Әке көрген оқ жонар

Мектеп: 

 

1-бөлім. Отан отбасынан басталады

Сабақ  тақырыбы: Әке көрген оқ жонар

 

Күні: Мұғалімнің есімі:

 

Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

6.1.5.1 — тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.2.3.1 — ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

 Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Тірек сөздермен сөйлемдер құрайды, тақырыпты

анықтайды.

 

Оқушылардың басым бөлігі: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізі ойды анықтайды. Ауызша мәтін құрауда хабарлы сөйлем арқылы айтады.

 

Кейбір оқушылар: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Ауызша мәтін құрауда хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтады

 

 

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

 

-Негізгі  ойды тірек сөздер,  жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды.

-Мәтін құрау барысында хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтады

Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым

 

Терминология: тәрбиеле, жауапкершілік, намыс, құрмет

 

Сөз тіркестері: аяулы әкем, асқар тау, шексіз махаббат, қатты сағындым
Құндылықтарды дарыту  

Отбасындағы әкенің орнын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар  

Орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары интербелсенді тақта, ғаламтор

 

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім  

Отбасы, отбасы мүшелері жайлы, отбасылық мереке жайлы біледі.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығулар Ресурстар
Басталуы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларымен амандасамын, түгелдеймін. Топқа бөлінулерін сұраймын.

 

 

 

«Топқа бөліну. «Құрастыру» әдісі арқылы. Қағаздардағы бөлінген

сөздерді құрастырады

 

Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер  (ӘКЕ, АНА)

Топқа бөлініп болған соң «Аквариум» әдісі арқылы өткен сабаққа кері байланыс жасайды. Сыртқы, ішкі шеңберлерге тұрып өткен сабақтар бойынша еске түсіріп, бірінші сыртқы шеңбер айтады, ішкі шеңбер кері байланыс береді. Сосын екі шеңбер ауысады.

ҚБ жұптар бірін-бірі  +,   -,   ! бағалайды.

 

 

Бағалап болған соң белгіленген топтарына отырады.

 

 

 

 

қима

қағаздар

Ортасы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10мин

 

 

Тыңдалым алды тапсырмасы 

Сынып оқушыларына интербелсенді тақтадан  бүгінгі сабақтың тірек сөздерін көрсетемін.

Аяулы әкем, асқар тау, шексіз махаббат, қатты сағындым, уәде беремін

 

Ж.

Тапсырма: Берілген сөз тіркестерін қатыстырып 5 сөйлем құрастырыңдар.

Сөйлемдерді топтағы оқушылардың барлығы орындағанын бақылау мақсатында «Кофе таяқшалары» арқылы сөйлемдерін оқытамын.

Берілген сөз тіркесінің  барлығын қатыстырып сөйлем құраған оқушыға

«Жарайсың», «Ақылдым менің» немесе бармақ арқылы өзімнің қолдауымды білдіремін.  Ал сөйлем құрай алмай отырған оқушының

жанына барып, сөз тіркестерінің аудармасымен беремін

 

 

Оқушылар, қазір бейнебаян көресіңдер. Сол бейнебаянда мына кестеде берілген сұрақтардың жауабы бар. Сондықтан мұқият тыңдаймыз

 

Тыңдалым тапсырмасы.

Интербелсенді тақтадан «Әкеге құрмет»  (2минуттық ) бейнебаянын көрсетемін.

Бейнебаянды көріп болған соң балаларға сабақтың басындағы   тірек сөздермен бейнебаянның қатысы бар ма?

Бейнебаянда не жайында айтылған?

Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың іс әрекеті дұрыс па? т.б жетекші сұрақтар беремін де, кейбір үнсіз отырған оқушылардың атын атап, сұраққа жауап беруін айтамын. Олай болса балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың аты «Әке көрген оқ жонар».  Нәтижесінде оқушылар өздері құраған сөйлемдері әке жайында екенін түсінеді және берілген кестені толтырады.

 

ТЖ.

Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңда.  Кестедегі берілген сұрақтарға жауап бер. Негізгі ойды бір сөйлеммен жаз.

Кестедегі сұрақтардың жауабында, хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері ескерілген. (Сипаттау, баяндау, хабарлау)

 

Сұрақтар Жауаптар Негізгі ой
Мәтін кімнің атынан жазылған?

 

   
Мәтінде автордың қандай сезімдері көрсетілген?

 

 
Әкесі ұлына қандай өсиеттер айтты?  
Әке мен бала арасындағы қандай қатынас байқалады?  

 

Дескриптор     Білім алушы: 

                             -Мәтін мазмұнына қатысты берілген 4  сұраққа жауап             

береді

                            -Мәтіндегі негізгі ойды  айтады

 

 

ҚБ. Дескриптор арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.  

 

Саралау.

       Тапсырманы орындау барысында қабілеті төмен оқушыға, сұрақтар мен жауаптар жазылған кеспе қағазды беремін де сәйкестендір деп тапсырамын.

 1-кеспе. Сәйкестендір

 

Мәтін кімнің атынан жазылған

әкесін сағынған баланың атынан айтылады
Мәтінде автордың қандай сезімдері көрсетілген?

 

әкесіне деген ерекше құрмет, сыйластық, сағыныш сезімдері көрсетіледі
Әкесі ұлына қандай өсиеттер айтты Үлкенді сыйлау, ұрлық жасамау,өтірік айтпау кешірімді болу керек екенін айтты
Әке мен бала арасындағы қандай қатынас байқалады? Әкенің берген ақылына деген үлкен жауапкершілік байқауға болады

 

      Орташа қабілетті оқушы мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, бірақ негізгі ойды анықтай алмай отырса, сол негізгі ойды анықтайтын сөйлемнің сөздерінің орын тәртібін ауыстырып беремін де орнына қой деп тапсырма беремін.

2-кеспе. Сөйлемдерді орын тәртібі арқылы жаз

Сөйлемді орын тәртібі арқылы жаз
тірегі, Әке- қамқоршысы, ақылшысы отбасының

 

 

 

    Қабілеті жоғары оқушы сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойды анықтап қойса, «Әке көрген оқ жонар» деген сөзді қалай түсінесің? Өз ойыңды айт деп  жазылған кеспе қағаз беріп, ауызша өз ойын айтуды тапсырамын.

Берілген  мақалды қалай түсінесің? Өз сөзіңмен ойыңды білдір
 

Әке көрген оқ жонар

 

 

 

Тапсырманы үздік орындаған оқушыға «Жарайсың!» «Өте керемет!»деген сияқты қолдау білдіремін

 

ЖЖ

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

 

«505» әдісі бойынша «Әкемнің ақылы» деген тақырыпта 5 сөйлемнен тұратын  ауызша мәтін құраңдар. Мәтінде хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтыңдар.

Жұптар жазған мәтіндерін ауызша оқиды.

Дескриптор    -тақырып бойынша мәтін құрайды

-хабарлы сөйлемдерді орынды қолданады

— хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтады

ҚБ белгіленген дескриптор арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

интербелсенді тақта

 

кофе таяқшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) 6-сынып, 6-7 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.google.ru/search?q

 

кеспе қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2мин

Қорытындылау. 

Рефлексия. 

төменнен жоғары қарай

мен үйренген 4 мәлімет

мен білген үш мәлімет

менің көбірек білгім келетін 2 мәлімет

есте сақтау керек ең негізі мәлімет

Рефлексия парақшаларын жинап аламын. Үйден тексеремін

 

Үйге тапсырма.

(Келесі сабақпен байланыстыру мақсатында)

Әке, ана туралы мақал-мәтелдер жаттап келіңдер

ғаламтор. Гугл кз

«Massaget»

cайтынан

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *