Менің мамандығым-тәрбиеші

Алиева Аяулым Айтмухамбетовна

           Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым.

           Тәрбиешінің жұмысын жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.

          Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай, оларды жақсы көремін. Әр істеріне, сөздеріне түсінушілікпен қараймын.

         Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап, балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі.

        Мен, №120 мемлекеттік тілде оқытатын этно-мәдени тәрбие беру орталығы-сәбилер бақшасында 4 жыл еңбек етудемін

        Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп, жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

         Біз балаларымызға ертегімен, өлең жолдарымен, өзіміздің сиқырлы қорымызбен ақыл айтуымыз керек. Балабақшада тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

        Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық баулуға, тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.

         Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болды. Бұл еңбектен жалықпаймын деп сенемін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ,бәрінен де жарқ етіп,есте қалғаны-біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім.

         Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам,кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін.Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балаларымның маған деген ықыласын,маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

        Мен- әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге халқымның бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

        Ұлы педагог Г.Песталоцци «Егер де сүйе білмесең тәрбиелеу құқыған жоқ», деген екен. Мен кішкентай балаларды өте жақсы көремін, өз балаларым сияқты санаймын.

       Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінің ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

      Әр бір сабақ мен үшін маңызды, өйткені басқа сабақтардан өзгеше.Оларды өткізу менің бірінші педагогиқалық бақытым. Екінші бақытым ол менің мектепке дейінгі балаларым. Оларға білім беріп, жақсылыққа үйрету менің үшінші бақытым.

    Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *