Өрт қауіпсіздігі

Бекеева Гүлжан

Сабақтың тақырыбы: «Өрт-қауіпсіздігі.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту.Өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.,

Дамытушылық:Ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелік:Қоршаған ортаны қорғауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап,көрініс,дидактиқалық ойын.

Көрнекіліктер: слайд, мазмұнды суреттер,видеороликтер.

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздер ме, балалар .

Балалар,бізге қонақтар келген екен,кәне қонақтармен амандасып алайық.

Балалар,бүгінгі тәрбиелік шарамызды шаттық шеңберін орындаумен бастайық.

 Шаттық шеңбері:

    Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз.

Қайырлы күн,қонақтар!

Біз әдепті баламыз.

Қайырлы күн,ұстазым,

Біз көңілді баламыз.

Өте жақсы балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

Бүгінгі тәрбиелік шарамыздың тақырыбы «Өрт қауіпсіздігі» деп аталады.

-Балалар ,біз бүгін өрттің қаншалықты қауіпті және зияны туралы әңгімелеп,өрт қауіпсіздігі ережесімен танысатын боламыз.

Күнделікті өмірде адам баласына  қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі.Сондай жағдайдың күрделісі-ол өрт.

Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас.

Өрт- адамның  өмірі мен денсаулығына,қоғам мен мемлекетке, қоршаған ортаға үлкен материалдық зиян келтіреді.

-Өрттің шығу себептері туралы не білеміз?

-Өрт неден болады?

Өрттің шығу себептерін атап өтсек:

Балалар:

1.Сіреңкемен ойнап,от жақса;
2.Электр құралдарын қосып кетсе;
3.Газды ашық қалдырып немесе тамақ пісіргенде қараусыз қалдырған жағдайда өрт пайда болады.

4.Табиғат аясында от жағып,қараусыз қалдырса.

5.Әртүрлі фейрвергтерді дұрыс пайдалана білмесе.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар. Өрттің шығуының себептері өте көп.

-Өрттің шығу себептері ол өрт қауіпін тудыратын заттармен ойнау, дұрыс пайдалана білмеу және оларды қараусыз қалдыру яғни өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр.

Балалар,енді мына видеороликке назар аударайық.

*«Отпен ойнама,балақай»  

 -Балалар, көрдіңдер ме, кішкентай нәрседен үлкен қауіп болуы мүмкін.

Сіріңке күнделікті өмірде қажет екенін барлығымыз жақсы білеміз.

— Сіріңке бізге не үшін пайдаланамыз?

Балалар:

Сіріңкемен майшамды,газды, отты тұтатамыз.

Тәрбиеші:

-Сонымен қатар cіріңкенің адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да орасан. Балалардың сіріңкемен  ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің  бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. Балалар,осындай жағдайлардан сақ болу үшін сіріңкені тек үлкендердің бақылауымен ғана пайдалану керек екенін еске сақтаңдар.

Тәрбиеші:

Балалар,осы өртті сөндіруге көмек көрсеткен жандарды  кім деп атаймыз?

Балалар:  -Өрт сөндірушілер деп атаймыз.

Тәрбиші:

-Балалар, өрт сөндірушілер, өзінің туған жерін, Отанын,өрт қауіпсіздігінен қорғап, құтқарып,қандай қиыншылық болсада жасқанбайтын, тайсалмайтын, батыл жандар.

-Балалар,енді өрт сөндірушілердің өрт сөндіруге арналған құралдарымен танысайық.

-Қанеки балалар мына суреттерге  назар аударайық .

Мынау арнайы өрт сөндіргіш көлік;Өрт сөндірушілер арнайы көліктермен жүреді.Өрт сөндірушінің машинасының түсі қызыл болады.Себебі  төтенше жағдай кезінде оны  алыстан басқа машиналар көріп,жолда жол беріп,өту үшін.

2.Арнайы киім; Арнайы тігілген киімдер өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды.

3.Арнайы өрт сөндіргіш заттар. Отты сөндіру үшін от сөндіргіш заттар пайдаланылады.

Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?

(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта,ырғақ, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)

Күрекпен құмды атып, өрт сөндіреді.

Мынау көбік толы өртсөндіру балондары.

Шелекпен су шашады.

Ырғақпен жанып жатқан затты аластатады.

Ал, енді қауіпсіздік туралы балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Алтынбек:

Өртпен түтін айнала,

Қарап тұрма жай ғана.

Тез хабар бер 101-ге,

Уақытты сен байлама.

Андрей:

От жақпа күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

Жандарбек

Алыңдар ұғып балалар,

Істері кейде шалалар.

Шырпы, оттық, электрге,

Шама келсе жоламаңдар.

Тәрбиеші:

 — Сонымен өрт болған жағдайда қайда хабарласамыз?

Балалар:

 — 101 номеріне,бұл өрт сөндіру қызыметінің телефон номері.

Тәрбиеші:

-Балалар білесіңдер ме  өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?

(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)

Тәрбиеші:

-Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер жауабын тауып көріңдер.

 

Түймесін басқан,

Сәулесін шашқан. (электр шамы)

 

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киiмдердiң қыртысын,

Бередi тез жазып.    (Үтiк)

 

Аязға толы жәшігім,
Ішінен тамақ тасыдым. (Тоңазытқыш)

Бір үйде тұрады екен

Елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсе-ақ,

Өліп жатыр. (сіріңке)

 

Тәрбиеші:

-Ал, енді мына суретке назар аударайық, бұл жерде нені көріп тұрсыңдар?

Балалар:

-Бұл – газ плитасы.

Тәрбиеші: 

-Газ плитасын біз не үшін пайдаланамыз?

Балалар:

-Газ плитасын, біз шай қайнатып, тамақ пісіруге пайдаланамыз.

Тәрбиеші:

-Көгілдір оттың тұрмыс — тіршілігімізде маңызы зор.
Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Газ плитасын үлкендер ғана пайдаланады. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата — анаңа айтып ескерт. Өйткені ата — анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады. Егер газ ашық қалып,үйге таралған жағдайда сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі шамды жағуға болмайды,себебі ол кезде  өрт шығуы әбден мүмкін. Егер де газ иісі сезілсе үйдің есік — терезелерін ашып, желдету керек.Газ плитасындағы дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыр-маңыз, кету қажет болған жағдайда газды өшіріңіз.
Тәрбиеші: Балалар,мына суреттегі электр шамы.Электр шамын көбіне тәуліктің қай мезгілінде қолданамыз?

Балалар:

-Кеш түскенде және түнде пайдаланамыз.

Пайдасы мен зиянын айтып өтейік.

Электр шамдары кеш түскенде,түнде үйімізді жарық қылады.Түнде   шамдарды жанғыш материалдардан жасалған жабуларды пайдаланып көлеңкелеуге болмайды,себебі қызып өрт шығуы әбден мүмкін.

Тәрбиеші:

Күнделікті тұрмыста тағы бір көп қолданатынымыз — өрт қауіпін тудыратын заттар – бұл электр құралдары.Электр құралдарының түрі өте көп.

-Балалар,электр құралдарын атап өтейік.

Балалар:

-Үтік,тоңазытқыш,теледидар, шаңсорғыш, кір жутын машина,компютер  т.б

Тәрбиеші:

-Балалар,осы заттарды тұрмыстық техника дейміз.Бұл құралдардың барлығы электрдің көмегімен жұмыс істейді.Күнделікті тұрмыста электр құралдарының пайдасы өте көп,балалар осы электр құралдарын пайдаланғанда сақтық шараларын орындамаса,өрт шығу қаупі орын алады.

Бұл электр құралдарын балалар үйдегі үлкендердің көмегімен ғана пайдалануға болады..

Өртті болдырмай,алдын алу үшін мынадай  қауіпсіздік ережелерін біліп, есте сақтаған жөн.

Видеоролик «Өрт қауіпсіздігінің 9 ережесі.»

1.Электр құрылғылары мен сымдарын су қолыңмен ұстама.

2.Розеткамен ойнама,оған бөтен нәрселер тықпа.

3.Электр құрылғыларының шнурын розеткадан тартып алуға болмайды.

4.Үйден шығарда жарықты сөндіріп,электр құралдарын өшір.

5.Сіріңкемен,майшамен және шақпақ оттықпен ойнама.

6.Жанып тұрған плитаны қараусыз қалдырма.

7.Отшашу,педарда,бенгаль оттарынүлкендердің бақылауынсыз қолданба.

8.Ашық,үзіліп тұрған сымдарға жақындама.

 

Сонымен балалар жиі түрде өрттің шығу себептері,ол қосылып, қараусыз қалған электр құралдары болып табылады.Үйден шыққан кезде электр жылытқыш және жарық бергіш құралдардың    өшірілгендігін

тексеріп, көз жеткізген жөн.

Өрт кез-келген жерде және кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін. Сондықтан оған дайын болу керек. Біз сізді түтін мен өрттен құтқарып қалатын қарапайым ережелерді еске сақтауды ұсынамыз.

«Өрт шыққан жағдайда қандай әрекет жасаймыз ?»

«Егер өрт шықса» видеоролик тамашалаймыз

«Өрт шыққан жағдайдағы іс- әрекеттерің»

 

*Өрт шыққанда үрейленбе «101 немесе 112» номеріне қоңырау шал.

*Газ құбырының қақпағын жап.

*Өрт өршімеу үшін терезе мен есікті ашпа.

*Суланған мата арқылы дем алыңыз

*Киіміңіді сулаңыз немесе суланған матаны жамылып алыңыз

*Еденге жақын еңкейіп немесе еңбектеп жүріңіз

*Лифтіні пайдаланбаңыз.

*Ғимараттан шыға алмасаңыз,терезелерді ашып белгі беріңіз

Д/о: «Өрт – тілсіз жау.» Ойын арқылы оттың зияны мен пайдасын ажырата білуге үйрету.-Балалар,алдарыңда бірнеше суреттер берілген,сендер осы суреттерден оттың пайдасы мен зиянын ажыратып, суреттерді топтастыру керек.

            Оттың зияны                       Оттың пайдасы

 

 

 

Қорытынды:

Тәрбиеші:

-Балалар,біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Өрттің шығу себептері туралы не білеміз?

-Егер өрт болған жағдайда қандай нөмерге телефон соғу керек?

Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол өрт қауіпсіздік ережесін  дұрыс сақтамағаннан болады.

Әрдайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап,өрттен сақ болыңыздар!Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермейік.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *