«Өрік»

 

Атырау қаласы, Құрманғазы ауданы

«Өркен» бөбекжай балабақшасы

«Құлыншақ» тобы

Тәрбиеші: Атамбекова А.А.

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Өрік»

Мақсаты:балалардың дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу біліктерін қалыптастыру.

1.Білімділігі:Жемістер жайлы түсініктерін кеңейту. Сары түсті бояумен дайын табақша пішініне, өріктің бейнесін сұқ саусақпен салуға үйрету.

2.Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін арттыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

 3.Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету,  түсіндіру, тосын сый, ойын.

Көрнекіліктері мен құралдар:жемістердің суреті, себеттегі муляждар, қапшық, екі бөлікке қиылған жемістер, әр балаға табақшаның суреті, субояқ, сүлгі.

Сөздік жұмыс: өрік

Билингвалды  компонент: өрік-абрикос

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті: Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:

(ведиороликпен көрсету.)

Сәлем, сәлем!

Шапалақ соғайық.

Көкке керіліп,

Аяқты ұстайық,

Айналып тұрайық.

Сәлем жолдайық.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

 

Шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге қайталап, қонақтармен амандасады.

 

 

 

Балаларды ізденушілікке

ұйымдастыру

Тосын сый: -Есік қағылады.

Қоян кіреді, қолында себеті бар.

-Қараңдаршы, балалар бізге қонаққа не келді?

-Қоян, сендерге құр қол келмепті. Қолында себеті бар екен.

-Себеттің ішінде не бар? Кәне, көрейік.

Бұнын бәрін бір сөзбен, біз жемістер деп атаймыз.

-Қалай атаймыз?

Ойын: «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салып, қарамай ішінде қандай жеміс бар екенін айтайық.

-Өте дұрыс балалар. Жемістерді жақсы біледі екенсіңдер.

-Мына жердегі суретке қарайықшы.

Ойын: «Бөлшегін тап»

Үстел үстіндегі екіге бөлінген (алма, өрік, апелсин) жемістерді құрастырып көрейікші.

-Дұрыс балалар!

Өрік-кішкентай дөңгелек. -Дұрыс балалар.

Қазақша өрік, орысша  абрикос дейміз.

Не ол?

Өрік ағашта өседі. Ол жаз мезгілінде піседі.

-Бүгін біз кішкентай дөңгелекті салып үйренеміз.Кәне ауада дөңгелекті салып көрейікші.

-Өріктің түсі қандай?

— Олай болса, балалар бүгін біз өріктің суретін салып үйренеміз.

-Дұрыс балалар, өріктің түсі сары болғандықтан қолымыздың

сұр саусағымыздың ұшын суға батырып, сары түсті субояқ аламыз.

Салынған табақтың ішіне өріктің суретін саламыз.

-Суретті бүгін біз балалар саусақпен саламыз.

Сергіту сәті:

Кел, балалар тұрайық.

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып.

Орнымызды табайық.

Балалар өріктің суретін табақша ішіне салуға кіріседі.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

 

 

-Қоян келді.

 

 

 

-Алма, банан, апелсин, өрік.

-Жемістер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орналастырады.

 

Балалар ауада дөңгелекті көрсетеді.

 

 

-Абрикос.

 

 

 

 

 

 

 

-Сары.

Рефлексия  (орындалған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Сұрақтар қойып тақырыпты қорытады:

-Балалар, бүгін біз ненің суретін салдық?

-Өрікті немен салдыңдар?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Ендеше, «біреу және көп» ойынымен қорытындылау.

Қоян сендерге риза болып кетті. Сендер бәрінде жақсы қатысып, суретті жақсы салдыңдар.

-Енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

(Қош, сау болыңыздар!).

 

 

Сұарқтарға толық жауап береді.

 

 

 

 

Қонақтармен қоштасады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тапсырманы орындайды.

Түсінеді: Өріктің суретін салуды.

Игереді: саусақтың көмегімен сурет салу техникасын

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *