Мен саған есірткі туралы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.. XXI ғасырдың ең ауыр дерті- жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі болып отыр. Әлемде жасөспірімдер арасында суицид байынша 3 орындамыз,жылына 4000 жуық адам өз — өзіне қол жұмсайды. Аңғарып қарасаңыз мұның артында да синтетикалық есірткі жатыр. Қазіргі таңда әлемде есірткі пайдаланушылардың саны 200млн жеткен. Ал еліміздегі жастардың 60% есірткіге тәуелді. Сондай -ақ әлемде есірткіден көз жұмғандар саны бойынша еліміз 33 орынға тұрақтады. Осындай көрсеткіштерден кейін түрлі сұрақтар туындайды.Есірткінің қандай түрлері бар және зияны қандай? Жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі неден туындайды? Сонымен қатар есірткімен ұсталған жасөспірімдерге заң қандай жаза қолданады? Есірткі-жүйке жүйесіне әсер ететін,сезгіштік қабілетінен айыратын және жансыздандыратын зиянды өнім.Есірткіні ең алғаш , зерттеу жұмысын жүргізу үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Есірткі көптеген мемлекеттерде әртүрлі түсіндірмелер мен берілген. Ғылымға сүйенсек бұл термин әдетте есірткі анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатқызылады. Бұл аты жаман нәрсенің де көптеген түрлері бар . Олар: токсикомания, марихуана, героин, кокаин, экстази т.б. Егерде осы терминдерді бір жерден естісеңіз ол жерден аулақ болыңыз. Себебі , жасөспірімдердің есірткіге тәуелді болуы өз ортасының дұрыс болмауынан. Яғни , белгілі бір жасөспірімдер ортасына, есірткінің шырмауына түскен адам қосылып, олармен достасып алады, кейіннен басқаларына есірткіні тұтынып көруді ұсынады. Жалпы, елдегі келеңсіз, кері әрекеттерді қалыпқа келтіруге бәріміз бірге жұмыла атсалысуымыз қажет. Бірлік болмаған жерде ешқашан іс бітіп,оңалмайды.Сондықтан еліміз үшін, өзіміз үшін, болашағымыз үшін күресуіміз керек. Еліміздің дамуы үшін бұлда маңызды. Ең бастысы өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып алмаңыз.

#УПНДПКЗО

Серікова Замира

66 орта мектеп

9-сынып оқушысы

Шөмішкөл ауылы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *