Сабақ барысындағы инновациялық әдіс-тәсілдер

Алматы қаласы Алмалы ауданы КММ  «№34 Гимназия»

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

Бегасилова Дана Тастыбаевна

 

Эссе «Сабақ барысындағы инновациялық әдіс-тәсілдер»

Адамзат баласының барлығы қоғамға пайдалы тұлға болуды көздейді. Кез келген ортаға бойыңдағы бар қабілетіңді ұштау арқылы сыйлы боласың. Табиғатыңа сай мінезің мен іште буырқанып жатқан талантыңды бір арнаға тоғыстырғанда қоғамға қажетті мамандық иесі ретінде жарық ете қалатының анық. Бірақ бұл жетістікке жан әлеміңді байытпай жете алмайсың. Мен рухымның дегеніне құлақ түріп мамандық таңдаған жанмын. Менің мамандығым – мұғалім.

Менің сабақ беруде басты мақсатым тек қана білім емес. Мен бұл мамандыққа оқушылар үшін келдім. Менің оқушыға деген ықыласым айрықша. Мен жақсы және жаман оқитын оқушы деп бөлуден аулақпын. Мен үшін оқушылардың бәрі талантты. Олардың жан әлемін бүлдіріп алмай, бағыттау менің мойнымда. Менің алдымдағы әрбір оқушы жағылмаған шырақ сынды. Олардың кеудесіндегі көкірек көзінің кілтін тапқан сайын рухымда ұлан асыр той болады да тұрады. Себебі бұл мамандықтың мәні оқушыда деп білемін.

Мен үшін оқушы – қазына. Қазынаға қол жеткізу үшін барымды саламын. Мұғалімге баланың табиғи болмысына құрметпен қарап, оны сол тұрған-болған қалпында қабылдау қиын. Әр баламен жеке тіл табысудан гөрі, бір өңкей тобырға айналдырып алып басқару оңай. Ал мен мұндай жағдайдың орын алуына қарсымын. Себебі оқушының қабілеті көбелек сынды. Оны байқап ұстап алмаса, өлтіріп алу оп-оңай.

Инновациялық әдістердің қай-қайсысы болмасын дұрыс қолданылса, жақсы нәтиже береді. Мен мәселен тұрақты түрде мына әдістерді жиі қолданамын. Қолдану барысында С.Н. Лысенкованың мына пікірін басшылыққа аламын. Олбылай деп жазыпты: «Сабағыңның нәтижелі болуы сыныпта жанға жайлы жағдай жасай алуыңа, адал ниетіңе, көмектесуге әзір тұрушылығыңа байланысты. Ондайда оқушыңыздың жүзі жарқын, өзі еркін, ынталы және ықыласты. Өйткені мұғалімнің назары олардың кемшілігі мен қатесін аңдуға емес, кішкентай ғана жетістігі мен жеңісін байқауға бағытталған». Қысқасы, білімді баланың жаны мен жүрегіне жеткізу үшін өз жүрегімің сыр сандығын ашамын. Сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдерім:

  1. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Оқушыларға мұғалімге түсіндіріп айтқаннан жанындағы көршісіне айтқан жеңіл әрі еркін түрде жеткізе алады.

Әдіс ережесі:

  • сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;
  • одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;
  • оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
  1. «Күту уақыты» әдісі

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.  Бұл әдіс сөздік қоры аз оқушылардың тиімді. Себебі сұраққа мұғалім қойған бетте жауап бергеннен осы әдіс арқылы жауап беру айтарлықтай тиімді.

  1. «Сөйлемді толықтыру» әдісі

Мәселен: Мен бүгін … жаттап алдым.

Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды. Мәселен мына сұрақтар: Неге? Мұны қайдан білесіз? Сіз неге олай ойлайсыз? т.т.

Бұл әдіс арқылы оқушылар жақсы сөйлеуге және өз пікірн дәлелдеп сөйлеуге машықтанады.

Менің сабағымның мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу. Ол үшін жоғарыда қарастырылғандай әдіс-тәсілдерді жиі қолданамын. Бір сабақтың аясында кейде әдістерді оқушылардың өзіне беріп, таңдауға мүмкіндік жасаймын. Бір қызығы оқушылардың өздері таңдаған әдістермен өткен сабақтар өте қызықты әрі белсенді түрде өтеді.  Менің оқушыларымның ең жақсы көретін әдісі «Кезбе тілші». Олар бұл әдісті қолданған күні сыныбымыз шағын түсірілім алаңына айналып кеткенін аңғармай да қаламын.

Мен оқушыларды дәстүрлі сарында оқытып, тәрбиелеу керек екен деп аяқ-қолын матап қоятын сабақтан нәтиже болмайтынын жақсы білемін. Сол үшін мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болу үшін қызықты әдістерге толы сабақтар дайындау керек екенін айтқым келеді.Сабақ үстіндегі тыныштыққа қатаң тәртіп, көп тапсырмамен емес, көп ізденіс, адал еңбекпен ғана жетуге болады. Сабағы қызықты мұғалімнің оқушылары тәртіпті болу қалыпты жағдай деп қабылдайды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *