Қазақ тілінің бүгінгі ахуалы мен мәртебесі

Туған  тілім —  бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім- анам тілі -өз тілім.

Туған тілім- далам тілі-өз тілім,

Туған  тілім-  адам тілі-өз тілім.

Туған тілді сыры терең жаным бар,

Тұған  тілді әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

«Туған  тілім»    —    Д. Әбілев

 

 

Қазақ тілінің бүгінгі ахуалы мен мәртебесі.

 

Тіл халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды»- деген Қадыр Мырзаәлінің керемет нақыл сөзі бар. Жер бетінде 6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар тілдер және жойылу алдында тұрған тілдер де бар. сондықтан, тіл тағдыры-ел дағдыры дер едім. Тарихтан белгілі, еліміз 250-жылдан астам уақыт бойы Ресей державасының бодандығында болды. Бұл уақытта елдің жай -күйімен қатар, тіл мәселесі де өте өзекті еді. Себебі, өздеріңізге тарих беттерінен бодан елдің жағдайы белгілі емес пе? Осы орайды қазақ тілінің де қолданылу аясы мен мәртебесі әжептеуір зардап шеккен еді. Осыған қарамастанАлаш зиялары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының  бастамалары, қазақ тілге деген тың көзқарасы ана тіліміздің жағдайын жақсартуға едеуір атсалысты. Олар өте батыл қадам жасап, сол кездері тың еңбектерді жарыққа шығарып, қаншама мақалаларды тайсалмай жасып еді.Бұл бодандықта болған елеміздің тарихынан мысалдар болды.

Енді өз алдымызға Тәуелсіз ел болғалы 30 — жылға жуықтады. Осы жылдар бойы қазақ тілінің хал-ахуалы қандай деңгейде?

Ұлттық — мемлекеттік тілді құрметтеу әрбір қазақтың парызы. Ана тіліміздің «мемлекеттік тіл статусына 1989 жыл 22-қыркүйекте» ие болғанын бәріміз білеміз. Дәл осы жылы Қазақстан Республикасының тілдер заңы да қабылданды. 1995 жылы Тілдер заңына толықтырулар енгізілгенде, мемлекеттік тіліміздің аясын кеңейту мен оның қолданылуы үшін барлық жағдайлар жасалу керектігі жөнінде тайға таңба басқандай етіп жазылғанымен, өкініштісі сол бүгінде бұл-өзекті мәселе болып тұр. Қоғамда ана-тілім-қазақ тілі деп көкірегімізді керіп тұрып айтқанымызбен, ана тілімізде сөйлеуге шорқақ немесе тіпті сөлей алмайтын азаматтарымыз бар. Қарапайым халықты айтпағанда, ел тізгінінде отырған кейбір мемлекеттік қызметкерлеріміздің баяндамалары мен мәлемдемелерін естігенде жағамызды ұстаймыз. Тіпті қоғамдық орындар мен көшелердегі жарнамалар мен атаулардың жазылуын байқасаңыз шошисыз. Қалай болса, солай қатесі шаш етектен. Ондайлармен Тілдіерді дамыту және басқару орындары күресіп жатқанымен, әлі де тыйылар емес. Сондықтан біз, ең біріншіден өз туған тілімізге құрмет көрсетудіөзімізден бастауымыз керек. Алдымен қазақ тілін еркін меңгеріп, қатесіз жазып үйреніп, содан кейін барып қана өзге тілдің сойылып соққанымыз дұрыс. Қазақ тілінің халі осындай,  бүгінде өте құрделі мәселе. Тек қана қағаз жүзінде орындалып жатыр деген ғана белгісі бардай. Тіпті мемлекеттік қызмет орындарында қолданылу аясының төмен екендігін байқау қиын емес. Барлық құжаттар әлі де орыс тілінде жүргізуліде. Ол ол ма?

Қазіргі  жастардың  да сөйлеу мәнері де өзгерді. Тілімізді шұбарлап, жаргон сөздерді өзара көп қолданып айтады. Ана тілімізде қатесіз әдемі сөйлеу қалып бара жатқандығына қынжыламын. Бүгінгі таңдағы оқулықтардың өзінде грамматикалық қателіктер де шаш етектен. Әрине мұның бәрі өз тілін енді ғана меңгеріп келе жатқан жас бүлдіршіндерге кері әсерін беруі мүмкін. Меніңше заман талабына сай бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарының оқулықтарына дейін аса зор мән беріліп, олардың  аударылуы мен қатесіне жіті бақылау қажет.

Қазақтың сары  даласы қандай кең болса, тілі де дәл сондай бай. Егер бүгіннен тіл мәселесін көтеріп, оның мәртебесіне мән бермесек, ертең өкініп қап жүруіміз әбден мүмкін. Себебі, әрбір ұлттың тілі, оның ұлттығын айқындайды. Тілі кеми бастаса, ұлттың да жойылу қауіпі бар. Әр ұлтқа тілінен қымбат ештеңе жоқ. Біздің талай ақын-жазушыларымыз жазып қалдырғандай , қазақ тілінің тілі орамды, тарихы тереңде.

Мен үшін сондықтан, ең жақсы адам — ол өз тіліне құрметпен қарайтын адам. Өз ана тіліңді жеттік меңгеріп, оның бар байлығын бойыңа сіңдіріп өсу, бұл сенің өз туған еліңе деген сүйіспеншілігің мен құрметің деп білемін. Өз тіліңді құрметтеуің, өзге тілді үйренуіңе ешқашан бөгет болмайды. Керісінше, өзге ұлтқа сен өз тіліңнің асқақтығын білдіре аласың. Өзгелерге ана тіліңді үйрете де аласың . Қазақ  тілінің бай екендігінжазба әдебиеттен ғана емес, тіпті ауыз әдебиетінің өзінен аңғарасың. Оныңикөркімдігіне көзің тоймайды. талай-талай том-том шығармалар мен өлең -жырлар соның  айғағы, дәлелі.Өз тіліміздің жырын өзіміз жырлап, оның мәртебесін өзіміз көтермесек, кім көтереді? Бесіктегі баладан бастап, қариямызға дейін қазақша сөйлеп, қазақ тілдің қазығын қаға берсек ұлттығымыздың да берік болуы ғажап емес!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *