Сүйектің байланысу түрлері. Буынның түрлері мен құрылысы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.3В Қозғалыс Мектеп: Б. Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернаты КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қабылбекова Гульзира Бейсембаевна
Сынып: 8 Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Сүйектің байланысу түрлері. Буынның түрлері мен құрылысы (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары 8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату
Сабақтың мақсаттары  сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
 Буынның құрылысын сипаттау;
 Буынның түрлерін ажырату;
 Буын құрылысының атқаратын қызметіне сәйкестігін бейімділігіне талдау жасау.
Бағалау критерийлері  сүйектердің байланыс түрлерін ажыратады
 сүйектің байланысу түрлеріне мысалдар келтіреді
 Буынның құрылысын түсіндіреді;
 Буын түрлерін ажыратады;
 Буын құрылымдарының қызметтеріне қарай бейімделуін сипаттайды;
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Сүйектердің байланысуының әр түрлі типтерін және олардың қызметтерінің арасындағы байланысты анықтап, тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қозғалмалы, қозғалмайтын және аз қозғалмалы байланыстар
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Сүйек талшықтары арқылы …сүйектері байланысады.
Сүйектер … арқылы байланысқан болса олар…байланыс болып табылады.
Ортан жілік пен жамбас сүйектері…арқылы байланысады.
Тоқпан жілік пен кәрі жілік …байланыспен байланысқан.
Құндылықтарды дарыту Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.
Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.
Пәнаралық байланыс Пән аралық байланыс химия пәнімен сүйектер арасындағы шеміршектің химиялық құрамын қарастыру арқылы мүмкін болады.
Буынның кеңістіктегі қозғалу бұрыштары қарастырылғанда физика пәнімен, буын сұйықтығының құрамы туралы айтылу арқылы химия пәнімен байланыс орнатылады.
Алдыңғы білім «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7 сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі.
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Оқыту көздері мен ресурстар
Сабақтың басы
0-.7мин
Оқушыларды ұйымдастыру мақсатында әрі сергіту сәтімен өткен сабақты пысықтаймын. Ол тапсырма «Қаңқа бөлімдері» деп аталады. Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мен қаңқа бөлімдерін айтамын сол қаңқа бөлімдерін өз денелерінен ұстап көрсетеді. Осылайша өткен сабақты қортындылап алып, өз аттарының бірінші әріпімен сәйкес келетін қаңқа сүйегін атап отырып топқа бөлемін

Сабақтың ортасы
8-35 мин Оқушылар адам қаңқасы суреттерінен өз беттерінше сүйектердің байланысу түрлерін анықтап, себептерін түсіндіреді.
Критерий:
 сүйектердің байланыс түрлерін ажыратады
 сүйектің байланысу түрлеріне мысалдар келтіреді
Мысалы, ми сауытының сүйектері қозғалмайтын байланыспен байлансу себебі оның ішінде орналасқан миды қорғау.
Оқушылардың назарын сүйектердің арасындағы байланыстардың ерекшеліктеріне аудару мақсатында №1қосымшадағы тапсырма ұсынамын.
Оқушылар топпен бірігіп, сүйектің қозғалмалы, аз қозғалатын, қозғалмайтын байланыстарын сипаттап, мысалдарды кестеге толтырады.
Қозғалмайтын Жартылай қозғалмалы Қозғалмалы

Таныстырылымда ұсынылған тапсырмаларды талқылай отырып, оқушылардың түсіну деңгейлерін анықтауға болады.Білдім, білмедім, білгім келеді «БББ» әдісі арқылы кері байланыс ұсынамын.
Критерий:
 Буынның құрылысын түсіндіреді;
 Буын түрлерін ажыратады;
 Буын құрылымдарының қызметтеріне қарай бейімделуін сипаттайды;
Мұғалім оқушылардың топтық жұмысы барысында тиісті сұрақтар қою арқылы оқушылардың мақсатқа жетуіне жағдай жасайды.
Әр топтың таныстырылымының соңында кері байланыс ұсынамын. 1 — қосымша

1-қосымша
Сабақтың соңы
36-40 мин Кері байланыс

Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Сүйектің арасындағы байланыстың әр түрлі типтерінің құрылысы мен олардың қызметтері арасындағы байланысты орнатады
Ресурс түрлері арқылы
Қосымша ақпарат көздерін іздеу арқылы
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Сұраққа жауап берулері арқылы
Ауызша түсіндірмелері арқылы
Адам қаңқасында байланыс түрлерін атап көрсете білулері арқылы
Кесте толтырулары арқылы
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Үлгілемен жұмыс кезінде абай болу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *