсенбіде — іші ауырды қатты,
Сәрсенбіде — аяғы ақсады,
Бейсенбіде — азу тісі қақсады,
Жұма күні жөтел қысып,
Сенбі күні тобығы тайыпты…
Ал жексенбіде құлан-таза айықты!..
Сонда оның сырқатын
Қалай атау лайықты?
«Кеше, бүгін, ертең, одан арғы күн» ұғымдарын меңгерту.
Ән тыңдау. «Рондо-марш». Д. Кабалевский.
— Бұл музыка қалай аталады?
— Музыка қандай көңіл күйде жазылған?
— Марш музыкасымен қандай қимыл жасауға болады?
_ Дұрыс айтасыңдар, бұл музыка әуенімен тізені көтере, қолды сермеп, басты, арқаны тік ұстап, сарбаздар секілді жүру керек. Д. Кабалевский — композитор, балалар туралы көптеген шығармалар, әндер жазған. Жеңіл би музыкаларын, көңілді әндерін өздерің секілді балаларға арнаған.
Ән айту. «Бүгін қай күн?» С. Мұхамеджанов.
— Балалар, кім күн аттарын атап береді?
— Жеті күнді қалай атаймыз?
— Бүгінгі күнді келер күні қалай деп атаймыз, одан кейінгі күнді ше?
— Өткен күнді қалай дейміз?
Балаларға ән арқылы аптадағы жеті күнді атап, кеше, ертең, арғы күні деген ұғымдарды есте сақтап қалу үшін, қайталатып отыру.
— Ән қалай орындалды?
— Сендерге қай күн көбірек ұнайды?
— Ән айтар алдында денені тік ұстап, дыбыстың кедергісіз шығуына жағдай жасайық.
— Дауыс жаттығуын жасап, дауысты қалыпқа келтіріп, әнді айқайламай, бір-бірімізді тыңдап орындайық.
Психологиялық жаттығу: Қимылды есте сақта. Жаңылтпаш ойын: «Ұшты-ұшты».
Әуенді қимыл-қозғалыс. Марш екпінінде қолға жалаушалар ұстап, музыка әуенімен жаттығулар жасау. Қолды екі жаққа жайып, жоғары көтеру. Екі қолды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу.
Қолды төменнен жоғарыға қарай біртіндеп көтеріп, ортаға жиналу, кері қарай қимыл жасап, қолды біртіндеп түсіру.
Музыка әуенін қимылмен ұштастыра білуге талпынту.Музыкалық аспапта ойнау: Сылдырмақ.Белгілі бір әуеннің ырғағын сылдырмақпен ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Әліппе-дәптермен жұмыс.Қорытынды: Қысқаша күн аттарын атап беріңдер. Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?
Жақсы, белсенді араласқан балаларды ерекше атап өту;
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын күз.
Бағдарламалық мазмұны: Балалардың музыка, пьесаның, аккомпанемент характерін (баяу, сабырлы, мұңды) сезіну, жанрларды ажырата білу қабілетін дамыту. Сюитаның авторлары туралы түсінік беру.
Әнді табиғи дауыспен, мәнді орындауға жетелеу.
Пайдаланылатын құралдар: күз көріністері, табиғи материалдар (жапырақтар, бүршік, жаңғақ, т.б.)
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: күзгі табиғатты бақылау. Күз суреттері, табиғи заттардан қол еңбегі көрмесін ұйымдастыру.
Жұмбақ, тақпақ жаттау. Іс-әрекет кезеңі:
Қара суық тұрады Ызғарлы жел соғады. Дәу қара құс көрінеді, Көзінің жасы төгіледі. Бцл қай кезде болады?
— Күз айларын атаңдар.
— Күзде ауа райы қандай болады?
— Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жапырағын сыпырады, қайыңды жел тонады, Қартайған адам сықылды, қайың енді тоңады. Бцл қай кезде болады?
— Бұл жұмбақта қандай ағаш аталды? Басқа қандай ағаштар болады?
— Құстар мен жануарлар қандай өмір кешеді?
Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Күз. Б. Ерзакович.
— Ән не туралы?
— Ән қалай орындалады?
— Неге сондай мұңлы?
Ән айту. «Күз ырғағы». Д. Ботбаев.
Әнді орындау кезінде музыка ырғағына сәйкес қимыл жасау.
Алтын сары, қызыл, көк… Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Әуенді қимыл-қозғалыс. «Жапырақтар биі». М. Раухвергер.
— Балалар, «Күз ырғағы» әнінің музыкасы бойынша күз ырғағын қандай қимылмен бейнелеуге болады?
— Енді түрлі түсті күзгі жапырақтармен билейміз. Музыкалық-дидактикалық ойын: «Жаңбыр», «Кім тез
жинайды?»
Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.
«Дың-дың» — қоңыраумын, «Дың-дың» — соғыламын, «Дың-дың» — қағыламын.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Күз айы нешеу? Алақандарыңды оңға (солға) қарай шапалақтап көрсетіңдер. Күз қандай? Қимылмен көрсетіңдер. (Музыкамен сүйемелдеу).
Есте сақта! Күз тек суық, ызғарлы желімен, жаңбырымен ғана танымал емес. Жомарт күзбен келесі сабақта танысамыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *