«Қазыбек бидің шешендігі»

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты «Қазыбек бидің шешендігі»
Күні 26.01.2023
Сынып  жетекшісі: Букумбаева Ғ.Т.
Сыныбы: 5 «Г» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар  (тақырып мазмұнын ашатын) «Қазыбек бидің шешендігі»
Сабақтың мақсаты: Қазыбек бидің нақыл сөздерімен танысып ,өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту.
Құндылықтарды дарыту Қазыбек бидің нақыл сөздеріндегі ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Ресімдеу Слайд, презентация
Музыкалық және бейнекөркемдеу Интерактивті тақта,видео ролик.
Үлестірмелі материалдар Смайликтер, постер
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер Презентация, буклет, реферат, суреттер, эссе жұмыстары.
Дайындыққа арналған әдебиет Интернет материалдары

 

 

Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы

әрекеті

Ресурстар

Сабақтың

Техникалық

құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

(3мин)

 

Құрметті оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Орнымыздан тұрып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір-бірімізге тілек тілейік. Бүгінгі барлықтарыңызға сабақта сәттілік тілеймін.

Тәрбие сабағының мақсатын оқып, талқылайды.

 

 

Оқушылар амандасып, бір-біріне бүгінгі күнге бір сөз тілек тілейді. Бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбын талқылайды.

 

Плакат, слайд
Сабақ басы

 (10 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Қазыбек бидің өмірі жайлы бейнеролік көрсету.

Үй жұмысы. Қазыбек бидің 14 жасында Жоңғар ханына айтқан сөзін екі оқушы шығып оқиды.

Қазыбек бидің өмірі жайлы бейнеролік көріп, өз ойларын айтады.Екі оқушы Жоңғар ханына айтқан сөзін мәнерлеп оқып береді.  
Ортасы (27 мин)

 

ІІ. Викторина, әр топқа сұрақтар беріледі. Әр топтан оқушы ұяшықтарды даңдап , жауап береді.

1.     Қазыбек Қалдыбекұлының туған жылы?

2.     Қазыбек Қалдыбекұлының руы?

3.     Жоңғар қонтайшысы Цеван Рабданға алғыш елшілікке барғандағы жасы?

4.     Қазыбек би Қазақтың қай ханын тұтқынға түскенде, кері қайтаруына араласты?

5.     Қазыбек би қай руларының басшылығында болды?

6.     Қаз дауысты Қазыбек би неше жаста дүниеден озды?

7.     Қаз Дауысты Қазыбек бидің жерленген жері?

8.     Қазыбек Келдібекұлының Қазақ хандығының қай заңдар жинағының жазылуына ат салысты?

Ш .Мұғалім әр топқа жеке тапсырма береді.

1.    Бірінші топқа тапсырма: Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып, мағынасын түсіндіріп ашады, тәрбиелік мәнін ашады.

2.    Екінші топ: Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып, мағынасын түсіндіріп ашады, тәрбиелік мәнін ашады.

3.    Үшінші топ: Қазыбек бидің қазіргі қазақ жастарына хатын жазу.Қазыбек бидің шешендік сөздерінің мақсаты қандай болды, нені үйретеді, бізді қандай болуға шақырады?

4.    Төртінші топ: Қазіргі қазақ жастарынан Қазыбек биге хатын жазу. Қазыбек бидің шешендің өлеңдерінен өздеріңізге не алдыңдар, нені түсіндіңдер, қандай қасиеттерге асық болуға тырысу керек?

IV. Көрініс

Қазыбек бидің көңіл сұрауы

Бұқар жыраудың төсек тартып жатқан кезінде, Қазыбек би Бұқар жыраудың халын сұрап келеді. Бұқар жырау одан 10 санының мағынасын сұрайды.

 

Викторина сұрақтарына жауап беру.

Оқушы ұяшық таңдап, топпен ақылдасып жауабын береді Топтық тапсырманы орындау..Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып, мағынасын түсіндіріп ашады, тәрбиелік мәнін ашады.

 

Интерактивті тақта
Соңы 5 минут

 

 

 

 

 

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта қандай тәрбиелік мән болды, қандай ой түйдіңдер стикерлерге жазып біздің дәстүрлі білім қоржынына саламыз.

Бүгінгі сабақтан не білдің, не ұнады, ойымен бөлісу,кері байланыс парағына жазып, қоржынға салады.

 

 

 

 

 

 

 стикерлер

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *