Қыз қуу ойыны

МКҚК №8 «Балбөбек» МДҰ

 Семинар «Қыз қуу ойыны»

 Тәрбиеші : Даулеталина А..

Тәрбиешілерге ұйымдастырылған семинар.

Қыз қуу ойыны.

Мақсаты: Қыз кубикті лақтырып,неше сан түссе сонша қадам аттап қашады. Жігітте кубикті лақтырып, қандай сан түссе шак аттап қуады.

Жетсе қыздың бетін сүйеді,жете алмай қалса қыздың бір шартын орындайды.

Ән айттып немесе би билеп,немесе қыз бір шарт қойып соны орындатады.

Балаларға өткізілсе баланың ой өрісін дамытып,есте сақтау қабілетін арттырады. Кубикті лақтырған сайын сандарды есіне түсіріп,шак аттап, қайталап ,сандарды жаттап алуна көп үлесін қосады.

2.Бәйге

Тәрбиешілерді екі топқа бөліп,кім жүйрік бәйге ойыны ұйымдастырылды.Жеңіске жеткен топ бәйгеге жетті деген сөз.

Сканвор түрінде өткізілді.

1.Қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық бұйымы:(Ұршық)

2.Асыл аналарымыз ұлттық бұйымдарын қыздарына ,келіндеріне қалдырып отырған бұйымның бірі.( Білезік)

3.Ертеде ата- әжелеріміз шәйді ,тамақты немен ішкен. (Тостаған)

4.Жас ұрпақты саналы қылып тәрбиелеу ең бірінші неден басталады.(Отбасы)

5.Қазақтың көне музыкалық аспабы.(Сыбызғы)

6.Қымыздың ашытқысын қалай атайды. (Қор)

7.Қой жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді соның бірі.(Асық жілік)

8.Құдаларға берілетін салт табағы.(Құйрық бауыр)

9.Қыз жасауының басты тұрмыстық бұйымы.(Сандық)

10.Жылқы етінің сорпасын қалқып алатын, қатпайтын май қалай аталады. (Шыртылдақ)

11.Отан қорғаушы күні.(Мамырдың 7- сі )

12.Бұл тек әшекей бұйым ғана емес,әшекейдің тәрбиелік мәні зор.бой жетіп келе жатқан қызына таққан,қызды 40 үйден тыю жасай білген.Ол қандай әшекей. (Шолпы )

  1. Күн мен түннің теңесуімен тұспа тұс келетін қандай мейрам. (Наурыз)

14.Асық ойнында бір асықтың рөлі ерекше ол қандай асық. (Сақа)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *