Тәрбиеші болу бұл бақыт

Тәрбиеші болу бұл бақыт
Мен Токенова Гульхан Куаткызы №2 «Батыр» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Менің тобымың балалары өте ақжарқын,тәрбиелі балалар. Олар біздің егеменді ертеңіміз,біздің болашағымыз. Мемлекетіміз осы біздің болашақ ұрпақтың білімі тереңінен,ойлары озық болсын деп ерекше көңіл бөлуде.
Барлық мамандықтың өз қиыншылығы да қызықтығы да болады. Тәрбиешінің жұмысы өте күрделі жұмыс. Тәрбиешілер балаларға бағыт бағдар,тәлім тәрбие беретін, отбасынан кейінгі екінші анасы. Балалармен жұмысты өте ұқыпты жәнеде мейірімділікпен,сүйіспеншілікпен істеу керек. Біздің балаларға жақсы қарым-қатынасымыз балаларға қуаныш пен шаттық сыйлайды. Сондай көңіл-күйде жүретін болсақ әрдайым, таңертең балаларымыз сәлемдесіп,келіп құшақтап, еркелеп жүреді. Балалар келіп мен сізді жақсы көремін немесе ұзақ демалыстан кейін апайымды сағындым деп келгенде жұмысқа деген талпынысым ашылады. Бұның себебі менің балаға деген қамқорымның, тәрбиемнің, мейірімділігімнің арқасы деп білемін. Балалардың балабақшадан алар білімі көп деп ойлаймын. Бұл жолда тәрбиешіге көп күш-қуат,ізденіс,парасаттылық,данышпандық керек. Тәрбиеші әр күнін ізденіспен өткізу қажет. Ертеңгі балаларымыздың болашағын ойлауымыз керек. «Ұстаз-бағбан, бала-гүл» деген сөзді әр тәрбиеші ұстаздық етіп есінде сақтауы қажет. Шын жүректен қалаған мамандығын әр кезде жетістікке апарады. Ал,тәрбиеші болу-айтуға оңай болмағанмен, осы салада еңбек етіп жүргендер түсінеді деа ойлаймын.
Балаларым балабақшаға бар құштарлығымен,қуанышты көңілмен келсе,тәрбиешінің мақсаты орындалды деп білемін. Өзімді бақытты тәрбиешімін деп сезінемін. Өз жұмысымызды сүйейік!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *