1ден 20-ға даейінгі сандар

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Жұбанова Нұрай Амантұрқызы

 

Білім беру саласы: Таным

 Бөлімі: ҚМТҚ

 Тақырыбы: 1ден 20-ға даейінгі сандар

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Балаларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу. 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 — ден 20 — ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау. 1 — 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау. 1 — ден 20 — ға дейінгі сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау. Балалар логикалық танымдық тапсырмаларды тез шешуге дағдыланады.

Көркенілік құралдары: Санау материалдары, суреттер, дидактикалық материалдар,видео, слайд

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, санау, сұрақ-жауап, көрнекілік

 Билингвальдық компонент:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әркеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық     Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады. Баяу әуеннің ырғағымен дем аламыз. Балалар іс – әрекетті қайталайды
Ұйымдастыру іздестіру — Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық…

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?

— Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді. — Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
— Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қызыл шарды көрсету.
— Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
— Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз

1 — тапсырма.

1 — ден 20 — ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.

2 — тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 — ден 20 — ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3 — тапсырма. Логикалық есептер
— Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
— Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
— Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 10 құс отыр, оның 2 — уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 8 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма

4 — тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.

Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды.

(Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)

Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)
Сергіту сәті:
«Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі — түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек)

 

 

 

(қыс, көктем, күз, жаз)

 

 

(ақ)

 

(күз)

 

 

 

 

 

 

(көктем)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(ит)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(шаршыға)

Рефлексивті -реттеушілік Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1 — ден 20 — ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс — әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
— Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
— Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Балалар сұрақтарға

 

Күтілетін нәтиже

Білуі қажет:
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.

Күтілетін нәтиже

Білу керек: 1-ден 20-ға дейін сандарды тура және кері санау.

Игеру керек: логикалық есептер, жұмбақтар шешу.

Меңгеру керек: 1-20 ға дейін сандарды дұрыс санауға және де тапсырмаларды дұрыс тиянақты орындауға.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *