Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Төребай Ғалия Төребайқызы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!».

Мақсаты: өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер қажетті құралдар: Қ.Р. рәміздері, Астана қаласының, Бәйтеректің суреттері, слайд, интерактивті тақта, желтоқсан құрбандарының суреттері,шарлар

Әдіс-тәсілдер:көрсету,үйрету, түсіндіру, сұрақ-жауап, «ашық микрофон», ойын, топтық жұмыс

Билингвалдық компонент:   отан- родина, елорда- столица

Ұйымдастырушылық-ізденістік                                  

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Көңіл- күйлерін қалай ?

Бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдар ма?

Балалар шаттық шеңберін құрып, сәлемдеседі.

Ұл – қыз сәлем береміз

Өнегелі өренбіз

Біздер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы-

Әнұран айтады.

«Ашық микрофон» әдісі

-Балалар біздің ұлтымыз қандай?

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

— Қазақстан Республикасы

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

-Біздің елордамыз қалай аталады?

-Елбасымыз кім?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Балалар сендер бақыттысыңдар ма?

-Әрине біз бақыттымыз, өйткені біздің мемлекетіміз- тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Біздің бүгінгі оқу қызметіміз 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне арналмақ.

Бүгінгі біздің тақырыптық оқу қызметінің тақырыбы «Тәуелсіз елдің – ұланымыз!

Бейнекөрсетілімге назар аударамыз.(слайд арқылы түсіндіру)

1991жыл 16 желтоқсанда Қазақстан «Тәуелсіздікке» қол жеткізді.Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Тәуелсіздік үшін талай батырларымыз атсалысып, бізге тәуелсіздік алып берді.

Осыдан 34 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл Желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ерболат Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты жастарымыз қатысты.Олар бұл алаңға ешбір жаман оймен барған жоқ,бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін барды.

Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтанда біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн.

.Балалар тәуелсіздік туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

  • бала:Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Он алтыншы желтоқсан

  • бала:Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Әр қазақтың есінде сақталады

  • бала: Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады

Билингвалдық компонент: отан- родина,  елорда – столица

Балалар өз қалауларымен сандарды таңдап алып, топтарға бөлінеді.

Топтық жұмыс:

1 топ: Тудың суретін бояйды

2- топ: Бәйтеректі  құрастырады

3- топ: Пирамида   құрастырады

Сергіту сәті:

Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз(қолдарымен көрсетеді)

Тек алға-алға бастаймыз(қолдарын алға созады.)

Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)

Болашаққа самғаймыз ( екі қолын жоғары көтереді)

Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.

Ойын: Күн шуағы

Балалар отанға деген ыстық лебіздерін, тілектерін айтып, тақтаға жапсырады.

  1. Еліміз аман болсын!
  2. Әрқашан күн күлімдеп тұрсын!
  3. Көк туымыз биік болсын!
  4. Аспанымыз ашық болсын!
  5. Заманымыз тыныш болсын!
  6. Күніміз жарқырай берсін!
  7. Елбасымыз жасай берсін!
  8. Табиғатымыз сұлу болсын!
  9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!
  10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!
  11. Болашағымыз жарқын болсын!
  12. Астанамыз көркейе берсін!

Қорытынды

-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі оқу қызметіміз қандай мерекеге арналды?

-Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?

Балаларды мақтап, марапаттау(смайликтер арқылы)

Хор: Тәуелсіз елдің ұланымыз        

   Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: тәуелсіздіктің не екенін ұғынады

Түсінеді: тәрбиеші тапсырмасын түсінеді;

Қолданады: Байланыстырып сөйлеуді, өз ойын дұрыс жеткізуді

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *