«Сиқыршы күз!» оқу іс-әрекеті

Куатбай Алтынгуль Куатбаевна, тәрбиеші.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы

 

Тақырыбы: «Сиқыршы күз!»

Мақсаты: Күздің белгілерін білуге үйретуді жалғастыру. Табиғи көріністің көркін байқауға үйрету. Жемістер мен көкөністер жайлы білімдерін бекіту. Эксперименттік ізденгіш әрекеті бойынша пішіндері, түстері, дәмі мен иісіне қарай ажыратуға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын түсінуге үйрету, дәруменге мол тағамдар арқылы денсаулықтарын сақтап, нығайтуға дағдыландыру. Сөз қорларын молайтып, байыту.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдық: теледидар, дидактикалық суреттер (моделдер), аудиотаспа.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.

Көңіл – күйлерін қандай?                               \Жақсы\.

Ендеше, осы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Бізде бүгін ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса апайларға өз білімдерімізді көрсетейік.

Амандасады, өз орындарына жайғасып отырады.

Сабақтың барысы

-Балалар, сендер ертегілерді үнатасыңдар ма?

-Иә,

-Қандай ертегі білесіңдер?

-«Бауырсақ», «Шалқан», «Үш аю», т.б

-Ондай болса, мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге, «Сиқыршы күз» ертегісін айтып беремін.

Бір балабақшада сондай бір ақылды, әдепті, әдемі балалар болыпты. Бір күні олар Күздің белгілерін іздеуге серуенге шығыпты.

(видео қосылады)

-Балалар, сендер фильмнен кімді көріп тұрсыңдар?                        \Балаларды\

-Балалар не істеп жүр?                                                                   \Серуендеп жүр\

-Қай жерде серуендеп жүр?                                                 \Балабақша ауласында\

-Балабақша ауласында қандай ағаштар бар екен?

\Аққайың, Терек, Үйеңкі т.б\

-Ағаштарда қандай өзгерістер бар?

\Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатыр\

-Дұрыс айтасыңдар. Сонымен қатар, құрт-құмырсқа, жәндіктер суықтан тығылып, құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр, бұл қай мезгілде болады?

-Күзде.

Ғажайып сәт. Есік қағылады.Сиқыршы Күз қонаққа келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, Сиқыршы күз!

-Сендер қандай әдемі, ақылды, әдепті балаларсыңдар! Беттерін қызғылт, тістерін аппақ, көздерін жып-жылтыр!

Тәрбиеші: -Себебі, біздің балалардың дендері сау.

Күз: — Дендерің сау болу үшін сендер не істейсіңдер?

-Дәрумендер жейміз, таза ауада ойнаймыз. Тісімізді тазалаймыз.

Күз: — Жарайсыңдар! Менде сендерге денсаулыққа пайдалы сыйлық алып келдім.

 

Ойын: «Себетте не бар?»

Себетті үстелдің үстіне қояды. Балалар кезекпен себетке қолын салып, сипап бір затты алады, атайды. Сосын сыртқа алып шығып, тексереді.

Тәрбиеші:

-Бұл не балалар?                         \Сәбіз\

-Қандай?                                      \Қызғылт сары\

-Ал, мынау не?                            \Қияр, сопақ\

-Ол қандай?                                  \Жасыл\

-Мұның барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

-Көкөністер.

Күз:  -Дұрыс, сендер қалай білдіңдер көкөніс екенін?

Балалар («Көз» моделін көрсетеді)

Тәрбиеші:

— Себетте не бар екенін тағы қалай білуге болады?

Балалар («қол» моделін көрсетеді)

-Дұрыс, сендер қалай білдіңдер көкөніс екенін?

Балалар («Көз» моделін көрсетеді)

Тәрбиеші:

— Себетте не бар екенін тағы қалай білуге болады?

Балалар («қол» моделін көрсетеді)

(тәрбиеші себетті майлықпен жауып қояды)

Күз: — Жарайсыңдар.

Тәрбиеші: — Қазір, біз сендермен тағы бір ойын ойнаймыз.

 

Ойын «Не жегеніңді тап!»

Тәрбиеші балалардың көздерін жауып, табаққа жемістерді турап қойып, балаларға дәмін татуға береді.

-Енді, не жегеніңді айтып, себеттен тауып берші. Пішіні қандай?

-Алма.

-Алмұрт.

Күз:— Балалар, маған сендермен өте қызықты болды. Сендер сондай ақылды екенсіңдер. Бәрін біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші күзге: — Алтын күз! Сен біздің денсаулығымызды үнемі ойлап бізге көптеген дәруменді тағамдар сыйлайсың. Рахмет саған! Сау болыңыз!

Күз:-Сендерге көп-көп рахмет, дендерің сау болсын, ауырмандар. Сау болыңдар!

Қорытынды
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, бүгін білімдеріңді көрсеттіңдер. Осымен, ашық қаралымымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *