ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

 

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТЫ
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Кенже Асылжан Досымжанұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің География мұғалімдерін даярлау мамандығының 2 курс студенті. Тараз қ.

Андатпа: Бұл мақалада Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі басты тақырыптардың бірі – адамгершілік тәрбиесін және жеке тұлғаның интеллектуалды дамуында Абай өлеңдері мен қара сөздерінің алатын орнын, ЖОО-да «Педагогика» пәнін оқытуда Абай тағылымдарын пайдалану жолдарын, Абай тағылымдарына арналған «Жүзден жүйрік» интеллектуалды ойынының мазмұны мен жүргізілу ерекшеліктерін, Абай Құнанбайұлының педагогикалық көзқарастарын зерттеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қорытындысын шығару арқылы Абай шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде қолдануды терең ұғыну.Жеке тұлғаның интеллектуалды дамуында Абай өлеңдері мен қара сөздерінің алатын орны мен маңызын ашып көрсету; Абай Құнанбаевтың педагогикалық тағылымдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын анықтау Осы ойларды сараптай отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың жолдарын көрсету.
Кілттік сөздер: Хәкім Абай, рухани ұстаз, ғылым-білім, интелектуал, Абай 175 жылдығы, ұлы дала ұлағаты, педагогикалық көзқарастар, жүзден-жүйрік.

Халықтың Абайы атанған хакім, ойшыл, дана Абай бар мұрасын болашақ ұрпағына,өзі айтқандай «қалаың елі қазағыны» арнаған. Оның бар мұрасы, шығармашылық қызметі, негізгі мұраты-адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің ең биік мағыныас Абайдай ойшылға өте орынды айтылған. Хәкім Абайды ұлтымыздың «Рухани ұстазы » деп санар едім. Себебі Абай өз шығармалары мен ғақияларын, жырларын бүгінгінің жастарына үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызының санасына өнер мен білімді, өмірлік қажет еңбек пен адамгерщілікті, парыз бен қарызді, білім мен тәрбиені мына біздерге жетерліктей мұра ретінде аманат қылып тастап кетті. Ойшыл ақынның педагогикалық көзқарастарының ең басында «толық адам» тұжырымдамасы тұр. Жобаны жазу барысында ақынның өлеңдері мен қара сөздері талданып, Абай тағылымдарына арналган «жүзден жүйрік» интелектуалды ойынның мазмұны мен берерін анықтап, тәжірибиелік-эксперименттер жасап зерттеу еңбектері қарастырылады. Абайдың педагогикалық көзқарастары бала тәрбиесіне негізделген. Абай айтад «Адамның бір қызығы-бала деген» Абай шынышыл Абай бар нәрсенің дөп бағасын береді. Өмірдегі барлық қызықты тек балаға тіреп тастайтынымыз аз емес өмірде қызық көп соның ішіндегі аса жауапты маңыздысы ол бала тәрбиесі. Сондықтан да, көп қызығы демейді, бір қызығы дейді. Соны айтып келеді де «баланы оқытуды жек көрмедім» дейді. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйқтасам деп туады. Екіншісі білсем екен, үйренсем, көрсем екен деп туады» Бұныда Абай айтқан осы екі типтегі баланы қайтіп адам қылмақ керек? Әке балаға сыншы Құнанбайдың өзі Абайға сыншы болған. Сыншы деген сынау емес баланы тану екені айдан анық, баланың мінез құлқын , бейімін тану ол үлкен іс, музыкаға бейім баланы спортқа, спортқа бейім баланы музыкаға бермей бейіміне қарай өз қалауымен айналыстыру, ол қолынан іс келерлік баланы тану дейді.
Абай баланы қалай тәрбиелейді?
Бірінші. Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле дегенге саяды,
Абай айтады:
Өзің үлкен, қылығы бала-шаға,
Балаша мәз болады тамашаға,
Әкесі ұрысса балаға ол да достық,
Баласы ұрысса әкеге жараса ма?
Әкесі үлкен қылығы бала болса балаға не тәрбие беріп жарытуы мүмкін. Оның балам оқы, үйт, бүйт дегенінен не пайда өзі біліммен шаруасы болмаса, газет, кітаптың бетін ашпаса ол балаға тәрбие бола ма? Демек бірінші кезекте өзің жақсы бол, сонда балаң өзі-ақ жақсы болады. Абайдың бала тәрбиесіндегі әуелгі ұстанымы осы. Кез келген даналықтың өзегінен дөп басатын Абайдың даналығына осы тұста тәнті боламыз.
Екінші. Қызықтыр, білімге үйір қыл.
Абай «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша» деп айтады. Біздің айтатынымыз: «Сабағыңды оқыдың ба?», «Бар, сабағыңды оқы», «Қанша алдың бүгін?». Мектепте айтылатыны: «Балалар бүгінгі тақырып осындай. Үйге тапсырма міне».Енді осындай бала ғылымға үйір бола ма? Біз тек баланы бағамен ғана қызықтырамыз, оқысаң бес оқымасаң екі баланы бар қызықтырғанадағы түріміз осы ма? қайта бұл азы Қызықтыру демекші, осы күні не көп, балалардың білім беру жүйесінде ақыл айтатын адам көп. Соған да үңіліп жатамыз. Көп жағдайда орыс ғалымдарының ішінде Шаталовтың, Макаренконың, кейін Эрик Эриксон, Жан Пиаже, Сухомлинскийдің сөзін айтамыз. Ал Абай бұны баяғыда айтып кеткен. Батыстың білім жүйесіндегі методикалардың бәрі қызықтырып оқыту, еркін оқыту, қинамай, шаршатпай оқыту дегенге баса мән береді. Абай айтпақшы, басынан-ақ баланы жүдетпей , алданып үйренсе, үйрене келе өзі ізденіп кетеді дегенді бүгінгі ғалымдардың барі айтып жүр бәрі айтып жүр.
Үшінші. Балаңды бұзба.
Баланың өтірікші су жұқпас болуы неден? Абай айтады: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. балаңды алдағаныңа бір қуанасың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен көресің?». Өтірікші мен сужұқпастың пайда болуының қайда жатқанын осыдан аңғара беріңіз. Бала не біледі дейсің деп, оған өтірік айтуға болмайды. Абай бейне бір біздің «білімсіздігіміздің» үстінен түскендей боп тұрады. Абай айтқандай. Әсілі, сөз – мінезге, мінез – тағдырға айналады. Ауыздың ластығы ол – жанның ластығына апарады. Сондықтан, балаңыз өз қатарының арасында қалай сөйлейді – әр ата-ана оны да қадағалауы керек.
Төртінші. Шын ниет пен оқыту
Бүгінде ата-аналар баланың білімді болуына көп көңіл бөлетіні анық. Шетел асырып та оқытып жатады. Баланың оқығаны дұрыс, дегенмен біз не мақсатпен оқытамыз?. Білімді болсын, өз саласының маманы болсын деп оқытамыз ба ? Қайдам. Бір жерде жылы креслода отырсын, ақша көп табатын қызметте жоғары болсын, бізді үлде мен бүлдеге орасын деген ниет көбіміздегі. Абай да оқытты балаларын. Бірақ, «Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» дейді. Баланы оқытудағы басты нәрсе – біздің ниетіміз екен. Абай да баласы Әбдірахманды шетелге жіберді. Баласын туған еліне қызмет етсе деген, ниет. Сол өзге жұрттан керектісін алып, оның қаңсығын таңсық көріп кетпегеніне риза болады. «Орынсызды айтпаған, Түзу жолдан қайтпаған, Ортасында кәпірдің, Арамынан татпаған» деді Абай. Бұл жерде үлкен ұғым жатыр. Абай Әбдірахманды шетелге жібергенде жүрегіне мықтап тұрып қазақы иммунитетті бойына сіңіртіп жіберді. Сонымен баланы білімге баули отыра тәрбиелеудің Абай айтқан жолдары қайсы? Балаңды емес, әуелі балаңды адам қылғың келсе, ата-ана, өзіңді тәрбиеле. Абай айтып отырған алғашқы нұсқа осы. Баланы еркін ұста, қорқытып, жекіп бірдеңе үйретем деу – бос әуре. Қызықтырып, ындынын ашып, ыждаһатын маздатып үйрет дейді Абай. Жастайынан баланы бұзатын, ойын қулық-сұмдыққа жетелейтін сөз бен іске ықтияр берме. » Баланы білімді қылам десең, жақсы адам қылам десең, Абайша айтқанда «толық адам» қылам десең, әуелі ниетіңді түзе дейді. Абай көрсеткен жол осы. Енді осыны қаншалықты түсінеміз, қаншалықты іске асырамыз? Бұл Абайдың тәрбиесі енді оны жүзеге асыру мына біздің міндет. «Ұлы Дала ұлағаты: Абайдың педагогикалық көзқарасы» жүзден жүйрік интеллектуалды ойынының мақсаты: Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын, педагогикалық ойларын дәріптеп, студент жастарымызды дана Абайдың ұлағаттарымен таныстыру. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ойында жастардың, студенттеріміздің ұлы Абай туралы білім деңгейлерін сараптау. Құмының құны құйма алтыннан қымбат, Ұлы дала ұлағаттары Абай мен әл-Фараби мекендеген ұланғайыр ұлы даланың иесі Ассалаумағалайкум ҚАЗАҚ ЕЛІ! Университет қабырғасында бұрын-сонды болмаған, студент-жастарымыздың, белсенділеріміздің ішіндегі жүйріктерді анықтайтын кез келді. Былтырғы жылы Абай Құнанбайұлы бабамыздың 175 жылдығын атап өттік. Ұлы дала ұлағаты Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, педагогикалық көзқарастарынан білген-түйгендерінізді осы интеллектуалды ойында дәлелдейтін кез келді.
ОЙЫН ШАРТЫ: Қатысушыларымызға Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, педагогикалық ойларынан және де Абай және біз яғни, қазіргі Қазақстандағы, шетелдегі Абай есімімен байланысты нысандардан арнайы 100 ұяшықта жасырынған жүз сұрақ беріледі. Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады әр кезеңде 20 сұрақтан болады. Қатысушымыз бір кезеңде 2 сұраққа жауап беруі тиіс. Дұрыс жауап берген жағдайда келесі кезеңдерге өте береді. Әр кезеңнің сұрақ деңгейі әртүрлі. Бірінші кезеңде жеңіл сұрақтар болса соңғы 5 кезеңде өте ауыр сұрақтар болмақ. Әр сұрақта төрт нұсқа болады, қатысушыларымызда екі жеңілдік бар. Біріншісі «50/50» яғни ұйымдастырушылар қате екі нұсқаны алып тастайды, екіншісі «көрермендерден көмек» бұл жағдайда қатысушымыз ойынға куә болып отырған көрермендерден көмек сұраса болады. Ойында барлық қатысушы болашақ мұғалімдер жақсы нәтиже көрсетті. «Жүзден жүйрік» ойынымыз Абайды басқа қырынан тануға көмектесті. Хәкім Абайдың педагогикалық ойларынан, біздің болашақ ұстаздарымыз өздеріне қажетті мәліметтерді ала алды. Қатысушыларға тиісті марапаттары берілді.Құрметті интелектуалды ойынға қатысқан қатысушылар, көрермендер! Ойынымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Ұлы даламыздың ұлағаты Хәкім Абайды ұлықтап жүрейік!.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын қорытындылау,педагогикалық көзқарастарын зерттеу мақсатында алынған сауалнама.
Сауалнамаға қатысқан студенттер мен оқушылар саны: 45.30 мектеп гимназиясы 15 оқушы. 44 орта мектеп 15 оқушы. М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті 15 студент. Сауалнама жүргізілген нысандар: №30 Мектеп-Гимназиясы, №44 орта мектеп, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті.

№ Сауалнама сұрақтары №30мектеп №44мектеп Университет
1 Сіз 2020 жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы Республикалық көлемде аталып өткенін білесіз бе? Иа-100%
Жоқ-0% Иа-100%
Жоқ-0% Иа -100%
Жоқ-0%
2 Абайдың 45 қара сөзін оқыдыңыз ба? Иа-85%
Жоқ-15% Иа-65%
Жоқ-35% Иа-90%
Жоқ-10
3 Абайдың шын есімін білесіз бе? Иа-95%
Жоқ-5% Иа-80%
Жоқ-20% Иа-97%
Жоқ-3%
4 Абай шығармаларымен таныссыз ба? Иа-97%
Жоқ-3% Иа-90%
Жоқ-10% Иа-100%
Жоқ-0%
5 Абайтану сабағын білім бағдарламасына қоссын ба? Иа-97%
Жоқ-3% Иа-90%
Жоқ-5% Иа-100%
Жоқ-0%
6 Абай жолы романын оқыдыңыз ба? Иа-95%
Жоқ-5% Иа-70%
Жоқ-30% Иа-95%
Жоқ-5%
7 Қорытынды Иа-94%
Жоқ-6% Иа-82%
Жоқ-18% Иа-97%
Жоқ-3%

Қорыта айтқанда менің зерттеу жұмысымда Абай тағыдымдарына, даналығына, шығармашылығына ,педагогикалық көзқарастарына арналған, Абайдың әр шығармасын педагогика сабағындағы әр тақырыпқа сәйкестендіріп тақырыпты ашатындай сол сабақпен Абайды байланыстырып өтуді қарастырдым. Бұл дегеніміз білім берудегі , педагогикада әр сабаққа Абай тағылымдарымен жүйелесек білім беру және тәрбие жұмыстары қалыптасып балаларға үлкен пайдасын тигізетіні сөзсіз. Сондай ақ Абай өмірінен шығармашылығына арналған 100 сұрақ дайындап «Жүзден жүйрік» Интелектуалды ойынын ойлап таптым оны жүзеге асыруға практикада болған 30 мектеп-гимназиясында және өзім оқып жатқан Университетте онлайн форматта өткіздім Және осы «Жүзден жүйрік» ойынын Өскемен қаласында өткен 3 Республикалық «Менің мамндығым-мұғалім» олимпиядасында «Авторлық білім беру ойындары» бойынша 3 дәрежелі орын алды .Абай Құнанбайұлының педагогикалық көзқарастарын зерттеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік сауалнама жұмыстарын жүргізіп оны Жүзден жүйрік ойынын өткізгеннен кейін алғанмын , оның қорытындысы бойынша Жүзден жүйрік өткізген мектеппен өз университетім жоқарғы нәтиже көрсетті ,ал ойын болмаған 44 мектеп төмен нәтиже көрсетті, демек Бұл интелектуалды ойынды білім саласына қолданса Абайды танитындардың қарасы көп болар еді, Бұл ойынды басқада ғұламаларға арнап өткізуге болады. Абайды зертеуші ғалымдар ұлы ақынды халық ұстазы деп біледі. Ақынның шығармашылық қызметі — халықтың рухани қазынасы. Ұстаздық, ойшыл ақынның пікірінше, жастарды ізгілікке, адамгершілікке үйретушілік. Абай халықтың болашағы жастарды адамгершіліктің игі қасиеттеріне тәрбиелеуші үлкендерден ұстаздық шеберлікке лайық қабілет болуын талап етті. Бұл ойын ақын: «Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға…» — деп тұжырымдады. Міне Абайдың педагогикалық көзқарасы осындай.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *