1 — бөлім: «Жанды табиғат» Тіл және сөйлеу.

Мұғалімнің аты-жөні: Шубаева Н. А.
Пән/Сынып: Қазақ тілі/3-сынып
Мерзімі 2021ж
Тарау немесе бөлім атауы: 1 — бөлім: «Жанды табиғат»
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. (Оқулық 8-9 бет, «Атамұра» баспасы.)
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұраққа жазбаша түрде жауап беру.

Бағалау критерийі: —          Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп,мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді;

—          Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады

Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

 

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты Кезеңдері Тапсырма Тапсырманың мақсаты Бағалау Ресурстар
 1 минут Ұйымдастыру ·         — Сәлеметсіздер ме, балалар!

·         Әлемде сәлемдесудің түрлері өте көп. Кейбір елдің тұрғындары мұрын түйістіру, ым-ишара, қол алысу, иық түйістіру, сәттілік тілеу арқылы сәлемдеседі. Сабақты бастамас бұрын, біз де бір-бірімізбен амандасып, сәттілік тілейікші! Қане, қайталап отырамыз:

Бір, екі, үш

Жымиямыз сәл күліп,

Біз тілейміз сәттілік!

 

Бір-біріне сәттілік тілеу, сөздерді қайталау   Презентация №1-2 бет
7-8 минут Жаңа сабақ 6-жаттығу. Мұқият тыңда.

– Алматы уақыты 9 сағат 15 минут.

– Аузыңды аш, «а-а» де.

– Ыстық самса алыңыз.

– Абайлаңыз, есік жабылады. Келесі аялдама – «Абы лай хан» даңғылы.

– Ойыншықтарыңды тағы да шашып тастаған сың ба?!

– Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Етістік».

 

7-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

—          Балалар, хатты әрі қарай  жалғастырып көрейікші.

—          Жарайсыңдар!

—          Балалар, ені мына кестені толтырыңдар,

Сөйлеу түрі 6-жаттығу 7-жаттығу
Ауызша +  
Жазбаша   +

 

 

Сөйлеу мәнері кімге тән екенін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Мəтін кім жайында айтылғанын анықтайды. Хаттағы негізгі ойды сақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады.

Бағалау критерийлерін ұсыну

1.Мəтінді мұқият тыңдайды.

2.Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтап, дəлелдеулер келтіріп, өз ой қорытындыларын жасай алады.

 

 

Бағалау критерийлерін ұсыну

 

1. Хаттағы негізгі ойды сақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады.

2. Сөйлеудің екі түрін анықтай алады.

 

 

 

Презентация №3-4 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация №5 бет

8 минут

 

 

Тәжірибе https://www.youtube.com/watch?v=DVi1J3SP9uk

Бейнеролик қарау, 9-жаттығу

1.      Қарамен жазылған сөздер мәтіндегі сөйлемдерді байланыстырып тұрғанына назар аудар. Сол сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтып көр.

2.      Алғашқы адамдар суреттердің көмегімен сөйлеудің қай түрін жүзеге асырды? Ойыңмен бөліс.  Ойыңды «Жазбаша сөйлеу бірден пайда болған жоқ» сөйлемімен баста.

 

 

Түсіндерме сөздікпен жұмыс жасайды.

 

Сөйлеудің түрлерін ажыратады

 

Бағалау критерийлерін ұсыну

 

1.      Мәтіндегі сөйлеудің қай түрі екенін анықтай алады.

2.      Мәтін бойынша өз ойынмен бөлісе алады

Презентация №6 бет
3 минут

 

 

Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

Кері байланыс

1.       Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар:

Ауызша тіл адамдардың бір-бірімен ……. арқылы көрінеді

а/ сөйлесуі               б/ ойлауы

ә/ хат жазуы             в/ оқуы

2.       Жазбаша тіл дегеніміз -…..

а/ хабарласу                  б/ ойды қағазға жазу

ә/ пікірлесу                    в/ ойды айту

3.       Ауызша сөйлеу түріне жататын сөйлемді табыңдар:

а/ Хат жаздым

ә/ Телефонмен сөйлестім

б/ Жаттығуды жазбаша орындадым

в/ Интерактивті тақтаға жаздым

4.       Жазбаша сөйлеу түріне жататын сөйлемді табыңдар:

а/ Мен телефонмен сөйлестім

ә/ Досыма хабарлама жаздым

б/Атам мен әжем әңгімелесіп отыр

в/ Ол жиналыс болатынын хабарлады

 

Ережені жаттау

9-бет, 10-жаттығу.

Күз мезгілі бейнеленген сурет бөліктеріне зер салып қара. Осы сурет бойынша 3 сұрақ жаз.

 

 

Тақырыпты меңгергенін анықтау

 

Тест тапсырмасын орындау.

Бағалау критерийлерін ұсыну

 

Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің түрлерін ажыра алады.

Презентация №7-8 -9бет

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *