Ормандағы дыбыстар «Бауырсақ ертегісі».

Тақырыбы: Ормандағы дыбыстар «Бауырсақ ертегісі».
Мақсаты: 
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, ертегіні есінде сақтауға, сахналауға, орман дыбыстарын тыңдай білуге, айтуға үйрету.

 Білімділік: Орман аңдарына байланысты түсініктерін толықтыру және бекіту.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын ойын арқылы байыту.

Тәрбиелік: Татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ұйымдас­тыру кезеңі.

Балалардың барлығы шеңберге тұрып бір­ — біріне сәттілік  тілейді.

Мына  сұлу әлемде,   

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Қанебалалар қараңдаршы бізге көп қонақ келген екен, ендеше қонақтармен аман-дасайық.

Амандасу үлкенге ,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қанеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме?!

Ал балалар, біз қайда келдік?

Орманға!

Құстардың, аңдардың дыбыстарын үн таспадан қою.

-Балалар, ненің дауыстарын естіп тұрсыңдар?

-Құстардың, аңдардың.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Орман ауасы қандай екен? Ендеше балалар, таза ауамен тыныс алайық.

Тыныс алу жаттығуы.

«Мұрынмен тыныс алып, ауыздан шығарайық».

-Жарайсыңдар, балалар!

Ормандағы қауіпсіздік ережелерін де ұмытпайық, балалар. (суретпен жұмыс)

-Орманда отпен ойнауға болмайды.

-Бір – бірінен алысқа кетуге болмайды.

-Қоқыс тастамау керек, ластамау керек.

-Ағаштарды сындыруға болмайды.

-Улы саңырауқұлақ жемеу керек. Суретке қараңдар Мухамор деген саңырауқұлақ улы болады, оны жеуге болмайды.

Соған байланысты ойын ойнап жіберейік. Пайдалы және зиянды саңырауқұлақтарды жинап, ажыратуларың керек.

Ойын: «Саңырауқұлақ жинау»

Шарты: Пайдалы және зиянды саңырауқұлақтарды жинап, ажыратулары керек.

-Балалар, мүмкін орманда бізден басқа біреулер бар шығар. Дауыстап көрейік.

Жаттығу: «Жаңғырық» (қолдарына жуан түтікше беру керек)

Шарты: Аууууу, аууууу деп жаңғырық шығару.

Мақсаты: Естіп қабылдауды дамыту.

-Балалар, орманда қандай аңдар өмір сүреді екен?

Балалардың жауабын тыңдау.

-Ненің дауысы шығып жатыр? Жан – жағымызға қарайықшы. Ненің дауысы екен ? Аю. (аюдың киімін киіп, бір маман ары – бері жүреді).

-Балалар, аю қайтіп жүреді? Жүрісін келтірейікші. Аю сияқты қорбаңдап жүрейікші.

-Балалар анау алыстан шығып жатқан ненің дауысы?

-Дұрыс қасқыр. Қасқыр қалай дыбыстайды? АУУУУУУ. Ашуланғанда ше? ЫРРРРР.

-Жарайсыңдар. Балалар! Орманда жабайы аңдар көп екен.

-Ал қанекей балалар, менімен бірге қайталаңдар.

Ыр-ыр-ыр, ырылдайды қасқыр.

Ю-ю-ю, қорбаңдайды аю.

Кі-кі-кі, бүлаңдайды түлкі.

Ян – ян – ян, қорқады қоян.

-Жарайсыңдар, балалар! Алдымыздан нені көріп тұрсыңдар?

-Көлшік (артикуляциялық жаттығу жасау)

— Көлшікте бақа отыр. Бақа қайтеді ква-ква және жымияды. Бақаның арғы жағында, жағалауында өсіп тұрған қандай өсімдік?

-Саңырауқұлақ.

-Қандай керемет саңырауқұлақ, біз саңырауқұлақ жаттығуын қалай жасаушы едік? Тілімізді таңдайға жабыстырып 5 – ке дейін ұстап тұру.

Балалар, ертегі — сөзін естігенде қандай ой келеді, көз алдарына не елестетесіңдер? Ормандағы қандай ертегілер білесіңдер? «Үйшік», «Қызыл телпек» және ең жақсы білетін ертегі «Бауырсақ».
Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
«Бауырсақ» ертегісін тамашалайық.
Ерте, ерте, ертеде…. бір ата мен әже болыпты
Атасы: — кемпір — ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.
Атасы:— қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.
Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды.( іс — әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап кетеді…
Орман ішіне домалап келе жатып, қоянды көреді.

Қоян: (дыбысы)- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: — жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Ападан да қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: — қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы, бірақ менің көңіл – күйім мүлдем жоқ. Менің аспаптарым өте көп, бірақ менімен бірге ойнайтын ешкім жоқ.

Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, қоянның көңіл – күйін көтеруге көмектесемізбе?

-Көмектесеміз!
Ойын:  «Қоянмен аспапта ойна».

Шарты: Балалар музыкалық аспаптармен ойнап, қоянның көңіл – күйін көтерейік. ( Мен сендерге әр түрлі аспап беремін, сендер сол аспаппен ойнауларың керек).

Бауырсақ:— рақмет, балалар сендерге.
Бауырсақ домалап келе жатып, алыстан бір дыбыс естиді.

Балалар қандай дыбыс, бұл қай жануардың дыбысы?

Әрине қасқырдың.

Домалап келе жатқан бауырсақты, қасқыр ұстап алады.

 Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: — жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ, менің қарным аш, маған азық тауып бер.

Ал кәнекей балалар, қасқырдың ең сүйікті азығы не? Әрине қоян, олай болса қасқырға қояндарды ұстауға көмектес.
Қимылды ойын: «Қоянды ұста»

Шарты: Бауырсақ және балалар шеңберге тұрады, ортасында секіріп жүрген қояндар, қасқыр шеңберді бұзып қояндарды ұстауға ымтылады, бірақ балалар қоянды жегізбейді.

Жарайсыңдар балалар!

Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп қашып келе жатқанда, ақырған жануардың дауысын естиді.

Ол ненің дауысы, дұрыс аюдың, қайталайықшы балалар, ал жүрісі қандай болады?

Дұрыс, қорбаңдаған.

Домалап келе жатса, алдынан балық аулап отырған аю кездеседі.
Аю: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін
— ападан да қаштым, атадан да қаштым,
сенен де аю қашып кетемін.
Аю: Менің қарным аш, мен сені жеймін!

Балалар, бауырсаққа көмек беріп, балық аулап отырған аюдың қарнын тойдырамыз ба?

Ойын: «Балық аулау»

Шарты: Бассейн ішінде су, судың ішінде балықтар. Сол балықтарды аулап, аюға сиға тарту.

-Аю қатты қуанып, өз жайымен кетеді.

Бауырсақ домалап келе жатып, алдынан түлкіні кездестіреді.

Түлкі: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып беремін
— ападан да қаштым, атадан да қаштым,
сенен де түлкі қашып кетемін, деп жатқанда….

Түлкі: Бүгін досым тиынның туылған күні еді, маған шырша түбінде шашылып жатқан жаңғақтарды жинауға көмектессең, мен сені жайыңа қалдырамын.

Ойын: «Жаңғақ жинау»

Шарты: Бауырсақ балалармен бірге түлкіге жаңғақ жинауға көмектеседі.

Жарайсыңдар, балалар!

Ендігі кезекте бауырсақпен бірге кім жылдам жалаушаларды жинайды ойынын ойнайық.

Ойын: «Жалауша»

Шарты: Бауырсаққа балалар жалаушаларды түсіне қарай жылдам жинауға көмектесулері керек.

Жарайсыңдар балалар!

Бауырсақ ары қарай өз жайымен домалап кете береді……

Осымен бауырсақ ертегісі аяқталды.
-Жарайсыңдар, балалар!

Қорытындылау:

-Балалар, орманда қандай аңдар тұрады екен?

-Дұрыс, орманда қасқыр, түлкі, аю басқа да аңдар тұрады екен. Саяхат барысында олармен кездестік те.

-Оларға қандай көмек көрсеттік?

-Олар қалай дыбыстайды екен?

Балалар, олардың мекендейтін орнын тауып, сабағымызды аяқтайық.

«Орман аңдарының мекендейтін орнын тап»

Шарты: Аюдың апанына суретін жабыстыру керек, ағашқа тиынның  суретін жабыстыру, құстың ұясына суретін жабыстыру.

Жарайсыңдар, балалар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *