Экология негіздері, Тақырыбы: «Табиғат — біздің досымыз»

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Технологическая    карта   организованной    учебной    деятельности

(ересектер тобы/старшая группа)

Күні/Дата:

Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеумет

Бөлімі/Раздел: өЭкология негіздері

Тақырыбы/Тема: «Табиғат — біздің досымыз»

Мақсаты/Цель: Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру

Міндеттері/Задачи:

Білімділік/Образовательные:  балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру

Дамытушулық/Развивающие: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік/Воспитательные: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер/Методы: әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі-құралдар/Оборудование и материалы: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.

Қызмет кезендері/

Этапы деятельности

Тәрбиешінің қызметі /

Действия воспитателя

Мотивациялық- қозғаушылық

Мотивационно побудительный

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіру үшін шеңберге тұрайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

Балалар,  мен сендерге жұмбақ жасырамын,  мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық,

Бір жерінде суық.

Бір жерінде күн,

Бір жерінде түн. Керемет алып неткен

-Иә, дұрыс айтасыңдар, міне мынау – «жер шары»

— Жер шарының пішіні қандай?

Ұйымдастыру-іздестіру

Организационно-поисковый

Біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекендейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы: «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.

— Жарайсыңдар балалар!  Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

— Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру.

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай білуіміз керек.

·         Тағы қандай ережелерді білесіңдер?

Ғажайып сәт: (Табиғат құбылыстарының   дыбыстарын тыңдау)

Балалар  не  естідіңдер? Ненің  дыбысы  деп  ойлайсыңдар?

Осы  құбылыстардың  барлығы  табиғат   құбылыстарына  жатады.

Табиғат – бізді  қоршаған  орта, туған  елім, ауа, күн  мен   жер   және су,  орман  мен  жануарлар.

Табиғат     екіге  бөлінеді: тірі табиғат   және өлі   табиғат.

Тірі  табиғатқа:  ағаш, шөп, гүл, адамдар, аңдар, құстар жатады, олар  өседі, дем алады, көбейеді, денесінде жаны бар.

Өлі  табиғатқа: су, тас, құм, ауа  жатады, олар өспейді, дем  алмайды денесінде жаны жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.

(Балаларға орманның суретін көрсету)

Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз.

1 тапсырма: Балалар, бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен.

— Тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп көрсету. (4 түрін)

2 тапсырма: Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

— Дұрыс, бұл су.

-Ал судың қандай пайдасы бар?

Су — балалар өлі табиғатқа жатады, ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп. Демек, өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар сендердің алдарыңда стакандар тұр. Судың құрамы қандай екен бәріміз назар аударайықшы.

1) Судың құрамы сұйық болады;

2) Су түссіз болады;

3) Судың дәмі болмайды;

— Жарайсыңдар балалар! енді мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.

Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ?

— Жарайсыңдар, балалар! Ауа бізге не үшін керек?

— Ауаның түсі қандай?

— Қолмен ұстауға болама?

— Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме?

1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі. Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткізеді.

2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып, аузымызды ашпай көрейік.

— Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де  ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен.

Ендеше, балалар шаршаған шығарсыңдар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:Әуенмен би

— Ендеше алған білімдеріңізді байқау үшін қазір «Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын.

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып, алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Рефлексивті-түзетушілік

Рефлексивно-корригирующий

Балалар сендерге орманға саяхат ұнады ма?

— Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

— Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

— Ал өлі табиғатқа ше?

Балалар, барлығың  да  бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *