Педагогтар тұлғасының ұлттық құндылықтарға негізделген жобаларды іске асыру тиімділігі.

 «Тәрбие — білімнің табан тірейтін негізі». Жүсіпбек Аймауытов

 Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы  жариялаған мәліметтерге сүйенетін болсақ, кәмелетке толмағандар арасында ұрлықтың, зорлау және зорлауға оқталу фактілерінің артып келе жатқандығын көрсетеді.

Аталған проблемалардың туындауына ықпал ететін көптеген себептер мен салдарлар бар. Мысалы, Интернеттің ашықтығы, кез келген ақпараттың жылдам таралуы,бала қарайтын видео контенттердің фильтр-лерден өткізілмеуі, ата-аналардың жұмыс пен отбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті сақтамауы бала тәрбиесіндегі жүгенсіздіктің орын алуына ықпал етуде. Осындай отбасына сүйіспеншілдік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқан жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында,. Еліміздің өркендеп дамуы үшін өз ісіне адал, білімді де мейірімді ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді.

   Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнын айқындау мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді

Сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде:

-әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарытуға ықпал ететін дөңгелек үстелдер, пікірталастас, талқылау, рөлдік ойындар, кейстерді шешу және т.б. формада өткізу.

-құндылықтар тәрбие жұмысының нәтижесі ретінде білім алушылардың мінез-құлқы мен тұлғалық қасиеттері арқылы көрініс табуы үшін сынып сағаттарын сындарлы тәсілдеме негізінде ұйымдастырып, интербелсенді формада өткізу ұсынылады;

-сынып сағаттарын мектептің педагог-психологімен бірлесіп өткізу. (Сынып сағатының санын, өткізу жиілігі метеп ішінде дербес анықталады).

             Сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде: Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін сыныптан тыс жұмыстар аясында бірлескен жобаларды ұйымдастыруда. Жобалар ғылыми зерттеулерді, мәдени және тарихи ескерткіштерді зерделеуді көздеуі мүмкін немесе әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталуы мүмкін. Мұндай жобалардың мақсаты – білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бірлескен жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.  тәрбие құндылықтарын жетілдіруге бағытталған  жобалар: «Бал бала», «Әжемнің ертегісі». Экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жоба: «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла». Құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған  практикалық жұмыстардан бастап ғылыми-зерттеуге байланысты  жоба: «Менің елім және менің құқығым» сыныптан тыс іс-шаралвр арқылы білім алушылармен жұмыс түрлері іске асырылуда. 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *