Мәңгілік ел

Оразова Г.О.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған  жолдауында «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Оларман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты  ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ  –  мәңгілік қазақтың  перзенті. Ендеше, қазақ елінің  ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деді.

«Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ  тәрбиесіне баса мән берілген. Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттігі. Жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілгені абзал. Оның ішінде рухани – адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру бағытындағы іс-әрекеттер кіріктірілген. Бала-бақша қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу. Ұлттық құндылықтардың оның ішінде салт-дәстүр минтаритет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағида болуы қажет. Мұхтар Шаханов айтқандай төрт анна үшін күресуге белді бекем буған  ұрпақ ел үшін аянбайды. Қазіргі кезде күрделі мәселенің бірі болып отырған анна тілі де  бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру баршамыздың  міндетіміз.

Ел басы айтқан анна тіліміз мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналу үшін бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз қажет. Әсіресе қазақ тіліндегі басты қасиеттер мен құндылықтарды сәби жүрегінен шыққан пікірменде санасып отыру қажет. Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың басты құралы екенін ұмытпағанымыз абзал. Тарихи оқиғалар әсіресе отаншылдыққа бағытталған ізгілікті істердің мазмұнын үнемі тәжірибие мен ұштастыра отырып, бала бойына сіңіру қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Осыған орай баланы ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілері мен сусындатып, оның мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу қажет.

Мәңгілік ел идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін екенін ескерсек, еліміздің мәңгі болуы жолында халқымыздың гүлденуі басты орында. Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар өткізу қажет.Балалардан «не үйрендің?,қайсысы саған қызықты болды? »т.б.сұрақтар жиі қойылуы шарт.

Қорыта келгенде елбасымыз айтқандай «Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар». Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз шарт.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *