Үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы

Үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы

Спорт адамның дене мүшесіммен қатар рухани әлемі үшін де өте маңызды – деп білемін. Өйткені, кішігірім зерттеуімнің арқасында білгенім, мамандар әлсіз әрі қиындыққа қарсы тұруға қауқары жете бермейтін жандарға бір мезгіл спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған адам спортпен шұғылданса, адам бойында өмір сүруге деген жаңа құлыныс пен тың серпін пайда болады екен. Спорттың осындай ерекше қасиетіне зер салған №49 «Сырдария» ЖББМ КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кауменовтың ұйымдастыруымен сынып жетекшілер апталығында спорттық отбасылық сайыс өткізілді. Спорттық жарысқа ата-аналар мен оқушыларды сынып жетекшілері дайындап, жарыс барысында ауыл тұрғындарының үлкен ықыласына бөленді. Атап айтсам Садиова Ұлбазар, Құлсариева Бейбіт, Абдуллаева Дана, Пайызова Әшіркүл апайларымыздың оқушылары мен ата-аналары жарысқа белсене қатысты.

 Қаладағы адамдарға берілген мүмкіндіктер мен ауыл адамдарының өмір сүру деңгейін әрине салыстыра алмайсың, алайда ауыл тұрғындарының ақ жарқын көңілі бәрінен де қымбат болды. Осы мектеп тарапынан ұйымдастырылған кішігірім отбасылық сайыс ауыл тұрғындарына оң әсерін тигізіп, мектебіміз ауылымыздығ мәдени ошағына айналғандай. Бұған дәлел, мектебімізде өткен жаңа форматтағы ата-аналар жиналысында, ата-аналар тарапынан осындай жарыстардың көптеп өтілуіне ұсыныс жасағандардың қарасы көп болды.Әрине, бұл жағдай мені қатты қуантты, және, ұжым болып, осы мәселені қолға алатын болдық.

 Жарыс барысында орын алған отбасыларға арнайы силықтар мен мақтау қағаздары тапсырылды. Осы өткен іс-шарадан түйгенім, мейлі спорттық сайыс, мейлі шығармашылық сайыс болсын, бір мезгіл ауыл тұрғындарының күйбең тірліктен босап,руани демалуына , мектеп тарапынан қолдау көрсетіп, ата-аналарды іс-шараларға көптеп қатыстыру керек. Бұл жағдай бала мен ата-ана, оқушы мен мұғалім, мұғаліммен ата-ана арасындағы қарым – қатынасты нығайта түспек.

 Ауылымның әр үйі – үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы.

№49 «Сырдария» ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Сәдібекова

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *