Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі.

   Амирбаева Айнаш Сабырахиновна

«Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады»

(В.Сухомлинский)

Инклюзив – сөзі латын тілінен аударғанда «өзіңді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағананы білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мазмұны:    Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

  • жалпы мектептерге арналған типтік бағдарлама
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалар.
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы.
  4. Барлық адам бір – біріне қажет.
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  6. Барлық адам құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мұмкіндігіне қарай орындай алатын әркетін жүзге асыру.
  8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім берудің негізгі артықшылықтары:

  1. Өз-өзіне сенімді болу
  2. Құрдастарымен қарым-қатынаста болу
  3. Толыққанды білім алу.
  4. Қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру
  5. Мүгедек емес балалардың қайырымдылық және түсінушілік қасиеттерін тәрбиелеу.
  6. Қоғамның мүгедектік мәселелерін түсінуі

Әлеуметтік-бейімдеу бағыты:

  • баланың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
  • баланы шығармашылыққа тәрбиелеу;
  • баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;
  • баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
  • қоғамдық орталарда өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.

Әдістемелік- ұйымдастырушылық бағыт:

Бұл бағытта жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық,баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді.                                                                     Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

  • ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;
  • оқушыға портфолио құрастыру.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап,  саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

«Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім-барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *