Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады

Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады

Темиргалиева Айымгул Бейбутовна

Ұстаз деген сөздің өзінде бір қасиетті ұғым жатырғой шіркін! Тардвй болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да,махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ол ұстаз. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін қлы ететін өздері емес,шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күнісізді құшақ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңізбе?! Әрине жоқ,Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған өстазға деген махаббат өлмек емес.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі , болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз,жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сыяпат емес, сіздің тәрбиелі , тәлімді тұлға болғаныңыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *