Ұстаз есімі — мәңгілік

Жәнібекқызы Ардақ

 студент, Yessenov University,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

 

Ұстаз есімі — мәңгілік

 

Дүниедегі ең мамандық атауының төресі — ұстаздық десек қателеспейміз. Себебі, ұстаз алдынан білім алмай кететін жан жоқ, мейлі ол сатушы, медбике тіпті ғалым болсын барлығы осы ұстаздан білім алады. Ұстаз берген тәлім — тәрбие әр адамның өміріне жол сілтер — жарық.

Ұстаз болу — ол оңай нәрсе емес. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз деген балаға тек білім беріп қана қоймай, тәрбиесіне, мінез-құлқына, іс- әрекеттеріне жауап бере отырып, екінші ата-анасындай болу.

Ұстаз туралы қазақ, орыс, грек, француз ойшылдары өздерінің ойларын айтып кеткен. Соның ішінде қазақтың қоғам — қайраткері, ағартушы — ғалым Ахмет Байтұрсынұлы “ұстаз – білім ордасының жаны” деп бағалаған. Ұстаз есімі қай кезде, қай заманда болсын құрметі жоғары болған. Ұстазды құрметтемеген адам — білімді аяққа таптағанмен тең деп көрсеткен.

Әр оқушының  пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі.  Егер оқушы мен ұстаз арасында түсініспеушілік болса,  ол сабақтың қаншалықты қызық болғанымен де баланың оны білуіне құлқы болмайды, сабақты оқығысы да келмейді. Ұстаздар өз елінің  жас болашағына тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді.

Осы бабаларымыздың армандары еліміз тәуелсіздік алып, еркін мемлекет атанғалы іске асуда. Көптеген оқу орындары салынып, онда жауапкершілігі мол, адал, мейірімді және рухани дүниесі бай ұстаздар білім мен тәрбие беруде. Сондықтан бұл күнде ұстаздық мамандық — ең керекті, ең құрметті мамандық. Өйткені олар ата-ананың ғана емес, еліміздің болашағы алдында да жауапты.

Дамыған кез-келген елдерде ұстаз мамандығы әр уақытта бірінші орындағы мамандық. Мысалы, Жапония елінде министр мен ұстаздың  жалақысы бірдей. Ең үздік оқу орнының түлегі сол мамандыққа түседі, ең жоғарғы жалақыны ұстаздар қауымы алады. Ең жақсы жағдай ұстаздарға көрсетілген. Сол үшін де сол елдердің оқу-ағарту ісі қарыштап дамып, ғылым техникасы бізге қуып жеткізбей барады. Сол секілді біздің елімізде де ұстаздық мамандығы жоғары қойылып, дәрежесі мен жалақылары  көтерілуде.

Бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне кіріп, білімнің жаңа жүйесі құрылып жатқан елімізде ұстазға деген сый-құрмет ерекше.

Қорыта айтқанда ұстаз — қарапайым маман иесі болғанымен, олар әрқашан аты үлкен әріппен жазылуға тиісті ұлы тұлға, дара мамандықтың иесі.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *