МІНЕЗДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ (Г. Шмишек, К. Леонгард)

4 курс студенті: Құрманәлі Ә.Е.

Оқытушы: Болтаева А.М.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

 

МІНЕЗДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ (Г. Шмишек, К. Леонгард)

Г. Шмишек, К. Леонгардтың сауалнамасы жеке тұлғаның акцентуация түрін диагностикалауға арналған. 1970 жылы Г. Шмишек жариялады және «К.Леонгардтың тұлғаның акцентуациясын зерттеу әдістемесінің» модификациясы болып табылады. К. Леонгардтың пікірінше, акцентуация-бұл әр адамға тән жеке қасиеттер.

Мақсаты: тұлғаның мінезінің акцентуациясын анықтау.

Тест 88 сұрақтан тұратын 10 шкаладан құралған. «Иә» және «жоқ» жауаптарының 2 нұсқасы беріледі. («+» немесе «-» таңбаларымен белгіленеді.)

Шкалалар сипаттамасы.

  1. Әсірешіл тип (гипертим). Шкала бойынша жоғары баға іске деген құмартуының негізінде көңіл-күйінің көтеріңкі болуы, тым белсенділік, пысықтық.
  2. Еліккіш тип. Бұл типтін негізгі белгісі — тым албырттық, әуестігі мен тануы әлсіз.
  3. Сезімтал тип. Бұл сезімтал және әсірешіл, адамның рухани өмірінің нәзік жақтарына терең әсіреленуімен сипатталады.
  4. Педантты (нанымшыл) тип. Жоғары баға психологиялық процестерінің селқос бәсеңдігін көрсетеді, қолайсыз жайлар оны жасытады.
  5. Мазасызданғыш — қорқақ тип. Негізгі қасиеті — үрейге деген бейімділігі, қорқақтығы, үркектігімен сипатталады.
  6. Циклотимді тип. Бұндай жандардың жоғары баға шкаласы әсірешілдігі мен дистімді түрге өзгеруіне сәйкестенеді.
  7. Демонстративті (қыр көрсеткіш) тип. Шкала бойынша жоғары баға ығыстырғыш, қыр көрсеткіштігін көрсетеді.
  8. Тоқыраған тип. Өте бағалы идеяларының қалыптасуына ызасын аса бір табандылықпен керсетуімен сипатталады.
  9. Дистимді тип. Гипертимді тұлғаға қарама-қарсы, көңіл-күйінің төмендігімен сипатталады, өмірінің көлеңкелі жағын идеоматорлы бекітуі кенжелеуі.
  10. Экзальтталған тип. Бұндай жандарға сезімталдықтарының құбылмалылығы тән; жағымды жаңалықтардың әсерінен көңілденуі жылдам мұңаюға ауысады.

Нұсқау: «Сізге жеке басыңыздың әртүрлі аспектілеріне қатысты 88 сұраққа жауап беру ұсынылады. Жауап парағына келіссеңіз «+» (иә) немесе келіспесеңіз «-» (жоқ) белгісін қойыңыз. Тез жауап беріңіз, ұзақ ойланбаңыз».

Әдістеменің мәтіні:

  1. Әдетте сен сабырлысың, көңілдісің.
  2. Тез ренжіп, ашуланасың.
  3. Тез жылап қаласың.
  4. Жұмысыңда қате жоқ екенін бірнеше рет тексересің бе?
  5. Өз сыныптастарың сияқты күштісің бе?
  6. Қуаныштан көңілсіздікке немесе керісінше тез ауыса аласың ба?
  7. Ойында басшы болуға құмарсың ба?
  8. Бостан босқа бәріне де ашуланатын кездерің бола ма?
  9. Сенімді адаммын деп ойлайсың ба?
  10. Мұғалімнің тапсырмасын барлық уақытта тиянақты орындайсың ба?
  11. Жаңа ойын ойлап таба аласың ба?
  12. Біреуді ренжіткенің туралы тез ұмытасың ба?
  13. Мейірімдісің бе, басқаның қайғысына ортақтасасың ба?
  14. Пошта жәшігіне хатыңды салған соң, дұрыс салғаныңды тексересің бе?
  15. Мектепте, үйірмеде, спортта ең үздік болуды ұнатасың ба?
  16. Кішкентай кезіңде найзағайдан, иттен қорқып па едің?
  17. Балалар сені тым ұқыпты немесе тым белсенді санай ма?
  18. Үй жұмысы және мектеп жұмысы сенің көңіл-күйіне байланысты ма?
  19. Сені көп таныстарың жақсы көреді деп айтуға бола ма?
  20. Сенде кейде мазасыз ойлар бола ма?
  21. Сәл көңілсіздік бола ма?
  22. Қайғыру кезінде қатты жыладың ба?
  23. Бір орында ұзак болу саған қиын ба?
  24. Кінәсіз жазғырса, өз құқығын үшін күресесің бе?
  25. Ашатаяқпен (рогатка) мысықты атқан кезің болды ма?
  26. Перде немесе дастархан қисық ілініп тұрса, ол сені тітіркендіре ме?
  27. Кішкентай кезіңде үйде жалғыз қалуға қорықтың ба?
  28. Себепсіз саған көңілділік немесе көңілсіздік кезі бола ма?
  29. Сыныпта ең үздік оқушысың ба?
  30. Жиі-жиі асыр сап, тентектік іс жасайсың ба?
  31. Жылдам ашуланып қалу сенде болды ма?
  32. Кейде өзінді өте бақытты сезінген кезің болды ма?
  33. Балалардың көңілін көтере білесің бе?
  34. Біреуге оның өзі туралы не ойлайтыныңды айта аласың ба?
  35. Қан көруден қорқасың ба?
  36. Мектептегі тапсырмаларды шын көңілмен орындайсың ба?
  37. Біреуді босқа кінәласа, сен оған болысасың ба?
  38. Бос, қараңғы бөлмеге кіру саған ыңғайсыздық тудыра ма?
  39. Саған тез, бірақ қалай болса солай істелген іс ұнай ма, әлде баяу, бірақ дұрыс орындалған іс ұнай ма?
  40. Адамдармен тез таныса аласың ба?
  41. Ертеңгіліктерге, кештерге белсенді қатысасың ба?
  42. Үйден қашқан кезің болды ма?
  43. Балалармен, мұғалімдермен ренжісіп, сабаққа келмеген кезің болды ма?
  44. Өмір саған қиын болып көріне ме?
  45. Өзіңнің сәтсіздігіне күлген кезің болды ма?
  46. Сенің кінәңсіз болған реніш үстінде татуласуға тырысасың ба?
  47. Жануарларды жақсы көресің бе?
  48. Үйден шығып кеткеннен соң, барлығының дұрыс екенін қайта тексеруге келген кезің болды ма?
  49. Сенің өзінде немесе туыстарыңа бір нәрсе болатын сияқты сезім бола ма?
  50. Ауа-райына сай көңіл-күйің өзгере ме?
  51. Сұрақтың жауабын біліп тұрсаң да жауап беру қиын ба?
  52. Біреуге ашулансаң, онымен төбелесе кетесің бе?
  53. Балалармен бірге болу саған ұнай ма?
  54. Бір істің орайы келмесе, ол үшін уайымдайсың ба?
  55. Жұмыс немесе ойын ұйымдастыра аласың ба?
  56. Мақсатыңа қиындық туса да жетуге тырысасың ба?
  57. Кинодан, кітаптан қайғылы оқиғаға жылап па едің?
  58. Бір оқиғадан кейін ұзақ ұйықтай алмайтын кезің бола ма?
  59. Басқаға кешіртуге немесе сабақ айтуға көмектесесің бе?
  60. Қараңғы көшемен жалғыз жүруге қорқасың ба?
  61. Әр заттың өз орнында тұруына көңіл бөлесің бе?
  62. Жақсы көңілмен ұйықтасаң да, көңілсіз оянған сәтің бола ма?
  63. Бөтен балалардың ортасында өзіңді еркін сезінесің бе? (жаңа сыныпта, лагерьде, т.б.)
  64. Басың ауыратын сәт жиі бола ма?
  65. Жиі күлесің бе?
  66. Сыйлағың келмейтініңді оған сездіресің бе?
  67. Бір күнде әр түрлі істер тындыра аласың ба?
  68. Сені босқа жазғыру жиі бола ма?
  69. Табиғатты сүйесің бе?
  70. Үйден шығарда немесе ұйықтар алдыңда есіктің кілттенуін, жарықтың өшірілуін тексересің бе?
  71. Өзіңді қорқақпын деп санайсың ба?
  72. Драмалық үйірмеде, сахнада өлең оқуға, ойнауға қатыстың ба?
  73. Себепсіз нашар көңіл-күймен әңгімеге араласқың келмеген кезің болды ма?
  74. Болашақ туралы көңілсіздікпен ойлаған кезің болды ма?
  75. Адамдармен тез ренжісіп қаласың ба?
  76. Қуаныштан сағынышқа кенет ауысқан сәтін болды ма?
  77. Қонақтарыңды көңілдендіре аласың ба?
  78. Ұзақ уақыт бойы ашуланып, өкпелейсің бе?
  79. Достарыңның қайғысына ортақтасасың ба?
  80. Қатеге немесе шимайға бола басқа бетке кешірген кезің бола ма?
  81. Сенбеушілік кезің болды ма?
  82. Қорқынышты түстерді жиі көресің бе?
  83. Терезеден секіру немесе машинаның астына түскің келген сәттерін болды ма?
  84. Жаныңдағылар көңілдерін кетеріп жатса, сен де көңілденесің бе?
  85. Сенде сәтсіздік болса, оны үнемі ойлай бермей, уақытша болса да ұмыта аласың ба?
  86. Ойламаған жерден өзіңді ұстай алмай, жеңілтектік танытасың ба?
  87. Әдетте сен көп сөйлемейтін, үндемейсің бе?
  88. Драмалық қойылымдарда өз рөліңді сахнада өзіне ұқсамайтын тұлғада ойнай аласың ба?

Жауап парағы

А.Т.Ә._________________________________________________________________

Жасы______________________

Білімі______________________

Жауап Жауап Жауап Жауап
Иә Жоқ Иә Жоқ   Иә Жоқ   Иә Жоқ
1     23     45     67    
2     24     46     68    
3     25     47     69    
4     26     48     70    
5     27     49     71    
6     28     50     72    
7     29     51     73    
8     30     52     74    
9     31     53     75    
10     32     54     76    
11     33     55     77    
12     34     56     78    
13     35     57     79    
14     36     58     80    
15     37     59     81    
16     38     60     82    
17     39     61     83    
18     40     62     84    
19     41     63     85    
20     42     64     86    
21     43     65     87    
22     44     66     88    

 

Нәтижені өңдеу:

Шкала бойынша ұпай саны («-» белгісі бар жауап есептелмейді) саналады. Акцентуация типі ұпай санын коэффицентке көбейту арқылы шығарылады. Анықталған көрсеткіш 12 ұпайдан асса есептелінеді.

Шмишек тестінің кілті:

Кілтімен берілген сұраққа сәйкес келген жауапқа 1 ұпай беріледі.

  1. Демонстративті (қыр көрсеткіш ) тұлға:

+ 7, 19, 22, 29, 41, 44, 63, 66, 73, 85, 88.

-51.  жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Тоқыраушылық (застрев.):

+, 2, 15, 24, 34, 37, 56, 68, 78, 81.

-12, 46, 59. жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Педантты (нанымшыл тұлға)

+: 4, 14, 17, 26, 39, 48, 58, 61, 70, 80, 83.

— : 36.         жауап саны 2-ге көбейтіледі.

4 Еліткіш (возбудит.)

+: 8, 20, 30, 42, 52, 64, 74, 86.  жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Әсірешіл (гипертимді тұлға).

+: 1, 11, 23, 33, 45, 55, 77.

-: 67.  жауап саны 2 — ге көбейтіледі.

  1. Дистимді:

+: 9, 21, 43, 75, 87. жауап саны 2 -ге көбейтіледі.

  1. Мазасыздық (мазасыз тұлға).

+: 16, 27, 38, 49, 60, 71, 82.

— 5:   жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Шаттану (шаттанғыш, аффектно-экзальтиров)

+: 10, 32, 54, 76.  жауап саны 2 -ге көбейтіледі.

  1. Эмотив — сезімшіл

+: 3, 13, 35, 47, 57, 69, 79.

-: 25 жауап саны 2 — ге көбейтіледі.

  1. Циклотимдік (қадалғыш тұлға)

+: 6,18, 28, 40, 50, 62, 72, 84. жауап саны 2-ге көбейтіледі.
леонгард тестінің кілті:

  1. Әсірешіл (гипертимді тұлға).

× 3 +:1, 11, 23, 33, 45, 55, 77.

-: 67.

  1. Тоқыраған (застрев.)

x 2 +: 2, 15, 24, 34, 37, 56, 68, 78, 81.

— : 12, 46, 59.

  1. Эмотивті — сезімтал

x 3 +: 3, 13, 35, 47, 57, 69, 79.

— : 25

  1. Педантты (нанымшыл тұлға)

x 2 +: 4, 14, 17, 26, 39, 48, 58, 61, 70, 80, 83.

-: 36.

  1. Мазасыздық (мазасыз тұлға).

x 3 +: 16, 27, 38, 49, 60, 71, 82.

-: 5.

  1. Циклотимдік (қадалғыш тұлға)

x 3 +: 6, 18, 28, 40, 50, 62, 72, 84.

-: жоқ.

  1. Демонстративті (қыр көрсеткіш) тұлға:

х 2 + : 7, 19, 22, 29, 41, 44, 63, 66, 73, 85, 88.

— : 51.

  1. Еліткіш (возбудит.)

x 3 +: 8, 20, 30, 42, 52, 64, 74, 86.

-: жоқ.

  1. Дистимді :

x 3 +: 9, 21, 43, 75, 87.

-: 31,53,65.

  1. Экзальтталған:

x 6 +: 10, 32, 54, 76.

— : жоқ.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Nurken:

    жауабын түсінбедім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *