Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде

Шамшадинова Мөлдір Жеңісқызы
Оқытушы: Болтаева Алия Масакбаевна

Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде
Қоғам-адамдардан құралады. Адамды қоғамсыз, қоғамды адамсыз елестету қиын. Осы екі нәрсені байланыстырып тұратын – қарым-қатынас. Ал тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі болса, адамзат қарым-қатынассыз өмір сүруі мүмкін бе?
Тұлғааралық қарым-қатынас — қарым-қатынастар арасындағы өзара әрекеттестікте қолданылатын мінез-құлық, өзара хабарламалар, ым-ишара, хат алмасу хабарламалары деуге болады. Тұлғааралық қарым-қатынас болмаса, тұлғаның даму процессі әлсірейді, тіпті жойылып кетеді десек те болады. Осы бойынша менің оқытушым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология ғылымдарының кандидаты Болтаева Алия Масакбаевна әлемде түрлі жаңадан зерттеу жүргізіліп жатқанын айтты. Мысалға, Батыс елдерінде тұлғааралық қарым-қатынас тәжірибе негізінде жетім балаларға зерттеу жасалған екен. Бұл жерде жетім балаларға, яғни қараусыз қалған балаларға зерттеу жүргізіп, екі топқа бөлген. Бірінші топта, 1 жасқа жетпеген нәрестеге күтім жасайды, тамақтандырып, жатын-орынмен қамтамасыз етеді. Алайда нәресте жылаған кезде, нәрестенің жанына да жақындамайды. Екінші топқа келер болсақ, бірінші топтағы нәрестенің жасымен тең. Бірақ та, бұл нәресте жылаған сәтте жанына адам барып, қамқорлық танытады. Нәрестеге махаббат және жылу беріп, құшақтап, тыныштандырады. Екінші нәрестеге барынша махаббат беруге тырысады. Нәтижесінде, бірінші топтағы нәресте ақыр соңында шетінеп кеткен. Екінші топтағы нәресте жетіліп, жақсы дамыған. Осы зерттеудің қорытындысында, адам қарым-қатынассыз өмір сүре алмайтынын байқаймыз. Тұлғааралық қарым-қатынас бұл расыменде тұлғалық дамудың негізі болатынын анық байқауға болады.
Л.С. Выготский зерттеуінде бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-қатынас барысында орындалады деп анықтайды.
И.М. Сеченев жүз жыл бұрын атағандай, жалпы өмір сүруді реттейтін және оның негізін құрайтын көңіл-күй жиынтығы қарым-қатынастан туындайды. Мінекей, осындай ғалымдардың айтқанынан-ақ білуге болады.
Тұлғааралық қарым-қатынас — қарым-қатынастар арасындағы өзара әрекеттестікте қолданылатын мінез-құлық ережелері, өзара күту және хабарламалар деуге болады. Қарым-қатынас вербалды және вербалды емес алмасу процесі болып бөлінеді. Вербалды қарым-қатынасқа ауыз екі немесе жазбаша сөйлесуді жатқызамыз. Оның тереңіне баратын болсақ, хат алмасу, диалог, монолог, іштей сөйлесу деген секілді хабарламаларды жатқыза аламыз. Ал вербалды емес қарым-қатынасқа мимика, сонымен қатар дауыс ырғағы, проксемика, ым-ишара және дене қимылы сияқты вербалды емес хабарламаларды да білдіреді. Бұған көп сигнал беретін қас, ерін, мұрын бет бейнелері жатады.
Тұлғалық дамудың негізі ретінде тұлғааралық қарым-қатынас өте маңызды. Қоғамда жалғыз жүрген адам және тұлғааралық қарым-қатынаста жүрген адамды салыстырған сәтте тұлғааралық қарым-қатынаста жүрген адам тұлғалық дамудың негізі ретінде қарастырылады. Осы қарапайым мысалдан-ақ, тұлғалық дамудың тұлғааралық қарым-қатынаста маңызды екенін түсінеміз.
Қорытындылай келе, тұлғааралық қарым-қатынас адамзат өмірінде басты рөл ойнайды. Тұлға қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды және дамып, өспейді. Оқытушымның өткен дәрістерінен біраз ақпарат алып, зерттелген жұмыстарға көз жеткіздім. Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде деп нық сеніммен айта аламын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *