Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»- әр ананың тілегі

Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»- әр ананың тілегі

Мәлік Мәди Ғаниұлы

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

                                                              «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ

Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы оқырманды анадайдан өзіне шақырады. Себебі әр адамның өмірдегі арманы — шырағының сөнбеуі.

Шыныменде «Шырағың сөнбесін» шығармасының аты затына сай. Тұла бойы толған ұлттық құндылық, отбасылық жылылық. Шығарманың басты кейіпкері — Нәзира. Шекарада әскери қызметте жүрген Қасымбекке тұрмысқа шығады. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, соғыс даласының қиындығын кешеді. Назира қиналған сайын ауылын сағынышпен еске алады. Сол сағыныш алдағы күнге жетелейді. Шығармада қазақ ұлтына тән салт-дәстүр кейіпкердің өз тағдырымен шебер байланыстыра суреттелген.«Дариға қазақтың салты бойынша менің атымды атамайды, бірақ меншіктеп ен салып та қоймайды, жай «қыз-ау» дейді. Дариғамен арасы 5-6 жас болса да қайыңсіңілісінің есімін атамау яғни қазақтың ат тергеу салты арқылы ауыл тұрғындарының арасындағы үлкен сыйластық көрінеді. Дариға өзінің жеңгелік қызметін ұмытпай, Қасымбек пен Нәзираның көңіл жарастыруына себепкер болады. Қазақ қыздары жігітпен өз бетімен таныспайтынын ескерсек, Дариға өз қызметін орнымен атқара біледі. Нәзира мен Қасымбек арасындағы байланысты сезген Қасымбектің апасы да бауырмалдық сезімін көрсетіп, Назираны үйіне қонаққа шақырып, жік-жапар болады. Бұл сюжеттен апаның бауырға деген қамқорлығын байқауға болады.

Нәзираның әжесі ұрпақ қамын ойлаған — нағыз қазақтың әр баласы армандайтын әже. Немересін күйеу баласына тапсырып тұрып, «тек қорлық көрсетуші болма» деген ойында қаншама балаға деген іңкәр сезім жатыр. Ұясынан ұшқан әр қыздың ері, барған жері қамқоршы болса, қыздың бағы жанатынын әрбір ана білері анық.

Әженің немереге деген үлкен махаббаты «басымнан сипап, бауырына қысатында,  кейде маңдайымнан иіскеп «бара ғой, қалқам»  дейтін. Анадан ерте айырылған немере қызына аналық махаббатына бөлей жүріп, қызының бойына қайсарлықты сіңіре біледі.«Азаматыңның сағын сындырмайын деп, өзі егіліп тез езіліп тұрған қызына күш беріп, қызының таңдауына қарсы шықпай, алысқа аттандыруы үлкен аналық қамқорлықтың көрінісі. Сол қайсарлық әжеден немересіне дарып, тілін білмейтін  жат жерде оқ пен оттың арасынан алып шығады.

Немересін о дүниелік болған анасының бейітіне апарып тұрып «артыңда қалған шырағың сөнбесін» деп, ана өзінің жүрегіне бүккен мұңын тірліктегі көзінің амандығын тілеген, ұрпақ амандығын тілеген кейуананың арманы.

Қанша қиын күндерден өтіп, оқ пен оттың арасын кеше жүріп Қамқа әженің тілегімен шырақ сөндірмес ұрпақтар жетелей елге жетуі — қарт әженің ақ тілегінің жауабы болар.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *