Әлемге саяхат жасайық

Оразбек Сәния 

Әлемге саяхат жасау арқылы басқа таныс емес дүнейлермен танысып, адамның ойлау мен өмірге деген көз қарасын өзгертуге болады. Саяхат жасап өзге елдің мәдинетімен, әдеп-ғұрпымен танысу маған өте қатты ұнайды. Қазіргі заманда саяхатқа шығу өте қарқынды дамып келеді. Мен өзге елің барып, өзіне тән ерекше құбылыстарымен танысуға асықпын. Көп адамдар жұмыс-жұмыс деп ел ,жер көрмей өмірден өтіп кеткен қаншама адамдар бар. Ақша тауып алайын, байғанда барам болмаса қартайғанда балаларым апарып аралатады дейді. Ия қартайғанда бала міндетті ата-анасына қарап ризалығын алу. Бірақ келешекті тіпті ертеңгі күнді ешкім білмейді, болжай да алмайды. Жастық шағыңда ел аралағанға не жетсін, сапарға шыққан адамның ой өрісі кеңиді ,бой жазып өмірге деген талпыныс артады. Менің келешекте 252 елді толығымен араламасамда, кем дегенде 30 мемлекетке бару жоспарымда бар. Әлемге саяхат жасау қазіргі кезде өте қолайлы, бұрынғы замандағы сияқты қайықпен ,жаяу ,атпен жүріп жолға көп уақыт жұмсамайды. Елдер арасында әуе қатынас жүріп жатқандықтан тез әрі қиналмай жетуге болады. Өзге елдің өмір сүру деңгейін,қандай жұмыс істейтіні көріп.Қазақстанда бар ма жоқпа бәрін біліп, Қазақстанға пайдалы болатын жеңіл өнер кәсіптерін әкелуге мүмкіндік береді.Сонда саяхат жасау арқылы өзіңе де ,еліңе де пайда әкелесің. Саяхатты көбісі телефоннан көріп отырады ол да жақсы, бірақ өз көзіңмен көріп қолыңмен ұстағанға не жетсін. Саяхат жасап өзімізді дамытып көз аямызды кеңейтейік, қиналып еңбекпен тапқан ақшаңды өз өміріңді жақсарту үшін жұмсаған сөн себебі саған ешкім айтпайды саяхат жаса, өзге елге бар деп. Сондықтан әлемге саяхат жасау өз қолымызда. 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *