Қәдірлі мұғалім

Қәдірлі мұғалім

   Жалпы мұғалім деген сөздің ішінде қаншама педагогикалық ұғымдар жатыр десенші. Оқыту мен мұғалімдер адамзатқа ерте заманда-ақ таныс бола бастағанымен,тек жаңа қоғамда,жаңа заманда мұғалімдік ең жақсы таралған мамандықтардың бірі бола бастады. Жүз жыл бұрын халықтың көп бөлігі,тіпті Еуропалықтардың өздері де білім беру мәселесін халықтық және отбасылық педагогикамен шешуге тырысқан болатын. Алт нағыз білім беруге қарапайым халықтың жағдайы келе қоймағаны бізге белгілі. Білім алуға арнайы адам жалдауға адамдардың тек аз бөлігінің ғана патшалар,ақсүйектер сияқты қолы жеткендер немесе арнайы мамандықтар қатты керек болған жағдайларда ғана оқыту туындаған болатын.

  Әр заман тұсында оқыту міндеттері әр-түрлі адамдарға  жүктелді;тәрбиешілерге,молдаларға,мұғалімдерге деген сияқты. Мұғалім қай ғасырда болсын мұғалім деген адамның орны ерекше болып келетіні бізге түсінікті жайт.

 Жалпы мұғалім әлемдегі бірінші ұстаз.Мұғалімдеген ұғымды қалай түсінумізге болады?Мұғалім әр ғасыр өткелінде де өзіңдік орны бар қоғам мүшесі. Ерте замандардың өзіңде мұғалім тұрмақ сөйлеу тілі шықпаған кезде,ең бірінші жазу тілі шыққан болатын. Осы жазу тілінің өзінің біз зерттейтін болсақ адамдар жазу тілін шығарып,сол жазуды үйрету үшінде осы біздің педагогикалық жүйеміз сәл қылтанақтай болсын бастау алды десек қате айтпағанымыз болар еді. Жазу тілі ерте замандарда пайда бола бастады және оны бір-біріне ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жазу тілінде,сөйлеу,тілінде қалыптастырып отырған. Ол замандарда да өз ұстаздары болған. Заманнан-заманға ілесе келіп біздің қоғамға да дін,ислам діні келе бастады. Ислам діні ең ерекше хақ дін.Соған орай қазіргі тілмен айтсақ имам жүйесі қалыптаса бастады. Бұл имам деген сөзді біз неге алып оытрмыз? Өйткені біздің ата-бабамыз берідегі білетін біздің ұлы тұлғаларымыздың өзі осы біз айтып отырған имам,молдалардан сауатын ашқан болатын. Мектеп жоқ,арнайы оқулықтарда басылып шықпаған кезде осы біздің ата-бабаларымыз сауатсыз болып қалмасын деген оймен молдалар сауатын ашқан болатын. Қазіргі тілмен айтқанда ұстаз мәртебесі.1864 жылы алған мектеп ашқан ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин болғаны белгілі. Ашуына себеп болған бірінші кезде Алтынсарин балаларды үйінде оқытқан болатын. Ойлана келе мектептің қатты қажет екеенің түсініп мектеп ашуға талпынған ұлы тұлғаларымыздың бірі бірегейі. Сол кезден бастап ұстаз,мұлалым деген түсінік халық арасында қалыптаса бастады десек те болады.

  Қазіргі заманның мұғалімдері-әр алуан.Қателеспесем осыдан 10-жыл бұрын мұғалім деген түсінік үй аралаушы,қоғамдық жұмыстарға ең бірінші қатарда шығушы,сайлауларда ең бірінші қызметші бітпейтін қағаз бастылық тағы-тағы бар бәрі-бәрі мұғалімнің арқасындағы жүк болды. Сол себептен,өсіп келе жатқан жас ұрпақ мұғалімді қоғамда жай жүрген адам секілді көрінетін. Ал қазіргі кезде,қазіргі сәтте мұғалім,ұстаз деген мамандық иесінің абыройлы,үздік шәкіртерімен,жақсы жалақысы мен көзге ілініп отқан жайы бар. Мамандық таңдайын деп отқан жас түлектердің өзімен сөйлесетін болсаң жартысынан көбі ұстаздық қызмет істегісі келетінің біз байқай аламыз.

  Ұстаз қай заманда болсын абыройлы,даңқты қателесуге болмайтын қоғам мүшесі болып көрінеді. Әрине қателеспейтін пенде де жоқ. Бірақ ұстаз деген ұлы тұлға,ұлы жан,ұлы іс.

 Мұғалім әрқашан мейрімді,қамқор білім бойына сіңген адамзат болуы тиіс. Өкінішке орай ондай болалмай жатқан, мұғалім деген статусқа кір келтіріп жатқан жайттарды да біз жиі естейміз,жиі көреміз.Әрине ондай жайттарда балаларға жақсы тәлім-тәрбие болмайтыны белгілі. Ұстаз деген түзу жолда қадам басатын,шәкірттеріне сол жолмен артынан жүргізетін адам. Ол жолдан өзі тайқып шықса артындағы бәр шәкірті қателіктерге ұрынатыны белгілі. Ұстаз білімді болмай,шәкірттерінен не қайыр?не үміт?Біздің қоғамда да сайрап жататын іздермен жолдардан,бағдаршам секілді,көшіңнен тоқтататын кейбір жандарда ішінен табылатыны өкінішті.

     Ұстаз шәкіртіне білім нәрімен сусындататын білімгер адам. Бала кішкентай,мектеп жасына келгеннен бастап әрине бірінші алдынан әріп деген не екенің үйрететін,жас баланың сауатын ашатын қанша әріп,қанша тыныс белгісі бар,ең бастысы өзіннің қай тілде сөйлеп жүргенің үйрететін әрине аяулы ұстазы. Бір әріп үйреткен ұстазға қалайша басынды иіп тағызып етпеске. Ұстаз деген ұлы тұлға,ұлы жан.Сен үшін уайымдап,сені тұлға қылып жіберейін,өмірге бейімделсін деп сені ойлап,саған жаны ашыған адамға қалайша екінші анаң дей алмайсың. Әрине қазіргі қоғамда бәр жасөспірім балаларға ұстаздары айтады алға жетелейді,қанатын қатайтқысы келеді. Бірақ өкінішке орай көп балалар түсінбегені көңіл көншітпейді. Ұстаз ең биікте отыратын және ешқашан білім нәрін беруге жалықпайтын аяулы тұлға. Мұғалімдер әрқашан алға қарай өрлеп,шәкірттеріңіз,ұстаздан шәкірт озар демекші сіздердің алды болып сіздері қуанышқа бөлесің.Сөзімнің соның кішігірім шумақтармен тәмамдасам:

    Аяулы ұстаз өзіңменен таныстым,

   Апарады жер жүзіне ғарыштың.

   Алға қарап өрле дейді өс дейді,

  Уайымдайды шәкіртім деп арысым.

   Оқы дейді білім нәрін уыста,

  Апарады оқу білім алысқа.

  Ұстазым-ау бет жүзіңе әжімді,

  Салып берді шәкірттерің әр тұста.

 Күнде мейрам мұғалімдік күні ертең,

 Шәкірттерің құттықтайды ізетпен.

 Аман жүрші ұстаздарым қадірлі,

 Білім нәрін бойымызға сіңірген.
Дайрабай Еркебұлан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *