Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Тургамбекова Орынбасар Мусаевна

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауда нәтижеге қол жеткізу үшін көптеген жұмыс түрлерін қолдануға болады. Оқушылардың білімді меңгеруі ақпаратты қабылдау, оны түсіну, есте сақтау және қорыту мен жүйелеуден тұрады. Оқу үрдісінде бұл компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болуы қажет. Әр сыныпта қабылдауы баяу оқушылар бары сөзсіз.  Сол себепті ұстаз әр сабақта қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етуі қажет. Осындай оқушылармен жұмыс жасау алдында сыныптан оқушыларды анықтап алып, жұмыс кестесін құру.  Жеке жұмыста тарау тақырыптары бойынша сөздіктермен жұмыс, сөздік қорды молайту мақсатында мәтінде кездескен сөздерге синоним, антоним, омоним табу, сөз тіркесін, сөйлем құрау арқылы жұмыс жасау керек. Мәтін оқушының жас ерекшелігіне және де оқушы деңгейіне сай болуы шарт. Себебі оқу жоспарын қалыпты деңгейде ала алмаған оқушының қызығушылығын жоғалтып алмауымыз керек. Өздігінен жұмыс істеуде қатесін дұрыстауға жеңіл тест, кесте түрінде тапсырмалар қатарын беруге болады. Тапсырма дұрыс орындалған уақытта мақтау сөздері айтылып, қолдау көрсету қажет. Оңай  және қызықты материал дайындадым.

Мен 2022-2023 оқу жылында «Білім мен ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» ғылыми-техникалық бағдарламасын бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру шеңберінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөніндегі жұмыс тобында болдым. Бұл жобаны ҚР Оқу-ағарту Министрлігі  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы ұйымдастырды. Осы жоба аясында Астана қаласы мектептерінің білім сапасын ең төмен көрсеткен №14,31 мектептің 8 орыс сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Білім алушылар үшін авторлық эксперименттік бағдарлама жасап, сабақтар өткіздім. Сабақтарымда «Кубизм», «Ойлан-жұптас-бөліс» әдістерін, кестемен жұмыстарын қолдандым. Өз ойын айтарда «ПОПС» әдісі негізінде, ВЕНН диаграммасын толтыру арқылы тапсырмалар әзірледім. Сабақтың негізгі кезеңінде «Миға шабуыл, Ой қозғау» әдістері тиімді екенін көрсетті. Кері байланыста «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам арқылы бағалау», «Смайликтер арқылы бағалау» әдістері арқылы мақсатқа қол жеткіздім. Оқушыларға ауызша сұрақтар беріп, дұрыс жауаптарын мәтіннен табуын қалыптастырдым. Осы сыныптардың сынып жетекшілерімен тығыз байланыста жұмыс жасадым.

Мұғалім үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуде өзінің шыдамдылығын, төзімділігін, табандылығын көрсете білсе көп нәтиже береді.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *