Қазақтың тұңғыш күлкі журналы-«Шаншар»

Қазақтың тұңғыш күлкі журналы-«Шаншар»

1925 жылдың сәуір айының соңына таман қазақ тілінде алғаш рет “Шаншар”атты күлкі журналы шықты.Қазақтың басылымдардың алға қарай дамып келе жатқанда “Шаншар” журналы ойын-сауық күлкімен ащы шындықты түйреп, шаншып жеткізе білген алғашқы журналдардың қатарында болды.Осы журналмен-ақ басылымдардың неше түрлі бағытпен дамығаны көрсетілді.
“Шаншар” журналы алғашқы санында “Шаншар кім” деген мақаламен өзінің мақсат-міндетін жетік түсіндірді.”Күле отырып,біле отыр” деген секілді журналдың өзгелерден әдісі бөлек.
Күлкі журналы — аз сөзден көп мағына шығаратын, аз суреттен көп әңгіме туғызатын журнал.Сондай-ақ бір мақаласына тоқталсам, “Сорлы газет қайдан білсін” Қужақ деген бүркенші атаумен жарияланған мақалада, елдегі коррупцияны әңгімемен жеткізе білген. Сол замандағы мектептің директорының жинаған ақшаны қалтасына басып,комсомолдар қара халық налогының бір бөлігін қалтасына жымқырып жүргеніне тие кеткен. Бұл жағдайдың бәрін халық көзбен көріп, құлақпен естіп жүрген соң газетке айтып, хабарлайтын ешкімнің болмауынан “Сорлы газет қайдан білсін” деп тақырып қойған.
Журналда мақалалардан бөлек суреттерде жиі кездеседі. Ол суреттерді бейнелеген Жүсіпбек Аймауытов. Суреттерде сол заманғы көріністер көрсетілген. Кейбір оқырман оқығаннан қарағанда көргенді жақсы түсінеді деген теорияныда ұмытпаған.
“Шаншар”бетінен сол заманғы баспасөзге шолудың сатиралық үлгісін көресіз. Кейбір газеттерде “К” мен “Х”әріптерін шатастырып жазатын сауатсыз мақалаларды дәлел ретінде көрсетіп, шығарушылардың кемшілігін бетіне баса білді. Шын мәнісінде, ол шығарылған мақалаларды ешкім түсінбейтін.“Шаншар” сол кезде-ақ қазақ тілінің тазалығын, газет тілінің түсініктілігін басты назарда ұстаған. Сөздің шұбарланбауы үшін күрескен.Жалпы айтқанда,”Шаншар” журналын шығарушы азаматтар білімді де сауатты жандары шындыққа құмар шыншыл азаматтар болған.
Әр мақаласы өзекті мәселелерді қозғап өтетін “Шаншар” журналында бүркенші атаулар көп қолданды. Сол бүркенші азаматтардың кім екенін тауып әлі де зерттеуді қолға алу қажет.
Жүсіпбек Аймауытов «Шаншар» журналы туралы таныстыру-мақаласында «Қазақты ел қыламыз, жұртшылық жасаймыз, кедейдің сауатын ашып, саңылау жібереміз, өнерлі – ғылымды жұрт санатына қосамыз, шаруасын берекелендіреміз деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, аяқтай басы шарадай болып жүрген азаматтарды көзден шоласыз…Заманға мойын ұсына алмай, жаңалыққа көне алмай, ескіні қолдан бере алмай, сең соққан балықтай оршып, арындап жүргендер де аз емес….
«Шаншардың» мақсаты: елді араламақ, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны сараламақ, тура жолдан қия басқанды біздеп жараламақ»,- деп күлкі журналының шығу мақсатын көрсетеді.
Жүсіпбектанушы ғалым Н. Қуантайұлы да Ж. Аймауытовтың бұрын жарық көрмеген шығармалары деп «Шаншар» журналында жарияланған «Шаншар кім?», «Не жазайын», «Америкеде жаңа сағат», «Шаншардың оқуларына қосылыңдар», «Басқармадан жауаптар», «Ақ жолдың алаңғасарлығы» атты мақалаларын араб қарпінен кирилл қарпіне ауыстырып басқан.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің PhD докторанты  Алтын Ақынбекова Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында сақталған «Шаншар» журналын араб қарпінен кирилл жазуына аударып, жарыққа шығарған. Тарихи журналдың екінші нұсқасын тауып,зерттеп бізге мәліметтерді жеткізді.

“Шаншар”журналы сатираның саңылағы, шыңдықтың шаңырағы десем қателеспесім анық. Шыншылдықтан бас тартпаған журнал әлі күнге дейін біз үшін мақтаныш. Қазақ баспасөзінің сатиралық бағытын жаңғырта білді.

Толепбергенова Айнамкөз
Журналистика факультетінің 1 курс студенті
Жетекшісі: фил.ғ.к. доцент Р.С.Жақсылықбаева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *