«Қызықты математика әлемі» (ересек тобы)

Білім беру саласы: таным, коммуникация

Бөлімі: математика негіздері, құрастыру, сөйлеуді дамыту.

Мақсаты:

Білімділік: балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуды жалғастыру,білімдерін  тиянақтау.

Дамытушылық: балалардың зейінін, ойлау қабілетін,  логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды ұжыммен топтасып жұмыс жасауға, бір- біріне деген сыйластыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: көктем, аю, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек

Белингвалды компонент: көктем-весна, аю-медведь, төрбұрыш-четыреугольник, үшбұрыш-треугольник, дөңгелек-круг

Көрнекіліктер: тақта, суреттер, карточкалар, геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілдер: қызықты сәт, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

 

Барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар! Қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті.

Кәне, қонақтармен амандасайық!

Шаттық шеңбері

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен-ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» тілейміз.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

 

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

 

Тәрбиеші: Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Онда жұмбақты мұқият тыңдаңдар

1.Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады,

Айтыңдаршы қарақтарым

Бұл қай мезгілде болады? (көктем)

-Жарайсыңдар!

2.Қорбаңдаған маймақ

Қыс бойы ұйықтайды,

Көктемде оянады (Аю)

Аю келеді

Аю: -Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар көктем келіп ұйқымнан оянып,сыртқа шықсам есігімнің алдында мына қорап жатыр екен, ішінде әр түрлі тапсырмалар бар екен.Соны шеше алмай басым қатты.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?

Бұл тапсырмаларды орындау үшін математика әлеміне сахатқа аттанайық!

Саяхатқа пойызбен барамыз.

-Ой ,балалар қараңдаршы пойыздың вагондары ауысып кетіпті.Оны дұрыстап қойсақ пойыз жүреді.

 

1 тапсырма: «Вагондарды ретімен қой»

Аю: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Бізге әрі қарай жылжу үшін қораптағы тапсырманы орындау керек.

 

2-тапсырма: «Үй жасаймыз»

(әр балаға хатқалтаға салынған геометриялық пішіндер беріледі)

Берілген геометриялық пішіндерден үй құрастыру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

 

3-тапсырма: «Адасқан сандар»

Адасқан сандарды ретімен қою.Тура және кері санау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы аюға ол шаршап қалған сияқты,қане ойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Аю болып қорбаңдап,

Оңға қарай жүрейік

Солға қарай жүрейік

Бір отырып, бір тұрып

Аю болып жүрейік

 

Аю: -Жарайсыңдар балалар! Бойым сергіп,көңілім де көтеріліп қалды.

Тапсырмаларды орындауға дайынмын

 

4-тапсырма: «Логикалық сұрақтар»

1.Апасы Айнұрға дүкеннен төртбұрышты үш доп сатып әперді.Айнұр біреуін Санатқа берді.Айнұрда неше доп қалды.

2.Бір иттің үш құлағы бар

3.Адамда бір көз болады.

4.Ағашта үш қарға отыр еді,оның екеуі ұщып кетті.Ағашта неше қарға  қалды?

5.Есік алдында үш лақ ойнап жүр еді оған тағы екі лақ қосылды.Барлығы неше лақ болды?

 

5-тапсырма: «Санға сәйкес заттарды топтастыр»

( 2саны – 2 алмасы бар сурет)

(3 саны – 3 үй)

 

Аю: Балалар бұл соңғы тапсырма екен.Сендер барлығын орындауға көмектестіңдер.Мен сондай құаныштымын.Маған көмектескендерің үшін мынау силық сендерге.Енді мен орманыма қайтайын.Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Олай болса тобымызға қайтайық.

Қорытынды сұрақтар:

-Балалар бүгін біз қайда бардық?

-Саяхатқа кіммен бірге бардық?

-Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Қандай тапсырмалар орындадыңдар?

Қай тапсыпма сендерге қиын болды?

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық! – келген қонақтармен қоштасады.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *