1-сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі

Қалыптастырушы бағалау- бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты- оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған.

1-сыныпта критеалды бағалау жүргізілмейді. Сондықтан, қалыптастырушы бағалау үнемі сабақ үстінде жүргізіліп отырады. Ол әрине, мақтау, мадақтама сөздерімен және де түрлі әдіс тәсілдер арқылы жүргізіледі. Мен өз кезегімде әліппе, математика, жаратылыстану, дүниетану пәндерінен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындап, әр бөлім сайын  реттен сабақ үстінде алып отырамын. Бұл өз кезегінде білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектеседі.Ондағы тапсырмалар бәләм алушыларардың қажеттіліктері мен қабілетін толығымен ашуға жірдемдеседі деп ойлаймын.қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылады.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшелігі:

  • Білім алушылардың деңгейін анықтайды;
  • Білімге деген ынтасын арттырады;
  • Білім алушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жауапкершілігін сезіндіреді;
  • Критериалды бағалауға негіз болады;
  • Тапсырмаларды критерийлер арқылы орындауға үйретеді;
  • Өзін және өзгелерді тиімді , нақты бағалауға дағдыландырады;

Мен өз кезегімде қалыптастырушы бағалаудың күнделікті сабақ үстінде төмендегі әдіс тәсілдерді қолданамын. Олар: «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка», «Екі жұлдыз бір тілек», «Отшашу», «Үш минуттық үзіліс» және ауызша «Жарайсың», «Керемет», «Ғажапсың», «Талпын», «Ұқыпты бол», «Көркем жаз».

Қалыптастырушы бағалау оқудың тиімділігін арттырып, сабақ мақсатына жетуге ықпал етеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *