Қожа Ахмет Ясауи — сопылық поэзияның негізін салушы

Қожа Ахмет Ясауи — сопылық поэзияның негізін салушы

Раджұлы Әліби
Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
7 «
A» сынып оқушысы

Жетекшісі: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Мұсылман əлемі — шексіз əлем. Ал Ислам діні — ғаламшарға тамырын терең жайған көшбасшы діннің бірі. Ислам мен мұсылман əлемінің ұстанымы лаңкестікпен де, экстремизммен де, фундаментализммен де үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Мұсылмандардың киелі кітабы — Құранда жамандықты уағыздайтын сүре немесе аят мүлде кездеспейді.

Құранның 60-сүресінің 8-аятындағы: «Алла дініңе қарсы соғыс ашпаған, баспанаңнан айырмаған адамдарға қайырымды болуға тыйым салмайды. Алла əділетті пенделерді сүйеді», — деген мəнді сөздер ислам дінінің нағыз толерантты дін екенінің нақты дəлелі. Ең бастысы, Алладан Құран түскеннен бері он төрт ғасырдан астам уақыт өтсе де, киелі кітаптағы 114 сүре мен 6346 аяттың бір əрпі де өзгеріске ұшыраған емес. Олар еш уақытта бұрмаланған да емес.

Ислам мəдениетінің казақ жеріндегі ірі ошағы — Сыр бойы, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан (Ясы) қалалары болды. Осы өңірден əл Фараби, Ахмет Ясауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темірдей атағы əлемге жайылған əскербасылары шықты.

Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.

Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X–ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады [1].

Оның 90 мыңдай шəкірт — мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII–XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мəдинада — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет», — деген.

Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері

Тарих табалдырығын аттаған əрбір ұлы адам тек қана еселі еңбек қалдырмайды. Өзі де жұмбақ ғұмыр кешеді. Олардың əрқайсысы өздері өмір сүрген кезеңнің төл перзенті бола тұрып, бір мезгілде ғасырларды көктей алға озып кетуі де, бір мезгілде өзінен бұрын өтіп кеткен көне дəуірлермен іштей үндесіп жатуы да мүмкін…

XII ғасырда Түркістан қаласының орнындағы Ясы атты кішкене қыстақтың Ясы шаһары деп даңқы шығуы Қожа Ахмет Ясауи əулие атымен тікелей байланысты. Өйткені Əзірет Сұлтанның көзі тірісінде-ақ оны киелі адам деп мойындаушылық көп болған. Бұған жұпыны киініп, сəн-салтанаттан аулақ өмір кешуі, ақын болуы, түрік тілінде жазған негізгі шығармасы «Диуани Хикмет» атты керемет кітабының жүрекке жылы тиетін, имандылыққа шақыратын жеке тараулары мен шумақтары, қалың бұқараның аузынан тастамайтын ғазалына айналуы үлкен себепші болған.

Бұған біз келесідей анықтамаларды қосқанды жөн көріп отырмыз:

  1. Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі жайлы құнды деректі оның шəкірті, жолын қуушы, ұстазының жолымен сопылық-дəруіштік поэзияны дамытушы Сүлеймен Бақырғани қалдырған. Оның туған жылы белгісіз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жұрт Хакім ата деп атаған [2; 192].

Сүлеймен Бақырғанидің «Ақыр заман кітабы» жəне «Бибі Мариям кітабы» деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-əңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық-мистикалық ой- пікірлерді уағыздайды. Хакім ата өзінің «Ақыр заман кітабы» атты дастанында былай дейді:

Ысқақ бабтың жұрыны (яраны),

Ибраһим ата құлыны.

Шайқылардың ұлығы,

Шайқым Ахмет Ясауи!

  1. Қожа Ахмет Ясауи туралы ең алғашқы жазылған еңбек Ақсақ Темірдің жорықтарын баяндаған ирандық Шарафаддин Алаяздың (Ғали Иаздидың) «Зафарнама» деген кітабы. Бұл еңбек 1424–1425 жылдары жазылған. Онда Қожа Ахмет туралы: «Темір Сейхуннан өтіп, Ахангаран, Шыназ төңірегінде қыстау үшін тоқтап, əскеріне арнап үй салдырды. Содан кейін «Иассы» ауылына барып, сондағы Иассауи бейітіне зиярат етеді. Иассауидің Мұхаммед-Ханафияға туыстығы бар еді» [3], — дейді.
  2. Мұнан бөлек Қазақстан Ұлттық кітапханасының қорында Ясауи бабамыздың үрім-бұтағын талдайтын шежіре «Нəсабнама» («Насаб-нама») сақталынған. Қожа Ахметтің шыққан тегі жайлы жазылған еңбектердің барлығы осы Маулана Сафи ад-дин Орұң-қойлақы «Насаб-намасындағы» шежірені мойындайды [4].

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *