Хиуа жорығы

Аманджолова Эльза

 Хиуа жорықтары – патшалық Ресейдің Хиуа хандығына қатысты 1714 – 171835 – 401873 жылдары жүргізген экспедициялары. Хиуа жорығы ресми түрде экспедиция деп аталды. Экспедиция Петр І патшаның 1714 ж. 20 мамырдағы арнайы тапсырмасы бойынша жасақталды. Экспедицияға басшылық ету кабардалық ақсүйек князь А.Бекович-Черкасскийге жүктелді. Оған жүктелген міндет – Әмударияның бұрынғы арнасының Каспийге құяр сағасын тауып, 400 – 600 адамдық қамал салу, Каспийді зерттеу, т.б. болды. Жергілікті түрікмен ақсақалы Хожанепестің қолдауымен Бекович-Черкасский 1715 ж. жазда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, ҮстіртМаңғыстау үстін, Үзбой бойын зерттеді. Каспийдің алғашқы картасын сызды. Түпқараған мен Қызылсу шығанағынан қамал негізін қалады. 1717 ж. сәуір айында жорықтың негізгі шешуші бөлігі Астраханнан басталды. Гурьев (Атырау) бағытына су жолымен шыққан сапарда Бекович-Черкасскийдің әйелі (князь Голыциннің қызы балаларымен дауылға ұшырап қаза тапты. Гурьевтен Хиуаға дейінгі жолда қалмақ ханы Аюке қосып берген жолбасшы Меңлі Қасқа Шілден құдығының басына келгенде қашып кетіп, Хиуа ханы Шерғазыға орыстар жаугершілікпен келе жатыр деп арандатады. Хан 24 мың әскер жинап, соғысқа дайындалады. 1717 ж. 17 шілдеде Бекович-Черкассий жасағы Қарауыл күмбетке жетеді. 18 шілдеде жасақты 10 есе көп Хиуа әскері қоршады. Бұл Хиуа хандығының орыстар жаулап алғалы келеді деген сенімін арттырады. 20 шілдеде орыс лагеріне хан елшісі Есім қожа келіп шабуыл жасағандар хан әміріне бағынбай өз бетімен жүрген қарақшылар деп сендірді. Бірақ елші кеткен бойда шабуыл қайта басталып, ұрыс хиуалықтардың шегінуімен аяқталды. Артынша Есім қожа Бекович-Черкасскийді хан ордасына шақырып, екі арада келісім жасалды. Хиуалықтар Хожанепесті қолдарына беруді талап етті. Бекович-Черкасский бұл талапқа келіспеді. Шерғазы хан Бекович-Черкасскийге орыс әскерінің бәрін Хиуаға орналастыру мүмкін емес деген желеумен жасақты бөлуді ұсынды. Бекович-Черкасский келісімнің бұзылмауы үшін келісуге мәжбүр болады. Осыны күткен хиуалықтар шабуыл жасап, орыс жасағын талқандайды. Бекович-Черкасскийдің басы алынады. Жорықтың сәтсіз аяқталуы Красноводскідегі, Түпқарағандағы қамалдардың құлатылып, адамдарының әкетілуімен тынды. [1] Хиуа жорығына дайындық патша сарайында 1835 ж. басталып, өте құпия түрде жүрді. 1839 ж. көктемде Жем өзені бойына Ембі, Ақбұлақ қамалдары салынып, оларға әскер әкелінді. Хиуаға жергілікті қазақтардан барлаушылар жіберілді. Бірақ экспедияцияның Хиуаға әскери жорық екенін білген жергілікті халық оған қарсы шығады. 1839 ж. 22 шілдеде жергілікті қазақтар Ембі қамалының 398 атын айдап әкетеді. 29 қыркүйекте Ақбұлақ қамалының 32 аты барымталанады, 17 қазанда 180 өгіз ұрланады. 1 қарашада ген.-губернатор В.А. Перовскийдің басқарумен 2000 атты әскер, 32 зеңбіректі жасақ Орынбордан жолға шығады. Жолшыбай оларға 250 адаммен Баймағанбет Айшуақов қосылды. Жетпейтін түйе, көліктерді қазақ ауылдарынан тартып алу үшін полк Жемчужников жасағы аттандырылып, ол елдің жорық жолынан алдын ала көшіп кетуіне байланысты бос оралады. Жорыққа қажет оқ-дәрі Астрахан арқылы су жолымен Форт-Александровскіге әкелінді. Онан әрі 2000 түйеге артылып, Ақбұлаққа жеткізілуі керек еді. Түйе жинау тапсырылған М.Айтов 548 түйе, 90 түйекешті зорға жинады. Айтовты жолшыбай адай Еламан 6 адамымен тұтқындап, хиуалық әскербасы Мұратәліге тапсырады. Перовский әскері Ембі қамалына 19 желтоқсанда зорға жетеді. Одан әрі Ақбұлаққа 15 күн жүреді. Әскер Шошқакөлде боранға ұрынады. 300-дей керуенші қазақтар бүлік шығарып, әрі жүруден бас тартады. Перовский 7 керуеншіні аттырып тастайды. Әскер Шошқа көлге жетісімен жорықтың сәтсіздігі белгілі болды. Перовский амалсыз Хиуаны жаулау жорығынан бас тартты. Осы жорықта 300 түйе, 200 ат, 1054 солдат қаза болады. Қазақтардан да өлгендер болды. Жорықты дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін ген.-губернатор Перовский мен шекара комиссиясының төрағасы Генс қызметтерінен кетеді. Осы жорықтан кейін орыс армиясының Бас штабы Шыңғыс ханАқсақ Темір жорықтарын зерттеуге көшті. 3-Хиуа жорығын генералдар Веревкин, Кауфман, полк Ломакин басқарды. Олар жорықты ОрынборТашкентМаңғыстау бағыттарынан бастады. Маңғыстау жасағын Кавказдағы Апшерон, Самур, Ширван жаяу әскер полктері, Дағыстан атты әскер полкінің 2, Кубань, Терек казактарының 4 жүздігі, жалдамалы қазақтар мен түрікмендер құрады. Қо-сын басшылары болып подполковниктер М.Д. Скобелев пен Н.И. Гродеков тағайындалды. Жасақ ішінде неміс офицері Вестфаг, лейтенант Штумм және ефрейтор Тимм болды. Орыстар маңғыстаулықтардың Хиуа хандығымен араздығын шебер пайдаланды. Жасақ құрамындағы қазақтарды уезд приставының тілмашы, Қ.Ермембетов басқарды. Жасақ 1873 ж. сәуірдің басында Кендірлінің шығысына келіп түсіп, 14 – 16 сәуір күндері үш топқа бөлініп жолға шықты. 18 сәуірде Сенекке жетіп, 19 сәуірде Бесоқты құдығының басында әулие Михаил қамалының іргесі қаланды. 28 сәуірде Үстірттегі Елтеже құдығына жетті. 5 мамырда Итбай құдығы басында Иса-Досан бастаған адай көтерілісшілерімен ұрыс болып, Скобелев пен үш офицер жараланды. 12 мамырда Қоңырат маңына жетіп, 14 мамырда Орынбор жасағымен қосылды. 15 мамырда Хожелі қаласы маңында 6 мыңдық Хиуа әскерімен ұрыс болды. 20 мамырда Маңғыт қаласы түбінде жасаққа Досан батыр бастаған көтерілісші қазақтар шабуыл жасады. Сол күні Маңғыт қаласы алынды. 400 қала тұрғыны, орыстардан 3 адам өлді. 29 мамырда Хиуаға орыс әскері кірді. 6 маусымда Хиуа бітімге қол қойып, орыс бодандығын мойындады. Хан қазынасының көп бөлігі контрибуцияға алынып, ханның алтын тағы Мәскеудегі Гранит палатасына қоюға жіберілді. Орыс әскеріне белсенді қарсылықты ұйымдастырушы хиуалық дуанбегі Мәтмұрат пен жасауыл басы Рахметулла Калугаға жер аударылды. Хандыққа 2 млн. сом контрибуция, түрікмендерге қосымша 300 мың сом айып салынды. 9 тамызда Маңғыстау жасағы кейін қайтып, 12 тамызда Кендірліге оралды.[2]

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *