Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» шығармасын оқыту әдістемесі

Ғылыми фантастика (ағыл.sciense fiction — ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, т.б өнер салаларында қалыптасқан жанр. Қайнар бастаулары әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр.

Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтың кезекті әңгімесі «Көшпелі алтын»  оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.Көшпелі алтын шығармасы  —  қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.

Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фантастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай «алтын». Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.

Адамгершілік құндылықтарды айта берсек өте көп. Ал осы шығарма барысында мен басты үш құндылық байқадым. Екеуі ой-сана құндылығы болса, біреуі заттық құндылық. Яғни бұл фантастикалық әңгіменің тақырыбы да сюжеті де адамгершілік құндылықтарды айшықтайды.

Әңгімені мектеп оқушылары 10 сыныпта өтеді. Есейген, өзіндік пікірі бар тұлға ретінде қалыптасқан оқушыларға өзіңдік көзқарасын білдіруге, өздігінен ізденуге мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Яғни «Сұрақтар бұрқасыны», «Хикая хроникасы», «Хронологиялық кесте», «Постер», «Эссе жазу», «Блум таксономиясы» сынды әдіс-тәсілдер тиімді болады деп ойлаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *