«Отбасы-бақыт мекенім»

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Дүйсенбаева Ақжарқын

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекенім»                                                                                                          Мақсаты: Балалардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Балалардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс   істеу дағдыларын дамыту.

Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу

Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қорғаушы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шаттық шеңбері

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата — анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі.

Бірінші көрнектілік — отбасы, ошақ қасы.

Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.

Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол

қаша береді.

«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», — деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр.

 

Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.

 

Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер.

 

Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.

 

Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.

Үйленуге барсаң, үйретуге барма.

Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.

Бірақ жанды алдамау керек, ол — бала.

Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген

қонаққа да қарап өседі.

Сәбидің Алласы — анасы.

Ата салты дегеніміз — халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты.

Болар бала босағадан.

«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.

Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете

береді.

Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.

Ерке бала есік таңдамайды.

Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.

Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.

Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады.

Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында сынады, жасып сынған

асыл жоқ.

Балалы үйдің есігіне құлып керегі жоқ.

Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы — жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы — барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.

Балалар шаттық шеңберге түрып өлең жолдарын айтып бір-біріне жылыулық таратады

 

 

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді»

 

Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана.

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.

Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете

береді.

 

Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.

 

Ерке бала есік таңдамайды.

 

Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.

 

 

 

 

Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

 

 

Түп қазығың — Отаның, ар — намысың — тілің, кәусар бұлағың — ұстазың, қамқоршың — әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты

 

 

 

Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді.

Рефлексті

коррекциялаушы

Қорытындылау
— Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата — әжеміз, аға — әпкеміз, іні — қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Балалардың жауаптары Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді.

  

 Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *