«Түркістан уалаятының газеті» — тұңғыш қазақ басылымы

ҚазҰУ, Журналистика 101 тобы, Абдрахманова Айгерім

«Түркістан уалаятының газеті» – тұңғыш қазақ басылымы

Кез – келген дүниенің басталуы және тарихы болады. Қазақ баспасөзінің де өзінің терең әрі қызықты тарихы болса керек. Біздің еліміздің басылымдары Ресей патшалығының отарлау саясатының кезінде дүниеге келді. Сол уақыттағы еліміздің зиялы қауымы шындықты жария қылуға тырысса да, өкінішке орай, көп дүниені құпия қылуға тура келді. Дегенмен, қазақтың алғашқы газеттері халыққа орасан қызмет қылды.

Қазақ баспасөзінің тұңғышы – «Түркістан уалаятының газеті”. Оның шығу кезі 1870 жылдан бастау алады. Алғашқысында Ресей үкіметінің қол астында болып, патшаның саясатын оң деп үгіттеу рөлін атқарып жүрді. Халық биліктің шығарған үкімдері мен жарлықтарымен танысып отырды. Толығырақ сипаттама беретін болсам: газет Туркистанские ведомостигазетінің қосымшасы болып шығып жүрді; алғашында екі рет өзбекше, екі рет қазақша жарық көрді. Ең қызықтысы, бұл газет тек еліміздің ғана емес, Орталық Азияның алғашқы мерзімді басылымы болып саналады. Бұл да бір орны бөлек ақпарат. Газетте тек саяси мәліметтер болған соң, халық ішінде үлкен танымалдылыққа ие болмады. Кейін басылым беттерінде ағартушылық материалдар пайда болғанда, бұл газет басқа деңгейге көтерілді. Демек, біз қазақ халқы оқуды, дамуды ұнатты деп айта аламыз. Сол кезге дейін жұртымыз тек өзінің руындағы немесе ауылындағы әдебиетпен таныс болды. Ал енді тіпті орыс ағартушыларының шығармаларын да оқи алды. Мысалы, Л. Н. Толстойдың, И. А. Крыловтың және А. С. Пушкиннің аудармалары қазақ халқына жат болмады. Бұрын ауызша тарап біткен қазақтың жырлары, дастандары мен өлеңдері де енді жазба түрінде белгілі болды. Көптеген мақалалар да оқырман қызығына иеленді. «Түркістан уалаятының газеті» қазақ үшін өте құнды болса керек. Егер бір ауылдың адамы бір шығарылымын алса, оны барлығы оқып шығатын . Бір – біріне жарамсыз болмай қалғанша таратып бөлісетін.

Өкінішке орай, 1883 жылы Түркістан генерал – губернаторының шешімімен «Түркістан уалаятының газеті» қазақша шығаралымы тоқтатты. 1885 – ші жылдан бастап, газетте тек орысша және өзбекше ақпараттар басылып жүрді. Бірақ өз заманының қазақ интеллегенциясының мүшелері әрі тіл жанашырлары мақалаларын жариялап тұрды.

Қазақ мерзімді баспасөзінің алғашқы жұлдызына 153 жыл толды. Менің ойымша, «Түркістан уалаятының газеті» тек баспасөздің ғана емес, қазақ журналистикасының атасы десе болады. Осы кезге дейін жалғасып келе жатқан үлкен жолдың бастау көзі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *