«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі»

Уызбай Айзада Вагонбайқызы

«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі»

Дамыған елу елдің қатарында болу – еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазақта бұрындары балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады.

Үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға – мұғалім. Өйткені, қазіргі оқушыларымыз өте сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді қалт жібермейді, көгілдір экраннан, интернеттен әлемдегі жаңалықты көңіліне құйып, бойына сіңіреді. Осындай жан-жақты зерделі оқушының кез келген сауалы мен сұрағына жауап беруге мұғалім дайын болу керек. «Беделі жоқ ұстаздың берері де жоқ», – демекші ұстаз қауымын ойландыратын үлкен мәселе – мұғалім мәртебесі, мұғалім құзіреттілігі.

Ұстаз-ұлы есім. Ұстаз-ол білім, ғылым, өнердегі, жалпы адам баласының рухани өміріндегі жанашыр жақыны,тәлім-тәрбие беруші, ақылшы.Осынау қиындығы мен қызығы мол мамандық иесінің өнегелі,өміршең,тәлім-тәрбиесі мол бейнесінің моделі жайында ғұлама ғалым данышпан Әбу-Насыр әл Фарабидің түсінігінде нағыз ұстаз-айтқанын екі еткізбейтін, үстінен ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, ақыл-парасатымен, ерік-жігеріне ешкім тең келе қоймайтын ерекше тұлға. Сондықтан да білімді, жаны ізгі, парасатты ұстазға әр отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, бауыр еті баласын, өз елінің болашақ азаматтарының тағдырын табыс етеді. Ұстаздық қызмет әр оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

 

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

 

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *