Менің президентім

Тақырыбы:Менің президентім
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, еңбектерімен таныстыра отырып қызығушылықтарын ояту.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Білімділік: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді қастерлеуге бағыттау
Дамытушылық: Нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Тәрбие түрі\бағыты: Рухани-адамгершілік, ұлттық
Көрнектілігі: Елбасы портреті, елбасының қанатты сөздері
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, постер қорғау
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағатының барысы:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
— Оқушылар, біздер қандай әнді орындадық?
Оқушылар: ҚР Мемлекеттік Әнұранын.
3. «Сиқырлы сандар » ойыны
1. Отанды сүю — от басынан басталады.
2. Отан оттан да ыстық.
3. Ел іші — алтын бесік.
4. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
5. Әркімнің өз жері — жұмақ.
6. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болма

— Н.Ә.Назарбаев кім
1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі? /қазақ тілі/
2.Қазақстан Республикасының рәміздері:/елтаңба, ту, әнұран/
Қазақстан халқының ұлттық валютасы: / теңге/
Қазақстанның бас қаласы: /Астана/
Әнұран қалай айтылады? /қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/
7 .Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі? /ту/
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім/Т. Әубәкіров/
Сен білесің бе ?
Отбасы және балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
10. Қорытынды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен тәрбие сабағымызды аяқтаймыз. Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *