«Ғажайып математика»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

 

Күні:

Тобы:Мектепалды даярлық

Білім саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын  қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ғажайып математика»

Мақсаты:

Білімділік:Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.

Дамытушылық:  Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, ұсақ қол маторикасын дамыту. Тәулік бөліктерін (таңартең, күндіз, кеш, түн) ажырату. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент: Сандар – цифры

Құрал — жабдық: карточкалар,  сан тізбектері, кубиктер,үлестірмелі материалдар пайдаланылады
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.

Күтілетін нәтиже:  10-ге дейінгі сандарды тура, кері санау.

Түсінеді: Математикалық ұғымдар туралы түсінік болу.

Қолданады: Балалар берілген тапсырманы өз беттерінше орындай алу.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Кіріспе бөлім — Сәлеметсіздер ме, балалар!
— Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қәне амандасайық!
Арайлап таң атты,

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң,балалар,

Қайырлы таң,қонақтар!

— Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын» деймін.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

 

 

 

 

Рахмет

Негізгі бөлім -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз айларын атайықшы?

-Ал қазір қандай ай?

Күз айы екенің қайдан білеміз?

Балалар қарандаршы бізге математика елінен қобдиша жіберіпті,ол қобдишаның ішінде не бар екен ?

Балалар бұл жай асықтар емес,тапсырмамен  екен.

Бұл тапсырманы орындауға дайынбыз ба?

1 — тапсырма. «Жоғалған сандар»

Мақсаты: Ойлау жылдамдығын артыру.

Шарты:сандар жазылған карточкаларды алып  балалар қалып қойған санды атап, рет-ретімен қою.

2-тапсырма. Сандық өрнек құрау

Проп карта арқылы есеп шығару

Үстелде 5 алма

1 атама,1 ажеме,1 әкеме,1анама,

Болады неше алма?

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Алақанды ашайық,

Бәрін санап алайық.

1,2,3,4…

3- тапсырма. Логикалық сұрақтар

1.Қоянда неше құлақ бар?

2.1 қолда неше саусақ бар?

3.Ал екі қолда неше саусақ болады?

4. Бағдаршамда  неше түс бар?

5. Аспанда неше жұлдыз бар? (аспанда көп жұлдыз бар)

Д/О Сандардың көршісін табу. (кубиктермен)
(1 — ден10 — ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.)

4-тапсырма «Тәулік бөліктері»

Ұйқымыздан тұрамыз,

бақшамызға барамыз.

Әкемізге ереміз,

бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады?

Біз тәртіпті баламыз,

Сабақтыда оқимыз,

серуенге шығамыз,қыдырамыз.

Бұл қай кезде болады?

Күн батады қызарып,

Мамамызды күтеміз

Бұл қай кезде болады?

Үйлерде шам сөнеді,

дем алады бар әлем.

Деп әлдилер ақ әжем,

Бұл қай кезде болады?

Балалар  «Ғажайып матеметика» елінен  келген асықтын 4 — тапсырмасын түгел орындадыңдар,  сендер білімді, алғыр екенсіңдер, сендерге сыйлығым бар

 

Күз мезгілі

3ай

Қыркүйек,қазан,қараша

Қазан айы

Күзді сипаттайды

Күн суытады,жапырақтар сарғайып жерге түседі,адамдар жылы киінеді.

Балалар жауап береді.

Асықтар

ия

 

Жоғалған сандарды табады

 

 

Балалар тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды

 

 

Қоянда 2 құлақ бар

1 қолда 5 саусақ бар

2 қолда 10 саусақ болады

3 түс бар

аспанда көп жұлдыз бар

 

Балалар тура және кері санайды.

 

 

 

 

 

 

 

Таңертен

 

 

 

 

 

Түс

 

 

 

кеш

 

 

 

 

түн

Қорытынды бөлім -Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік

— Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Сіздерге көп рахмет. Көріскенше күн жақсы,Сау болыңыздар.

Тапсырмаларды орындадық

Сандарды санадық,есеп шығардық,сұрақтарға жауап бердік

Балалар бір-бірін мадақтап, түсініктерімен бөліседі.

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *