Сәбидің сөйлеу тілі

  Тенизбаева Асем   

         «Бала тілі — бал», «Балалы үй — базар» деген даналық сөздері Халқымыздың тегін айтылмаған ғой. Өйткені, әр ер адам өмірінің мәні, тіршілігінің сәні, ізбасары – балаларының қызықты қылығын, әсіресе, бүлдіршін шағындағы балдырлаған тәттілігін қызықтайды, ләззат алады. Сәби тілінің дұрыс қалыптасуы ең алдымен ата-аналарға тікелей байланысты. Сондықтан оның қалыпты таза қалыптасу тәсілдерін білу баршамыздың аса джауапты парызымыз.Нәресте дүние есігін ашысымен сөйлей алмағанымен, сөйлеу мүшелері қызметін, міндетін атқаруға бірте-бірте бейімдеу.   Нәресте үш-төрт айдан соң уілдеп, сөйлеу қаблетінің алғашқы белгілерін білдіре бастағанда оның көру, есту, иісті, сәулені сезу сезімдері де біртендеп қалыптасу үстінде болады. Сол кездері оның ойыншыққа қиғаш немесе тым алыстан қарамауына мүмкіндік жасаған жақсы. 7-9 ай аралығында бөбек сөздің ырғағын байқау дәрежесіне жетеді. 9-10 айлық кезінде «Ма-ма», «Па-па», «Нә-нә», 12 айлығында «Ата, апа, су» сияқты жиі қолданылатын оншақты сөздерді айта алады, басқалардың сөзін қайталауға тырысады, еліктеу сезімі оянады. Осындай ең бір жауапты кезеңде кейбір ата –аналар баласының тәтті тілін қызықтап, сөздерін әдейі бұзып айтады, мысалы, «Келе ғой, су керек пе?» дегенді «кие ғой, шу кейек пе?» дейді. Үйдегі ересек адамдар да, келген меймандарда, балалар бақшасындағы тәрбиешелер де  әр затты атаумен мен атаулары қажет. Өйткені балалар көбіне «р», «л», «б», «п» дыбыстарын үлкендердің айтуынша қабылдайды да солай сөйлеп үйренеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *