Қош, бол, балабақшам!

Ақтөбе қаласы

Балгабаева Жазира Даулет-келдіқызы

 

Тақырыбы: «Қош, бол, балабақшам!»

1-Тәрбиеші:

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым

Бақшамыздан тәрбие алғандарым

Енді міне  ержетіп, бәрің бірге

Достарыңмен мектепке барғыңдарың.

2-Тәрбиеші:

Күлерсіңдер әрқашан  шаттаныңдар

Барлығын да болашаққа аттаңындар

Аттаныңдар, жұптарын жазылмасын

Ешқандай қиындық жолықпасын.

1-Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер

6-жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

2-Тәрбиеші:

Өсті ауыл бойларың

Өсті міне бойларың.

Құтты болсын бүгінгі

Қуанышты тойларың!

1-Тәрбиеші:

Қымбатты, ата-аналар, тәрбиешілер, балалар, қонақтар! Бүгін біздер бірнеше жыл мәпелеп күтіп, тәрбиелеп отырған бүлдіршендіріміз мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

2-Тәрбиеші:

Әрине бұл да үлкент той!

Бірге:

Ендеше тойларымыз құтты болсын!

2-Тәрбиеші:

Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін

Мерекең құтты болсын түлектерім

Қол соғып ортамызға шақырайық

Бүгінгі мерекенің түлектерін

1-Тәрбиеші:

Дей келе  құрметті қонақтар, тәрбиешілер, ата-аналар! Ендеше кішкентай түлектерімізді құрметтеп, қол соғып шапалақтап сахна төріне шақырайық!

(балалар екі жақтан шығады)

Вальс билейді балалар

1-Тәрбиеші:

Ендеше сөз кезегін «Нұр-сұлтан 55» балабақшамыздың  меңгерушіміз Смайлова Гүлмира Бисенбиевнаға беріледі.

1-Тәрбиеші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй -, дей келе

Түлектеріміздің орындауында Хор: «Біз мектепке барамыз»

2-Тәрбиеші:

Балабақша түлектері

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады -, дей келе балаларымызға сөз беріп, жүрек жарды тақпақтарын айтуға ортаға Ибрахим, Алижан, Құдайберген, Омар, Димаш түлектерімізді шақырайық!

2-Тәрбиеші:

Балаларымыз көңілді

Шақырайық ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша!

Ортамызға қыздарымызды «чунга-чанга» биіне шақырамыз!

1-Тәрбиеші:

Ортаға под музыку білім ханшайымы келеді.

  • Сәлеметсіңдерма балалар, мен білім ханшайымымын!

Бұйырса сендер балабақшаны бітіргелі жатырсыңдар, мектеп табалдырығын аттап, білім алуға келесіңдер! Мен сендерге ақ жол тілеуге келдім! Мерекелерің құтты болсын!

Сендер барлықтарын сондай ақылды, білімді, тапқырсыңдар! Мен сендерді өз әлеміме шақырамын! Менің достарым боласыңдар! Бізді алда әлі де биік асулар күтіп тұр! Келісесіңдер ма?!

Жалқаубек:

Ой мында не болып жатыр? Кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар? Әр жақта қызық болып жатыр, кеттік?!

Тәрбиеші: Жалқаубек, сенің мұнын не? Мерекеге дұрыстап киініп келмейсіңбе мұның не?  Білім ханшайымы сияқты әп әдемі қылып киініп келмейсің бе!?

Жалқаубек:  ой мына  білім ханшайымы не істеп жүр? Бар өзің өзінің мектебіне! Балалар менің досым болады. Біздер мектепке бармаймыз! Біздің орнымызға аналарымыз, әжелеріміз оқиды. Басымызды ауыртпаймыз ол үшін.

Тәрбиеші:

қой жалқаубек, біздің балалар мектепке дайын, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр.  Сен апаңнан қалмай жылап жүргенде, бұл балаларымыз білім алып, мектепке дайындалып жүрді.

Жалқаубек: Қане енді көрейік балалардың білімдерін!

Білім ханшайымы ойын ойнатады.

Сандармен ойын.

 

Сұрақ-жауап:

Ағашта 4 алмұрт

Піскен екен тимей құрт

Самат алып екеуін

Қалдарды екен нешеуін?

2

Қазып жүр құмды 5 мысық

Үшеуі жатыр, күн ыстық

Екеуі жүр шомылып

Барлығы қанша санап жүр?

10

Алты қонжық орманға

Бара жатыр қырбаңдап

Бірі олардың шаршады

Жауабың тез айт

5

Білім ханшайымы:

Өте керемет балалар.!

Жалқаубек келеді:  балалар, сендер бұнын барлығын қайдан білесіңдер? Бұл менің ойынымнан да, асығым мен фишкамнан да қызық екен! Менде үйге барып, мектепке дайындалайын, қош сау болыңдар! Күзде мектепте кездескенше қош сау болыңыздар!

Тәрбиеші:

білім ханшайымы саған рахмет, балдарды дұрыс жолға салып жатырсың!

Әліппе келеді:

Саламатсыздарма балалар!

Мен сіздерге дос болуға келдім. Әріптерді көрсетіп, балаларға сұрақ қояды.

Дауысты , дауыссыздарды бөліп айтады.

Жарайсыңдар балалар!жолдарың болсын!

Кім мектепке тез жиналады? Ойын

1-Тәрбиеші:

«Тәрбиеші» әні . Идира, Еркемай, Димаш, Зере, Омар, Муслим

2-тәрбиеші: Тақпақтарға кезек берейік:

(Жантөре, Адина, Амира, Көркем, Айару, Дилара)

2-Тәрбиеші:

Би ұлдар

Ұл балдардың орындауында би қабыл алыңыздар!

2-тәрбиеші:

Құрметті балабақша ұжымы! 3 жыл бірге жүріп, балабақшада тәрбиеленген балаларымыз сіздерге алғыстарын айтқалы жатыр.

Ортаға жүрек жарды тілектерімен түлектерімізді қарсы алайық!

Тәрбиешіге- Индира

меңгерушіге- Муслим

музыка пәнінің мапайына-Зере

Медбике-Ернұр

Биші апайға –Еркемай

тәрбиешіге-Сабина

Барлық апайларға- Еркежан

1-тәрбиеші:

Хор «Тәрбиешілер»

Тақпақ:

( Индира, Еркежан, Еркемай, Айсауле, Зере)

2-тәрбиеші:

Түлектеріміздің орындауында  «До свидание детский сад» әні

(жанторе, сабина, амира, адина, коркем, дилара, айару)

1-тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар!

Біздің тәрбиешілеріміздің орындауында флешмоб қабыл алыңыздар!

2-тәрбиеші:

Біздің түлектеріміздің артынан еріп келе жатырған  бүлдіршінімізді ортаға шақырайық! Алдарыңызда өнер көрсететін «балапан » тобының тәрбиеленушісі Бисембай Ханшайымды ортаға шақырамыз!

Оған Индира ойыншығын береді.

1-тәрбиеші:

Түлектердің орындауында «Қоштасу» әні

2-тәрбиеші:

Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Біздің құрметті ата-аналарымыздың өз өнерлерін көрсетуге ортаға шақырамыз!

1-тәрбиеші:

Біздің  түлектеріміз бен ата-аналарымызды құттықтау үшін ортаға меңгерушіміз Гүлмира Бисенбиевнаны шақырамыз!

Бірінші түлекке, содан соң ата-анасына мақтау қағаздарын беріледі.

2-тәрбиеші:

«Қимай тұрмыз» әні

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *