Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар

Ибрашева Айнаш Раймбековна

Пәні:Қазақстан тарихы

Тобы:1ҚБ-17

Сабақтың тақырыбы :   Қарахан мемлекеті . Қарақытайлар

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып, жаңа технологиялық әдістер  арқылы жұмыс жүргізу.

Дамытушылық : сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, өзіндік пікір   қалыптастыруға үйрету.

Тәрбиелік:  білімгерлердің  туған жерге деген сезімдерін тәрбиелей отырып, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карта, слайд, видео, карта

Пәнаралық байланыс:  мәдениеттану, саясаттану

Күтілетін нәтиже:  білімгерлердің  сабақта алған білімдерін сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша берілген тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру.

Негізгі идеялар

Тақырып туралы өмір тәжирбиесіне сүйену, білімгерлерге көмек беруде ерекшеліктерін ескеру, алынған білімді практикада қолдануды ұйымдастыру.

Тапсырма көздері

  1. Білім биржасы (сұрақ –жауап)

2.Топтық жұмыс  (визуальді лекция )

3.Жұптық жұмыс  («Жұптас-ойлан-бөліс» әдісі (кестемен жұмыс)

Хронологиялық кесте. Сандар сөйлейді.

  1. Жеке жұмыс(Тест)

Сабақтың барысы

І  Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жылы тілек айту.

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

1.1. Білімгерлерге  жағымды ахуал туғызу (2-минут) назарын сабаққа аудару .

1.2. Топқа бөлу ( 2 -минут) Қарахан мемлекеті,Қарақытайлар

Ізгі арманын, үмітін

Бабалардың жалғаймыз!

Білім көкжиегінде

Жалындаймыз, самғаймыз! (хормен айту)

ІІ   Үй тапсырмасын сұрау.

Білім биржасы ( Сұрақ-жауап)

  1. Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (552-603 жж)
  2. Түрік мемлекетінің негізін салушы қаған? (Бумын қаған)
  3. Түрік қағандығының негізгі құрамына қандай тайпалар енген?

(Теле немесе тирек тайпалары)

  1. Түріктердің жоғарғы билеушілерін кім деп атады? (Қаған)
  2. Мұқан қағаннан кейін қандай қаған билік етті? (Тобо қаған)
  3. Түрік қағандығы қашан екіге бөлінді? (603 ж)
  4. Батыс Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (603-704 жж)
  5. Батыс Түрік қағанатын алғашында кім басқарды? (Тардуш қаған)
  6. Батыс Түрік қағанатының астанасы қай қала болды? (Суяб)
  7. Батыс Түрік қағанатының саяси билігі кімдердің кезінде күшейе түсті?

(Шегу мен Тон қаған)

  1. Үшлік қаған қай жылы қытайлармен күресте жеңіске жетті? (704)
  2. Түрік халқының даңқты қолбасшысы кім? (Мұқан қаған)
  3. Түргеш қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (704-756 жж)
  4. Түргеш қағанатының астанасы? (Суяб)
  5. Түргештер туралы алғашқы деректер қай жазбаларда кездеседі?

(Күлтегін ескерткіштері мен  Қытай деректерінде)

  1. Түргештердің кіші ордасы қай қала болды? (Іле бойындағы Күңгіт қаласында)
  2. Түргеш қағанаты неше әкімшіліктен тұрды? (20 әкімшілік)
  3. Сұлу қаған қай жылдары билік еткен? (715-738жж)
  4. Соғдылар қай тілдес халық? (иран тілдес)
  5. Қарлұқ қағанаты қай жылдары өмір сүрген? (756-940)

Жұлдызшалар арқылы өзін-өзі бағалау.

ІІІ     Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.  Сергіту сәті: «Мадақтау» , 5-7 мин

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту,сөз құрастыра білу.

Әр адамның бас әрпіне байланысты,сын есімді жақсы сөздер айтылу керек.Мысалы: Дариға-дарынды,Шұға-шыдамды

 

Топтық жұмыс.  Визуальді лекция. Екі топқа дайын лекция таратылады . Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Екі топ алдындағы мәтінмен таныса отырып, екі топқа бөліп жеке, жұппен, топпен мәтінді оқып талқылайды.

1 топ: Қарахан мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылысы,мәдениеті.

ІІ топ Қарақытай  мемлекеттің саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті. Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді

IV «Жұптас-ойлан-бөліс» әдісі     Жұптық жұмыс (кестемен жұмыс) 

Болған оқиға

1.Сатұқ Боғра -хан Қарахан мемлекетінің негізін қалаған жыл

2.Мұса билігі

3.Ислам діні мемлекеттік дін деп жариялану

4.Қарахан мемлекеті батыс және шығыс иелікке бөлінген жыл

5.Қарақытайлардың Жетісуға басып кірген жыл

1040ж    955ж     942ж    960ж    1141

Хронологиялық жұмыс «САНДАР СӨЙЛЕЙДІ»

  1. «-
  2. 955ж-
  3. 990ж —
  4. 992 ж-
  5. 996 ж –
  6. 999ж.
  7. 1040ж-
  8. 1089ж. –
  9. 1127ж –
  10. 1141ж-

САНДАР СӨЙЛЕЙДІ

  1. 942 ж.- Қарахан мемлекеті құрылды.
  2. 955ж.- Мұса хан билігі орнайды.
  3. 990ж. –Әли Арслан билікке келеді.
  4. 992ж.- Хотан аймағын қарахандар басып алады.
  5. 996 ж. –Мәуереннахр толығымен бағындырылды.
  6. 999ж..- Бұхарды қарахандар басып алады.
  7. 1040ж.-Қарахан мемлекеті екіге бөлінеді.(Бат.Шығыс)
  8. 1089ж. –Селжүк сұлтаны мәлік шах батыс қарахан мемлекетін бағындырады.
  9. 1127ж. – Шығыс хандық қара қытайларға бағынды.
  10. 1141ж.- Қарақытайлар қарахан мемлекетін түгелімен бағындырады.

 

 «Досыңа телефон соқ» ойыны Сабақты бекіту. Топтық жұмыс

Әр топтағы білімгер бір біріне телефон шалу арқылы сұхбаттасады.

  1. Қарахан мемлекетінің негізін салушы. (Сатұқ Боғра хан)
  2. Қарахан мемлекетінің астанасы (Баласағұн қаласы)
  3. Қарахан мемлекетінің территориясын картадан көрсетіңіз?
  4. Қарахандарда билік иесі? (хан)
  5. Иқта дегеніміз не? (жер иеленуің бір түрі)
  6. Иқтадар деген сөз қандай мағына береді? (парысша жер иеленушілер)
  7. Қарахан мемлекетінің батыс иелік территориясы (Мауараннахрды биледі. Орталығы Үзгент, кейін Самарқан болды)
  8. Шығыс иеліктің астанасы (Баласаұн қаласы жанындағы Орда кейін Қашғар қаласы болды)
  9. Ислам дінінің дамуына байланысты салғызған күмбезді ғимараттарды атаңыз? (Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі, Бабаджа хатун кесенесі)
  10. Қарахан сәулетшілерінің ерекешелігін дәріптейтін ғимарат? (Қарахан кесенесі)

Конверт сұрақ

Конвертке әр білімгер бүгінгі сабақ бойынша не түсінгенін осы конверттегі қағазға бір сөз етіп жазу керек. Барлық білімгер  бірге қамтылады. Әр топтан бір білімгер оқып шығады.

Глоссарий – Дәптермен жүмыс

Вақф-мешіттер мен медреселердің жер иелігі.

Иқта- феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесі.

Музари немесе барзигар – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым- салық

Коммендация –жеке басын қорғағаны үшін феодалдың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы.

V   Қорытынды Тест жұмысы Жеке жұмыс

  1. Қарахан мемлекетіндегі жоғарғы өкімет билігі

а) ілік хан б)хан в) бектер г) тегіндер

  1. Қарахан мемлекетінің негізін салушы:

а)Оғұлшақ б)Үшлік в)Сатұқ Боғра г) Сұлу хан

3.Дінбасылар мен әскербасыларға берілген жер қалай аталды?

а)вақфтық жерлер б)иқта в)коммендация г)даруға

  1. Сатұқ Боғра ханның баласы Мұсаның билікке келген жыл

а) 955ж б)915ж в)945ж г)965ж

  1. Шығыс хандығының астанасы:

а) Мауаранахр б)Қашғар в)Самарқан г)Баласағұн

  1. Қарахан мемлекетінің дербес екі иелікке бөлінген жыл?

а) 1040ж б)955ж в)1041ж г)1051ж

  1. Ислам дінінің мемлекеттік дін болып жарияланған жылы?

а) 955ж б)987ж в)960ж г)1042ж

Тест жауаптары:

1)Б 2)В 3)А 4)А 5)Б) 6)А) 7)В

VI   Үйге тапсырма .Алғаш мұсылман түрік мемлекеті

VII  Бағалау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *