Сиқырлы пішіндер

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр-түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, қол моторикасын дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Пішіндер суреті.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сергіту сәті

Қорытынды

Шаттық шеңбері:
Бала, бала баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
— Өте керемет балалар!
— Олай болса бәріміз орнымызға жайғасайық.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем мезгілінде неше ай бар?
— Қане, сол үш айды атап беріңдерші?
— Өте жарайсыздар, балалар!
— Балалар көктем мезгілі де өз ерекшеліктерімен өте сұлу көрінеді.
— Ой балалар бізге қонақ келген сияқты.
— «Сиқырлы ханшайым»:
— Сәлеметсіздер ме балалар?
— Балалар мен сиқырлы пішіндер ханшайымын мен сендерге қонаққа келдім, сендердің пішіндерді қаншалықты білетіндеріңді көруге келдім. Мен жалғыз келген жоқпын өзіммен бірге пішіндер достарымды ала келдім. Достарды қарсы аламыз ба балалар?
— Амансыңдар ма балалар?
— Мен төртбұрышпын.
— Ал мен дөңгелекпін.
— Мен үшбұрышпын.
— Біз сендерге сонау алыстан келдік. Біз құр келмедік сендердің білімдеріңді тексеруге келдік. Сендер дайынсыңдарма балалар?
— Мен дөңгелек пішін сендерге тапсырма ала келдім. Менің қолымда көптеген пішіндер бар құрастырып шығайын десем еш құрай алмадым, маған көмектесесіңдер ме балалар?
— Балалар олай болса біз екі топқа бөлініп алайық. Бір тобымыздың аты «Дөңгелек» болсын екінші тобымыздың аты «Үшбұрыш» болсын. Ендеше балалар дөңгелектің тапсырмасын орындар шығайықшы.
— Ой жарайсыңдар балалар! Маған қатты ұнады рахмет сендерге.
— Балалар менің де сендерге әкелген тапсырмам бар.
— Мен үшбұрышпын мына пішіндерді сәйкестендіріп үй құрайын десем ойын жетпей жатыр.
— Балалар ендеше үшбұрыш пішінімізге келесі тобымыз көмектессін.
— Балалар флонеграф тақтайға пішіндерден үй жапсырып шығады.
— Өте керемет балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап жатырсыңдар.
— Ендеше балалар кезек төртбұрыш пішініміздің тапсырмасы қалды. Төртбұрыш пішіннің тапсырмасын барлығымз бірлесіп орындап шығайық. Мына қолымыздағы ақ параққа пішіндерді сәйкестендіріп жапсырып шығамыз.
— Өте керемет балалар, сендердің білімдерің маған ұнады рахмет балапандарым біз сендерме қоштасамыз. Сау болыңдар балалар!
— Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті-беске қосқан
Болып шықты он саусақ.
— Балалар, сонымен бізге бүгін кім қонаққа келді?
— Қандай пішіндер ханшайымымен келді?
— Жарайсыңдар, балалар!
— Олай болса келген қонақтармен қоштасамыз.

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Көктем мезгілі
Үш ай бар
Наурыз, сәуір, мамыр
-Ия

-Сәлеметсізбе

-Ия

-Ия

-Ия, дайынбыз

-Ия

-Ия

-Балалар пішіндерді құрап шығады

-Балалар пішіндерді жапсырып шығады

-Балалар пішіндерді жапсырып шығады

-Балалар қимылмен көрсетеді

-Сиқырлы пішіндер ханшайым
-Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек

Күтілетін нәтиже
Біледі: Пішіндерді танып біледі.
Түсінеді: Тапсырмаларды түсініп орындап шығады.
Меңгереді: Пішіндер әкелген әр жұмыстың мағынасын ұғынып меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *