Міржақып-өміріне саяхат!

Кәрібек Балауса

Тақырып: Әлемдік саяси қайраткер, Міржақып Дулатұлы

Қазақ халқы тарихының қайбір аласапыранына көз жүгіртсекте 20ғасырдың 30-жылдары әкелген зұламатпен теңдесер қасіретті табу қиын. Сонау 20ғасырды еске алатын болсақ алаш зиялылары еске түсері анық. Соңын ішінде партияға төрағалық еткен,негізін салушы Міржақып Дулатұлының өмірі жайлы баяндаймыз

Міржақып Дулатұлы 1885жылы қарашаның 25-ші жұлдызында дүниеге келген қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, алаш зиялыларының бірі. Туған жері қазіргі Қостанай обылысы Жанакелді ауданыына қарасты «Қызбел» ауылы. Міржақыптың әкесі сол замандағы өз ауыл-аймағынына аты шықан өз ісінің шебері болған. Ал, анасы-Дәмеш ойын-күлкінің адамы, әнші кісі болған. Дулат балаларын жастайынан оқуға береді. Бала Міржақып ауыл молдасынан 2жыл білім алып хат таниды 5-жыл ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып анасынан 2жасында, әкесінен 12жасында айырылып ағасы Асқардың тәрбиесінде болды. Дәл осы заматта патша үкіметі халыққа қысым көрсетіп жатқан кезі болатын. Бұл жағдай сол замандағы қазақтың көзі ашық, оқыған, сауаты азаматтарына іздеу салады. Өз бетінше талпынып, білім жинаған Міржақып зұламат күндердің келе жатқаның сезеді. Осындай күрделі кезенде, Міржақып 1904жылы Омбы қаласына келіп Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейін А. Байтұрсынұлымен есімі қатар айтылып, қазақ даласын шарлайды. 1907жылы Петербургте шықан «Серке» газетіне»Жастарға»деген өлеңімен қатар, жасырын атпен «Біздің мақсатымыз» атты мақала жариялайды. Мақала сол мезеттегі қазақ халқының қиыншылығының себебін жазады. Бұл әрине патша үкіметіне ұнамайды. Тұтқындамақ болады, бірақ жасырын аттың иесін таба алмайды. 1909жылы М. Дулатұлы «Оян қазақ» атты өлең жинағын шығарады. Бұл жинақта патша үкіметіне ұнамайды 1911жылы М. Дулатұлы Семей түрмесіне тұтқынға түседі көп ұзамай 1жыл8 айдан кейін тұтқынан босатылады.Түрмеден шыққан соң, 1911жылы «Айқап» журналына соңмен қоса «Қазақ» газетіне шығармаларын жариялайды. Көп ұзамай «Қазақ» газеті жабылады. 1916жылы қазақ халқының ашаршылықтан зардап шегіп жатқанын көріп, Міржақып тарихтағы алғашқы қор құрады. Содан бастап халық арасында Міржақыптың атты кеңінен тарай бастайды. 1922жылы қайта жазықсыз тұтқындалады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926жылыдар аралығында Орынбордағы институтының оқытушысы болады. 1928 жылыдың аяғында қамауға алынып, он жылға сотталады. Міне осылайша «Көзіңді аш оян қазақ көтер басты» деп жырлаған ақын 1935жылы 5-ші қазанда тұтқында қайтыс болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *