Ғажайып өсімдік

Ғажайып өсімдік

Қазақстан жері әртүрлі орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 50% өсімдіктен дайындалады. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Халық оны әртүрлі емдік қасиеттеріне қарап «ғажайып өсімдік» деп атап кеткен.
Алоэ — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырынын жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.

 

Халық қоспасы және алоэдан жасалатын дәрі-дәрмектер әдістемесі

Қоспа № 1
Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған қой майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.
Қоспа № 2
Күш-қуат бергіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. 1 тәулікке салқын жерге қойып, күнде таңертең тамақ ішер алдын 1 сағат бұрын 5-10 гр қолдану қажет.
Қоспа № 3
Алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.
Қоспа № 4
Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа № 5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Қоспа № 6
Жапырағын кесіп, тазалап жуып, ер тартқыштан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.
Мінеки, қарапайым алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *